Сурет 1. Стандартты құралдар тақтасындағымәтінді қиюға, көшірмесін алуға, қоюға көмектесетін құралдар
Тапсырма:
1 тапсырма
Word мәтіндік редакторын жүктеп Қосымша№1-де берілген мәтінді теріп жазыңыз. Құжатты өзіңіздің папкаңызға TEXT3.DOC деген атпен сақтаңыз. Зертханалық жұмыс№15-де жасаған TEXT1.DOC құжатындағы мәтінді TEXT3.DOC құжатына көшіріп, орналастырыңыз. Құжатты сақтаңыз. Файлды жабыңыз.
2 тапсырма
TEXT3.DOC құжатын ашыңыз. Ең соңғы абзацты буферге қиып алыңыз. Буферге сақталынған мәтінді парақтың ең басына орналастырыңыз. Құжатты атың TEXT4.doc деген атпенсақтаңыз. Файлды жабыңыз.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
1 тапсырма
Microsoft Word программасын жүктеңіз.
-
Пернетақтаның көмегімен Қосымша №4те берілген мәтінді теріңіз:
-
Жаңа құжатты TEXT3.DOC деген атпен
Меню->Файл -> Сохранить командасын пайдаланып сақтаңыз. Файлды жабыңыз.
-
Зертханалық жұмыс№12.1-де жасаған TEXT1.DOC құжатыңызды ашыңыз. Бүкіл мәтінді Правка / Выделить все командасы арқылы ерекшелеңіз.
-
Правка/Копировать командасын немесе құралдар тақтасындағы Копировать в буфер батырмасына шертіңіз. Файлды Орау батырмасы арқылы есептер тақтасына орап қойыңыз.
-
TEXT3.DOC құжатын ашыңыз.Буферге көшірілген мәтінді қою үшін мәтін орналасатын жерге курсорды орналастырыңыз. Содан кейін Правка/Вставить командасын немесе стандартты құралдар тақтасындағы Вставить батырмасын шертіңіз.
-
Құжатты атын өзгертпей Меню->Файл -> Сохранить командасын пайдаланып сақтаңыз. Файлды жабу батырмасын пайдаланып жабыңыз.
2 тапсырма
-
Microsoft Word программасын жүктеңіз. Меню->Файл -> Открыть командасының көмегімен TEXT3.DOC құжатын ашыңыз.
-
Ең соңғы абзацты пернетақтаның көмегімен ерекшелеңіз. Ерекшеленген абзацты буферге қиып алыңыз. Курсорды парақтың басына орналастырыңыз. Буферге сақталған мәтінді Меню->Правка->Вставить командасын пайдаланып орналастырыңыз.
-
Құжатты Меню->Файл -> Сохранить как командасы арқылы, атың TEXT4.DOC деп сақтаңыз. Файлды жабу батырмасын пайдаланып жабыңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.
-
Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002
-
Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999
-
Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.
-
Основы работы с компьютером. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004
-
Основы работы с Microsoft Office и Internet. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004
-
Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002, «Финансы и статистика»
-
Лабораторный практикум по информатике. Под ред. Острейковского В. А., М., ВШ, 2003
Бекіту сұрақтары:
-
Алмастыру буферіне анықтама беріңіз
-
Мәтінді менюдің көмегімен қию, көшірмесін алу және қою тәсілдерін білесіз?
-
Мәтінді стандартты құралдар тақтасының көмегімен қию, көшірмесін алу және қою тәсілдерін білесіз?
-
Алмасу буфері не үшін қажет?
-
Алмастыру буферін қолданудың қолайлылығын айтыңыз
Зертханалық жұмыс №12.3
Тақырыбы: Беттерді форматтау: бет параметрі, бет режимдеріб алдын ала көруб масштаб
Мақсаты: Бет параметрлерін тағайындау, көру режимдерінің батырмаларымен танысу, алдын ала көру режимін қарастыру, құжат масштабын тағайындау.
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:
Компьютер, Word мәтіндік редакторы
Теориялық түсініктеме:
Бет параметрлерін тағайындау
Word мәтіндік редакторында бет параметрлерін тағайындау үшін келесі команданы орындау керек:
-
Файл-> Параметры страниц
-
Осы кезде Параметры страниц сұхбат терезесі ашылады(Сурет-1)
Сурет-1. «Параметры страниц» сұхбат терезесі
Бұл сұхбат терезесі үш астарлы беттерден тұрады:
-
Поля астарлы бетінде парақ шетінен мәтіннің жиегіне дейінгі аралықты, бет ориентациясын, парақ түрін тағайындауға болады;
-
Размер бумаги астарлы бетінде қағаз түрін(А4, А3, Letter) тағайындауға болады;
-
Источник бумаги астарлы бетінде бөлімдерді тағайындауға болады, колонтитулдар қасиетін беруге болады, сондай-ақ жолдарды номерлеуге болады.
Поля астарлы бетінде қолданылатын параметрлер:
-
Мәтіннен парақтың жоғарғы, төменгі, оң жағы және сол жақ шетіне дейінгі аралықты тағайындау;
-
Түптеудің(переплет) орының және өлшемін тағайындауға болады;
-
Парақтың бағатталуын, яғни парақтың тігінен немесе көлденеңінен орналасуын тағайындауға болады;
Бет режимдері
Көру режимдерінің батырмалары қалып қатары маңындағы көлденең жылжу алабының сол жақ шетінде орналасады да, олар мыналардан тұрады:
-
Кәдімгі режим(обычный режим) батырмасы-бұл көру режимі келісім бойынша редакторға кірген кезде бірден орнатылады. Ол мәтінді форматтау элементтерінін қарапайым түрде көрсете отырып, беттерді бөлу шекараларын пунктир-сызықшамен бейнелеп, символдарды теру, түзету және көру процесін жылдам орындайды. Бұл форматта суреттермен және кадрлармен жұмыс істеуге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |