Информатика



бет116/119
Дата03.02.2017
өлшемі17,37 Mb.
#8600
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119




43-слайд Темалар

  • Орнатылған темалар- ды таңдағанда диалогтік терезенің оң жағында темалар көрсетіледі. Теманы таңдап, сол тема негізінде презентацияны құрсаңыз болады.

  • Тема (безендіру дизайны)- презентация слайдтарының сыртқы түрі: слайдтың түстік схемасы, графикалық объектілер мен орынтолтырушыларды орналастырудың слайдтағы тәртібі.

  • Слайдтың түстік схемасы- фон түсі, атаудың қаріпі, негізгі мәтіннің және басқа да мәтіндік элементтердің қаріпі. Түстік схема көзге ерекше жағымсыз болып көрінбейтіндей сәйкестендіріліп таңдалу керек.

44- слайд Әсерлерді реттеу

Жай презентациялар қозғалыссыз слайдтардың жиынынан тұрады, бір слайдтан екінші слайдқа көшкенде тек слайдтар бір- бірінің орнын ауыстырады.



Бірақ, слайд- фильмді тірілтіп, серпіндірек етіп жасауға болады. Ол үшін пайдаланылатын әсерлер:

  • Анимация;

  • Слайдтар арасындағы ауысу;

  • Қозғалыстар.




45- слайд Әсерлерді реттеу

  • Анимациялар әсері мен слайдтар арасындағы ауысуды жүзеге асыратын командалар:

Анимация→ Анимация группасы

ПереходыПереход к этому слайду группасы

  • Қозғалысты таңдау үшін:

Вставка→ Ссылки → Действие



46- слайд Анимация әсерлерімен жұмыс істеудің негізгі қағидалары

  • Анимация әсерін кез- келген слайд бөлшегіне қолдануға болады;

  • Әр объектіге бірнеше әсер қолдануға болады;

  • Презентация кезінде әр әсердің қосылу жолын тағайындауға болады;

  • Әр әсердің бір немесе бірнеше жеке икемдеу түрлері бар: анимация басы, масштаб, жылдамдық, қозғалыс бағыты, шамасы және т. б.




47- слайд Анимациялық әсер типтері

  1. Шығу- слайдтағы объект слайд көрсетіліп жатқан кезде шығады;

  2. Бөліну- слайдтағы объект слайд көрсетіліп жатқан кезде өзгереді;

  3. Шығу- слайдтағы объект экраннан кетеді;

  4. Қозғалыс жолдары- слайдтағы объект арнайы траектория бойымен қозғалады.




48- слайд Компьютерлік желі

  • Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) — компьютерлердің немесе есептеуіш құрылғылардың байланысу жүйесі.

  • Әдетте ақпаратты тасымалдау электр сигналдары, жарық сигналдары немесе электормагниттік сәулелену арқылы жүзеге асады.




49- слайд Компьютерлік желілердің түрлері






50- слайд Ақпаратты тасымалдау жылдамдығы

  • Жылдамдығы төмен (>10 Мбит/с)

  • Жылдамдығы орташа (>100 Мбит/с)

  • Жылдамдығы жоғары (<100 Мбит/с)




51- слайд Аймақтық таралуы бойынша

  • Жергілікті желі (LAN)

  • Қалалық желі (MAN)

  • Ғаламдық (аумақтық) желі (WAN)




52- слайд Ақпаратты тасымалдау ортасы бойынша

Сым арқылы Сымсыз






53- слайд Компьютерлердің өзара байланысының ұйымдасуы бойынша:

  • Жалғызрангті желілер

  • Иерархиялық желілер




54- слайд Жалғызрангті желілер

Мұндай желідегі компьютерлердің барлығы бірдей құқыққа ие. Яғни, желінің кез келген қолданушысы желідегі кез келген компьютердегі ақпаратты пайдалана алады.



  • Жақсы жағы: пайдалану мен орнату оңай

  • Жаман жағы: ақпаратты қорғау мәселесінің шешімін табу қиын




55- слайд Иерархиялық желілер

  • Иерархиялық желіде ақпаратты тасымалдау үшін арнайы компьютер немесе компьютерлер тобы бөлінеді.

  • Мұндай компьютер сервер деп аталады.

  • Сервер қызметін пайдалана алатын компьютер клиент деп аталады.

  • Сервердің өзі тек иерархияда өзінен жоғары тұрған сервердің клиенті бола алады.




56-слайд Интернет дегеніміз не?

Интернет - бүкіл әлем бойынша компьютерлермен ақпарат алмасу мүмкіндігін беретін бүкіләлемдік компьютерлік желілер жүйесі.




57- слайд Интернетте ақпарат іздеу жолдары

  • Веб-парақшаның адресатын көрсету. Бұл іздеудің ең тез жолы. Алайда, бұл жолды қолдану үшін парақшаның адресатын білу керек.

  • Гиперсілтеме бойынша. Бұл жол ыңғайсыздау болып келеді. Оны тек қарап отырған құжатыңыздың мағынасына жақын құжаттарды іздеу кезінде ғана қолдануға болады.

  • 3. Іздеу жүйелерін қолдану. Бұл – ақпаратты іздеудің ең тиімді жолы.




58- слайд Пошта дегеніміз не?

Пошта – бұл кем дегенде екі абонементке ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін дәстүрлі ақпарат алмасу құралы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет