«информатика»



бет73/93
Дата20.06.2018
өлшемі10,94 Mb.
#44078
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   93

Тапсыру формасы: Тапсырманы орындап, мұғалімге көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

[1-9,12]/[1,2,3,4]



Бақылау сұрақтары:

  1. Форма құрудың неше тәсілі бар?

  2. Форма не үшін қажет?

  3. Форманы конструктор режимінде не үшін ашамыз?

  4. Басқару элементі дегеніміз не?

  5. Шебер көмегімен форма құру неше қадамнан тұрады?

  6. Сұраныс құрудың неше тәсілі бар?

  7. Сұраныс не үшін қажет?

  8. Сұранысты конструктор режимінде не үшін ашамыз?

  9. Қарапайым сұраныс құру ерекшелігі

  10. Null сөзінің қызметі қандай?

  11. Есеп құрудың неше тәсілі бар?

  12. Есеп не үшін қажет?

  13. Есепті конструктор режимінде өңдеуге бола ма?

  14. Диаграмма құру не үшін қажет деп ойлайсыз?

  15. Шебер көмегімен есеп құру неше қадамнан тұрады?


Зертханалық жұмыс №7 (6 сағ)

Тақырыбы: MS Power Point. Негізгі ұғымдар. Функциональды мүмкіндіктері. Слайдтарды өңдеу. Презентацияны демонстрациялау.

Мақсаты: Microsoft PowerPoint терезесімен танысу, жаңадан слайдтар құрып үйрену. Презентацияны слайд фильм режимінде қосып, көру, параметрлерін орнатып, үйрену, басқару батырмаларын орнатуды меңгеру

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, MS Power Point 2003



Теориялық түсініктеме:

Презентация құру дегеніміз мәтіндер, графика, суреттер орналасқан слайдтар жиыны. Презентация құруға арналған Microsoft PowerPoint программасы басқа да офистік программалар сияқты өте жеңіл және қарапайым. Бұл программа өзі көптеген шаблондар мен дизайндардың нұсқаларын ұсынады. Программаны іске қосу үішн Іске қосу – Программалар - Microsoft Office - Microsoft PowerPoint командасын орындаймыз (Сурет 49).





Сурет 49. Microsoft PowerPoint негізгі терезесі

Басқа да офистік программалар сияқты Microsoft Power Point терезесінің құрылымы тақырып жолынан, әр түрлі тақталардан, қалып күй қатарынан тұрады. Оң жақта орналасқан Есептер облысы көмегімен немесе мәзір қатары командаларының көмегімен Microsoft Power Point-та презентация құру орындалады. Осы терезеде презентация құрудың шаблонын таңдауға, бос презентация құруға, Автомазмұн шебері (Мастер автосоздания) арқылы презентация құруға болады.



MS Power Point-та слайдтарды қараудың қарапайым режимі бар. Презентация құрғанда MS Power Point өте көп слайдтар құруға мүмкіндік береді.

    • Қарапайым режим – ең алғаш ашылған терезе. Онда қарау режимі, слайдтар ржеимі, құрылымы орналасқан.

    • Слайдтарды сұрыптау (Сортировщик слайдов) – барлық слайдтарды кішкентай көлемде көрсетеді.

    • Слайдтар – жеке слайдтарды құруға өңдеуге қолайлы режим.

    • Құрылым (Структура) – презентацияның мәтіндік құрылымын және мазмұнын көрсететін режим.

    • Ескерту беттері (Страницы заметок) – қолданушыға енгізетін материалдарын жеңіл енгізуге, түсінуіне мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет