3-слайд Презентацияны құру диалогтік терезесі
Диалогтік терезенің сол жағындағы командалар жиыны фрейм деп аталады.
Фреймде презентация құрудың мүмкін жолдары берілген. Солардың ішіндегі ең бастылары:
Установленные шаблоны - программада бар шаблондар жиыны көрсетіледі.
Орнатылған темалар - программада бар темалар (безендіру дизайндары) жиыны көрсетіледі.
|
4-слайд Шаблондар
Презентацияның шаблонын таңдап, презентацияны сол шаблон негізінде құруға болады. Бұл уақытты үнемдеуге және тек қана жетпейтін мәтін мен графиканы енгізу арқылы жақсы презентацияны құруға көмектеседі.
Егер өзіңіз шаблон құрсаңыз, онда сол шаблонды кейін Менің шаблондарым тізімінен таба аласыз.
|
5-слайд Темалар
Орнатылған темалар - ды таңдағанда диалогтік терезенің оң жағында темалар көрсетіледі. Теманы таңдап, сол тема негізінде презентацияны құрсаңыз болады.
Тема (безендіру дизайны)- презентация слайдтарының сыртқы түрі: слайдтың түстік схемасы, графикалық объектілер мен орынтолтырушыларды орналастырудың слайдтағы тәртібі.
Слайдтың түстік схемасы - фон түсі, атаудың қаріпі, негізгі мәтіннің және басқа да мәтіндік элементтердің қаріпі. Түстік схема көзге ерекше жағымсыз болып көрінбейтіндей сәйкестендіріліп таңдалу керек.
|
6-слайд Шаблондар мен темаларды таңдау
Егер программада орнатылған шаблондар ұнамаса, Шаблоны тізімінен Пустые и последние - ні таңдап, өз шаблоныңызды басынан құруға болады.
Немесе Microsoft Office Online командалар тобы арқылы шаблондар, темалар мен дайын презентацияларды интернет арқылы Office Online сайтынан таңдап алсаңыз болады.
|
7- слайд Мәтінді құру
Мәтінді енгізу Слайды немесе Структуры режимдерінде жүзеге асады.
|
|
|
іі. алғашқы бекіту
|
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Шаблондар
|
Фрейм
|
Темалар
|
Презентацияның шаблонын таңдап, презентацияны сол шаблон негізінде құруға болады. Бұл уақытты үнемдеуге және тек қана жетпейтін мәтін мен графиканы енгізу арқылы жақсы презентацияны құруға көмектеседі.
Егер өзіңіз шаблон құрсаңыз, онда сол шаблонды кейін Менің шаблондарым тізімінен таба аласыз.
|
Диалогтік терезенің сол жағындағы командалар жиыны фрейм деп аталады.
Фреймде презентация құрудың мүмкін жолдары берілген. Солардың ішіндегі ең бастылары:
Установленные шаблоны- программада бар шаблондар жиыны көрсетіледі.
Орнатылған темалар- программада бар темалар (безендіру дизайндары) жиыны көрсетіледі.
|
Орнатылған темалар- ды таңдағанда диалогтік терезенің оң жағында темалар көрсетіледі. Теманы таңдап, сол тема негізінде презентацияны құрсаңыз болады.
Тема (безендіру дизайны)- презентация слайдтарының сыртқы түрі: слайдтың түстік схемасы, графикалық объектілер мен орынтолтырушыларды орналастырудың слайдтағы тәртібі.
Слайдтың түстік схемасы- фон түсі, атаудың қаріпі, негізгі мәтіннің және басқа да мәтіндік элементтердің қаріпі. Түстік схема көзге ерекше жағымсыз болып көрінбейтіндей сәйкестендіріліп таңдалу керек.
|
Қорытынды:________________________________________________________________________________________________________________________________
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Презентацияны құру командаларын ата.
Презентацияны ашу командаларын ата.
Презентацияны құру диалогтік терезесін сипатта.
Фрейм дегеніміз не?
Шаблондардың қызметі.
Тема дегеніміз не?
Слайдтың түстік схемасы дегенімі не?
Теманы таңдау жолдары.
Мәтінді енгізу қалай жүзеге асады?
ІІ деңгей тапсырмалары
MICROSOFT POWERPOINT программасын қолданып, презентация әзірлеңіз. Презентацияны ашу жеткілікті.
Слайдтарға өз қалауыңызша тема таңдаңыз.
Слайдтардың шаблонын таңдаңыз.
Слайдтарыңызға мәтін енгізіңіз.
ІІІ деңгей тапсырмалары
Презентацияны құру диалогтік терезесі элементтерін талдаңыз.
Топтық жұмыс.
3 топқа бөлініп, өз топтарыңыз жайлы: аты, мүшелері, ерекшеліктері, т. б. жайлы қысқа презентация даярлаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |