36-слайд Мультимедиялық презентациялар
Мультимедиялық презентация – бұл потенциалды клиенттерге, серіктестерге және инвесторларға өнім мен қызмет жайлы ақпаратты ыңғайлы, көрнекі және қызықты етіп жеткізетін қазіргі заманға сай жарнама түрі.
Мультимедиялық презентациялар буклеттер мен визиткалар сияқты жарнамалық материалдардан өте ерекшеленеді. Олардың құрамында бір ортаға жиналған анимация, графика, видеороликтер, музыка мен дыбыстық тізбек бар. Бұл ақпаратты жеңіл қабылдауға үлкен әсер етеді.
|
37-слайд Мультимедиялық презентация артықшылықтары
Интерактивтілік- аудитория мен мультимедиялық ақпараттың толық қарым- қатынасы.
Мобильділік- презентацияны кез- келген жерге алып баруға қолайлы, ешқандай қиындықтар туғызбайды.
Көрсетуге шығындар кетпеуі- роликті көрсетуге ешқандай кәсіби құралдар керек емес, тек қол компьютері не ноутбук керек.
Ақпараттылық- мультимедиялық ролик өнім не қызмет жайлы толық ақпаратты сақтай алады.
Креативтілік- қазіргі заманғы визуалдау құралдары материалды көрсетудің ерекше түрі және интерактивті жұмыс көрерменді зеріктірмейді.
Экономикалық қолайлылық- еш қаражат шығармай өзіңіз дайындауыңызға болады, басқа кәсіби адам дайындаған жағдайда тек бір рет төленеді де, ұзақ уақыт бойы пайдаланыла алады.
|
38-слайд Қалай жұмыс істейді?
PV Gallery – мультимедиялық презентациялар жасауға, редакциялауға және өткізуге мүмкіндік беретін программа. Визуалдау модульдерін басқарады.
Визуалдау модульдері- мультимедиялық презентация түрлері. Модуль құрамына графика, желі, анимация мен жұмыс істеу алгоритмін енгіздіреді, және презентация қалай өтеті мен қандай түрде болатынын басқарады.
|
39- слайд Мультимедиялық презентацияны қалай жасайды?
PV Gallery- ға PowerPoint- тың жай презентациясын немесе кез-келген суреттер тізбегін жүктеп, керекті визуализацияны таңдаңыз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |