«Информатика» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация 7-сынып



бет1/11
Дата11.12.2019
өлшемі0,7 Mb.
#53469
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ТС Информатика 7класс каз

/0/……………….,,

0000000000

.
G, c `` XJ122

1

67X


«Информатика» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған спецификация
7-сынып

Мазмұны


  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3

  2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3

  3. Күтілетін нәтижелер 3

  4. Ойлау дағдыларының деңгейі 4

  5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу.. 5 6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері 5

7. Модерация және балл қою 5

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СПЕЦИФИКАЦИЯ 6

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СПЕЦИФИКАЦИЯ 13

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СПЕЦИФИКАЦИЯ 20

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СПЕЦИФИКАЦИЯ 27

1са. нТобқойынша жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.


  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.



  1. Күтілетін нәтижелер


Білу:

-ақпаратты өлшеу бірліктерін;



    • компьютерлік желілердің жіктелуін;

    • берілгендер типінің жіктелуін;

    • моделдеу ортасының негізгі модификаторлары мен элементтерін.


Түсіну:

    • компьютерлік жады түрлерінің қызметін (ЖЕСҚ, ТЕСҚ, СЕСҚ, кеш-жады);

    • нақты әлем нысандарын моделдеу.


Қолдану:

    • ақпаратты бір өлшем бірлік түрінен басқа түріне аудару дағдысын;

    • бағдарламалау тілінде алгоритм жазу дағдысын;

    • кіріктірілген бағдарламалау ортасында сызықтық және тармақталған алгоритмдерді жазу дағдысын;

    • моделдеу ортасында нысандарды құру үшін құралдарды;

    • 3D моделді құру үшін примитивтерді және модификаторларды.


Талдайды:

    • бірдей ақпаратты сақтаған түрлі форматтағы файлдар өлшемін;

    • 3D-редакторларда нысан моделдерін;

    • модель құру кезіндегі примитивтерді.


Синтездеу:

    • тармақталған, сызықтық алгоритм түрінде көрсетілетін ақпаратты;

    • есепті шешу реттілігін;

    • алгоритмді жазу түрін таңдау.


Бағалау:

    • енгізу және шығару берілгендерін анықтау және тестілеу арқылы есепті шешу нәтижелерін;

    • компьютерлік моделдің нақты нысанға сәйкестігін.

4а.уОдайғлдыларының деңгейі





Ойлау дағдыларының деңгейі


Сипаттама

Ұсынылатын тапсырмалар түрлері

Білу және түсіну

-ақпаратты өлшеу бірліктерін біледі;

  • компьютерлік жады түрлерінің қызметін (ЖЕСҚ, ТЕСҚ, СЕСҚ, кеш-жады) сипаттайды;

  • компьютерлік желілердің жіктелуін;

  • берілгендер типінің жіктелуін біледі;

  • моделдеу ортасының негізгі модификаторлары мен элементтерін біледі.

  • 3D моделдеуге өмірден мысал келтіре алады;

Дәрежесін бағалау үшін се қысқа жауапты (ҚЖ) немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмалар қолдану ұсынылады



Қолдану


  • ақпаратты бір өлшем бірлік түрінен басқа түріне аударады;

  • мәтіндік процессорде кесте элементтерін пішімдейді;

  • электронды кестеде шартты пішімдеуді қолданады;

  • электронды кестеде диаграмма құрады;

  • бағдарламалау тілінде алгоритм жазады;

  • кіріктірілген бағдарламалау ортасында (С/С++, Python, Delphi, Lazarus) сызықтық және тармақталған алгоритмдерді жазады;

  • моделдеу ортасында нысандарды құру үшін құралдарды қолданады;

  • 3D моделді құру үшін примитивтерді және модификаторларды қолданады.

Дәрежесін бағалау үшін се қысқа жауапты (ҚЖ) немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмалар қолдану ұсынылады


Жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау)



  • бірдей ақпаратты сақтаған түрлі форматтағы файлдар өлшемін салыстырады;

  • есептің шартын талдайды және оған сәйкес алгоритм түрін таңдайды;

  • енгізу және шығару берілгендерін талдайды және берілгендер типін анықтайды;

  • алгоритмді талдайды және қосымша интерфейсін құру үшін қажетті компоненттерді таңдайды;

  • нақты және елестетілген нысандар мен үдерістерті зерттеу үшін компьютерлік моделдерді талдайды;

  • 3D-редакторларда нысан моделдерін талдайды;

  • модель құру кезіндегі примитивтерды талдайды;

  • компьютерлік моделдің нақты нысандармен сәйкестігін бағалайды.

Дәрежесін бағалау үшін се қысқа жауапты (ҚЖ) немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмалар қолдану ұсынылады



  1. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу




Тоқсан

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

I

70%

20%

10%

II

30%

50%

20%

III

20%

40%

40%

IV

50%

30%

20%




  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын нұсқаулық оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын хабарлап отыру қажет.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет