Информатика


V. бағамдау-бағалау Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз



бет111/119
Дата03.02.2017
өлшемі17,37 Mb.
#8600
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   119
V. бағамдау-бағалау



Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

34 сабақ



МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ




Тақырыбы: Қорытынды бақылау.




Күтілетін нәтиже:







Білім

  • Жыл бойы өткен материалды есіне түсіреді.




Түсінік

  • Мәтіндік процессорды қолдануды түсінеді. Презентация ұғымына түсіндірме береді. Алгоритм ұғымына түсіндірме береді. Жыл бойы өткен тақырыптарды қайта қарайды.







Қолданыс

  • Мәтіндік процессорды құжаттар даярлауда қолданады. Презентация даярлау программасын пайдаланады. Алгоритм әзірлейді.




Анализ

  • Мәтінді пішімдеу командаларын бөлшектеп қарастырады.

  • Презентацияны құруды талдайды. Алгоритм ұғымын талдайды. Ақпарат ұғымын талдайды.




Синтез

  • Бақылау жұмысына байланысты Синтез орындалмайды







Баға

  • Сабақта жазған бақылау жұмысына сыни талдау жасайды.




Сабақ құрылымы:







І. Ақпарат алмасу (10 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (0 мин.).

ІІІ. қалыптастыру (35 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (0 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (0 мин.).




Сабақ типі: Жаңа материалды меңгеру




Оқыту әдісі: Түсіндіру, иллюстративті, репродуктивті




Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:







• Мұғалім материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар

түсініп, естерінде қалдырады.

• Оқушылардың тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалап,

көмек қажет жағдайда нұсқаулар береді.






Оқушыда дағды қалыптастыру:







• Жаңа өткен тақырыпты зейінмен тыңдап, түсіну.

• Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау.

• Топтық тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосып, сабақ

барысында белсенділік таныту.






Оқушы жетістігін бағалау:







• Оқушыға негізгі баға деңгейлік тапсырмаларды орындауына

байланысты қойылады.



САБАҚ БЛОКТАРЫ










і. аҚПАРАТ алмасу




Тақырып жоспары:

  1. Мәтіндік процессор

  2. Презентациялар

Слайдтар:

1- слайд Ақпарат

Ақпарат термині латынның informatio – түсіндіру, баяндау деген сөзінен шыққан.

Жалпы түрде ақпарат дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелеу.

Жеке жағдайда ақпарат деп адамның қоршаған ортадан алатын
мәліметтерін айтамыз.

Ақпарат – қоршаған ортадағы объектілер мен құбылыстардың параметрлері, қасиеттері, жай күйі туралы білімді кеңейтетін, анықталмағандықтарды азайтатын мәліметтер жиыны.





2- слайд Ақпараттың сыртқы қасиеттері

Объектілік және субъектілік қасиеті. Ақпараттың жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиет

Толықтық қасиеті. Ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті.
Бұл қасиет ақпараттың сапасын және оның қажетті шешім қабылдауға
жеткіліктігін анықтайды.

Өзектілік (дәлуақыттылық) қасиеті. Ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақпараттың толықтығымен біріге отырып оның құндылығын анықтайды.

Ақиқаттық қасиеті. Ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы қасиеті. Ақпарат қабылдағыш алған уақытта белгілі мөлшерде «ақпараттық шуыл» болуы мүмкін, ол неғұрлым аз болса, ақпараттың ақиқаттығы жоғарылайды.

Қатынау мүмкіндігі қасиеті. Пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиет. Ақпаратқа қатынау мүмкіндігінің жоқтығы оны қатынауға мүмкін емес етеді.

Адекваттық қасиеті. Ақпараттың өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске бірмәнді сәйкестігін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақиқаттық және қолданушы мұқтаждығына сәйкес келу қасиеттерімен анықталады.

Эргономдық қасиеті. Белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен көлемінің ыңғайлылық дәрежесін көрсететін қасиет.




3- слайд Ақпарат қауіпсіздігі мен оны қорғау

Ақпараттың қауіпсіздігі – ақпарат тұтастылығының физикалық және

логикалық бұзылуынан немесе санкцияланбаған пайдаланудан қорғаныс жасау.



Ақпаратты қорғау ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін алудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені.

Яғни, ақпаратты қорғау- автоматтандырылған жүйелерде оның бекітілген қорғаныс статусын қолдайтын арнайы механизмдерді құрау және қолдау процесі.






4- слайд Сұрау салу арқылы ақпаратты қорғау

Парольдер – жүйеге ену үшін қажетті кілттер ретінде қарастырылады және ақпарат тұтастығын сақтауды қамтамасыз етеді. Бірақ, олар басқа мақсаттар үшін де қолданылады, мысалы, дискіенгізгіште жазуды бұғаттауда, мәліметтерді шифрлеу командаларында, т. б.

Парольдерді 7 негізгі топтарға бөледі:



  • қолданушы орнататын парольдер;

  • жүйемен генерацияланатын парольдер;

  • енудің кездейсоқ кодтары;

  • жартылай сөз;

  • кілттік фазалар;

  • “сұрақ -жауап” түріндегі интерактивті тізбек;

  • “қатаң ” парольдер.




5- слайд Ақпаратты қорғаудың техникалық құрылғылары

    • Электронды қорғау құрылғылары

    • Оптикалық қорғау құрылғылары

    • Биометриялық




6- слайд Компьютерлік вирустар

Компьютерлік вирустар – жұмыс істейтін компьютерде рұқсат етілмеген
іс- әрекеттерді орындауға арналған программа коды. Ішінде вирусы бар программа “жұқтырылған” деп аталады. Программалық вирус компьютерге иілгіш дискілерден, немесе интернеттен алынған тексерілмеген программаларды іске қосқанда енеді. Сондықтан вирустар енуінің негізгі жолдары – компьютерлік желілер және дисктер болып табылады.

7- слайд Вирусқа қарсы программалар

Флаги немесе доктор дискілерді немесе бұзылған программаларды тазалайды, олардан вирус денесін «тістеп алу» арқылы программаларды бұзылғанға дейінгі қалыпқа келтіреді.

Ревизор программалар – бірінші дискінің жүйелік аймақтары және программа күйі жайлы ақпараттарды есіне сақтап, сосын оны бастапқы күйімен салыстырады. Келіспеушіліктер болса, онда ол жайлы пайдаланушыға хабарлайды.

Ревизор докторлар- ревизор мен докторлар қызметін атқарады.




8- слайд Вирусқа қарсы программалар

Детекторлар- нақты вирустарға арналған, вирустың денесіндегі кодты тексерілетін программалар кодымен тізбектей тексеруге негізделген.

Фильтрлер- бұл резидентті программалар, қолданушыны қандай да бір программаның дискке жазылуының барлық мүмкіндіктері туралы, оларды форматтау туралы, және де басқа сенімсіз әрекеттер туралы хабардар етеді. Бұл жағдайда берілген әрекетке рұқсат ету, етпеу туралы сұраныс шығады.

Вакцина программалары дискілерді немесе программаларды оның
жұмыс нәтижесінде модификациялайды, вакцинацияланған программаны вирусталған деп қабылдайды.




9- слайд Архиваторлар

Архиватор дегеніміз- ақпаратты сығудың арнайы жолдарымен файлдардың кішірейтілген көлемдегі көшірмелерін жасауға мүмкіндік беретін программа.

Архиваторлардың негізгі сипаттамалары:

  • Сығу деңгейі- бастапқы және өңделген файлдар көлемінің қатынасы.

  • Сығу жылдамдығы- белгілі бір ақпарат бөлігін сығуға кеткен уақыт.

  • Сервис (міндеттер топтамасының кеңдігі)




10- слайд ЭЕМ дамуының 5 буыны

ЭЕМ–нің дамуы бірнеше буындарға бөлінеді:

І. ЭЕМ-нің бірінші буыны (1945-1954 жж.)

ІІ. ЭЕМ-нің екінші буыны (1950-60 жж.)

ІІІ. ЭЕМ-нің үшінші буыны (1960 ж.)

IV. ЭЕМ-нің төртінші буыны (1970 ж. )



V. ЭЕМ-нің бесінші буыны (Жапония, 1980-жылдар)



11- слайд Компьютер

Компьютер (ағылш. computer- есептеуіш, лат. computo- есептеймін) – тапсырылған арнайы нұсқаулар жиынтығы- бағдарлама бойынша есептеу амалдарының күрделі тізбегін орындау арқылы электрондық түрде ақпарат қабылдауға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған машина. Компьютер термині ХХ ғ-дың 90 жылдары «ЭЕМ» терминін толық ығыстырып шығады.




12- слайд Алгоритм дегеніміз не?

Алгоритм дегеніміз реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі.







13- слайд Алгоритмнің негізгі қасиеттері







14- слайд






15- слайд Алгоритм блоктарының кескінделуі


Іс-әрекеттің атауы

Блок-схема түрі


Негізгі әрекеті

Процесс




Математика-лық өрнектерді есептеу

Таңдау




Есеп шығару жолын таңдау


Модификация




Цикл басы (қайталау)


Құжат




Нәтижені шығару, қағазға басу


Енгізу, шығару




Мәлімет енгізу (шығару)


Бастау, аяқтау




Алгоритмнің басы, соңы


Қосалқы программа




Қосалқы программаға кіру және шығу


Түсініктеме




Схеманың, формуланың түсініктемесі








16- слайд Алгоритм орындаушысы

Алгоритм орындаушысы – көрсетілген іс-әрекеттер тізбегін бұлжытпай
орындай отырып, керекті нәтиже алуды жүзеге асыратын машина, құрылғы, жануар немесе адам.




17- слайд Алгоритм орындаушысының түрлері




  • Кейбір орындаушылар алгоритмді атқару барысында өз әрекеттерінің мағынасын түсінбейді. Сонда да, әрекеттерді бұлжытпай орындап, керекті нәтижеге жетеді. Мұндай орындаушыларды формалды деп атайды.

  • Формалды емес орындаушы әрекеттерінің мағынасын түсінеді.




18- слайд Орындаушы сиппаттамалары






19- слайд Орындаушының командалар жүйесі

Орындаушының командалар жүйесі (ОКЖ) -орындаушы атқара алатын командалар жиынтығы




20- слайд Алгоритмнің құрылымына байланысты түрлері

Сызықтық Тармақталу Циклдік




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет