Информатика



бет107/119
Дата03.02.2017
өлшемі17,37 Mb.
#8600
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   119




16-слайд Спам

Спам — коммерциялық және өзге жарнаманың немесе хабарламалардың басқа да түрлерінің оларды алуға ниет білдірмеген адамдарға таралуы.

Спам қолданушыларға өте үлкен зиян тигізеді. Себебі:



  • Керекті хаттарды оқып, керек еместерін сейілту қолданушының уақытын алады.

  • Интернет-трафик қымбат тұрады, ал спам осы трафикті үлкейтіп, қосымша қаржылық шығындарға алып келеді.

  • Провайдерлерге де спам біраз қиындықтар туғызады. Себебі, спамнан қорғану үшін олар өте үлкен жұмыс атқарады.







іі. алғашқы бекіту




Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Интернет және ол ұсынатын қызметтер

Интернетте ақпарат іздеу жолдары

Электронды пошта











Қорытынды:___________________________________________________________





ііі. құзырлылық қалыптастыру




Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Интернет қандай қызметтер ұсынады?

  2. Неліктен уақыт өткен сайын интернеттен ақпаратты іздеу қиын болып бара жатыр?

  3. Интернетте ақпаратты іздеудің қандай жолдары бар? Олардың ішіндегі ең тиімдісі қайсысы? Неліктен?

  4. Электронды пошта дегеніміз не?

  5. Электронды пошта адресі қалай жазылады?

ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Веб-парақшаның адресатын көрсету арқылы ақпарат іздеу қандай жағдайда қолайлы? Ал гипперсілтеме арқылы іздеу ше?

  2. Интернетте ақпарат іздеу нәтижелерін жақсарту үшін не істеу керек?

  3. Электронды поштаның жұмыс істеу принципі қандай?

ІІІ деңгей тапсырмалары

  1. Интернет желісін пайдаланып gmail.com немесе mail.ru сайттарында өзіңе электронды пошта аш. Қандай қадамдар жасадың?




іV. шығармашылық әрекет




Топтық жұмыс.

Сынып 3 топқа бөлінуі керек. Әр топ өз тапсырмасын орындайды.



1-топ: Спамның зиянды жақтарын талқылаңдар. Ол кімге пайда әкеледі деп есептейсіңдер?

2-топ: Өздеріңе белгілі іздеу жүйелерін естеріңе түсіріңдер. Өздерің қалаған екеуін таңдап, екеуінен бірдей ақпарат іздеп, нәтижелерін салыстырыңдар (мысалы, “электронды пошта дегеніміз не?” деп сұраныс беруге болады).

3-топ: Электронды поштаның дәстүрлі поштадан артықшылықтарын талқылаңдар. Қандай кемшіліктері бар деп ойлайсыңдар?




V. бағамдау-бағалау




Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

_________________________________________________________________



33 сабақ

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ




Тақырыбы: 4- тоқсан бойынша бақылау.




Күтілетін нәтиже:







Білім

  • 4-тоқсан бойы өткен материалды есіне түсіреді.




Түсінік

  • Презентация қолдануды түсінеді.

  • Презентация ұғымына түсіндірме береді.







Қолданыс

  • Презентация даярлау программасында қолданылатын командаларды пайдаланады.




Анализ

  • Презентация даярлау командаларын бөлшектеп қарастырады.

  • Интернет, желі ұғымдарын талдайды.




Синтез

  • Бақылау жұмысына байланысты Синтез орындалмайды







Баға

  • Сабақта жазған бақылау жұмысына сыни талдау жасайды.




Сабақ құрылымы:







І. Ақпарат алмасу (5 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (0 мин.).

ІІІ. қалыптастыру (40 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (0 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (0 мин.).




Сабақ типі: Жаңа материалды меңгеру




Оқыту әдісі: Түсіндіру, иллюстративті, репродуктивті




Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:







• Мұғалім материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар

түсініп, естерінде қалдырады.

• Оқушылардың тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалап,

көмек қажет жағдайда нұсқаулар береді.






Оқушыда дағды қалыптастыру:







• Жаңа өткен тақырыпты зейінмен тыңдап, түсіну.

• Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау.

• Топтық тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосып, сабақ

барысында белсенділік таныту.






Оқушы жетістігін бағалау:







• Оқушыға негізгі баға деңгейлік тапсырмаларды орындауына

байланысты қойылады.



САБАҚ БЛОКТАРЫ










і. аҚПАРАТ алмасу




Тақырып жоспары:

  1. Мультимедиялық презентациялар

  2. Презентацияларға графикалық және анимациялық өзгерістер енгізу

  3. Телекоммуникациялар

Слайдтар:

1-слайд Мультимедиялық презентациялар

Мультимедиялық презентация – бұл потенциалды клиенттерге, серіктестерге және инвесторларға өнім мен қызмет жайлы ақпаратты ыңғайлы, көрнекі және қызықты етіп жеткізетін қазіргі заманға сай жарнама түрі.

Мультимедиялық презентациялар буклеттер мен визиткалар сияқты жарнамалық материалдардан өте ерекшеленеді. Олардың құрамында бір ортаға жиналған анимация, графика, видеороликтер, музыка мен дыбыстық тізбек бар. Бұл ақпаратты жеңіл қабылдауға үлкен әсер етеді.



2-слайд Мультимедиялық презентация артықшылықтары

  • Интерактивтілік- аудитория мен мультимедиялық ақпараттың толық қарым- қатынасы.

  • Мобильділік- презентацияны кез- келген жерге алып баруға қолайлы, ешқандай қиындықтар туғызбайды.

  • Көрсетуге шығындар кетпеуі- роликті көрсетуге ешқандай кәсіби құралдар керек емес, тек қол компьютері не ноутбук керек.

  • Ақпараттылық- мультимедиялық ролик өнім не қызмет жайлы толық ақпаратты сақтай алады.

  • Креативтілік- қазіргі заманғы визуалдау құралдары материалды көрсетудің ерекше түрі және интерактивті жұмыс көрерменді зеріктірмейді.

  • Экономикалық қолайлылық- еш қаражат шығармай өзіңіз дайындауыңызға болады, басқа кәсіби адам дайындаған жағдайда тек бір рет төленеді де, ұзақ уақыт бойы пайдаланыла алады.



3-слайд Қалай жұмыс істейді?

PV Gallery – мультимедиялық презентациялар жасауға, редакциялауға және өткізуге мүмкіндік беретін программа. Визуалдау модульдерін басқарады.

Визуалдау модульдері- мультимедиялық презентация түрлері. Модуль құрамына графика, желі, анимация мен жұмыс істеу алгоритмін енгіздіреді, және презентация қалай өтеті мен қандай түрде болатынын басқарады.




4- слайд Мультимедиялық презентацияны қалай жасайды?

PV Gallery- ға PowerPoint- тың жай презентациясын немесе кез-келген суреттер тізбегін жүктеп, керекті визуализацияны таңдаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет