«информатика»


DOS-та каталогтармен жұмыс



бет10/93
Дата20.06.2018
өлшемі10,94 Mb.
#44078
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   93


DOS-та каталогтармен жұмыс

  1. Ағымдағы дискіні ауыстыру


Ағымдағы дискіні ауыстыру үшін диск атауын теріп, содан кейін қос нүктені теру керек, мысалы:

А: - А: дискісіне көшу

В: - В: дискісіне көшу

С: - С: дискісіне көшу

Команданы енгізгеннен кейін ENTER пернесін басу керек.


  1. Ағымдағы каталогты өзгерту


Каталогты өзгерту үшін Cd (Change Directory) командасы қолданылады. Команда форматы:

Cd (дисковод:)жол

  1. Каталогты қарау

Каталог мазмұнын көру үшін Dir командасы қолданылады.

Параметрлері:

/P – Мазмұнды толық экранда көру.

/W –кең форматта мәліметтерді шығару: файлдар мен каталогтар атын көрсетеді(каталог атаулары квадрат жақшаның ішіне жазылады)

/О – сұрыпталған түрде экранға шығару: ең алдымен каталог атаулары алфавиттік ретпен шығады, содан кейін файл атаулары алфавиттік ретпен шығады.


  1. Каталог құру

Жаңа каталог құру үшін Md (Make Directory) командасы қолданылады. Команда форматы:

Md (дисковод:)жол

  1. Каталогты жою

Каталогты жою үшін Rd (Remove Directory) командасы қолданылады. Команда форматы:

Rd (дисковод:) жол

  1. Бос емес каталогты жою

Ол үшін DelTree командасы қолданылады. Команд форматы:

Deltree файл-аты -немесе-каталог /YМысалы:

Deltree temp – ағымдағы каталогтағы temp каталогын немесе файлын жою;

Deltree \y temp – жою кезінде растауды талап етпейді


  1. Каталог атын өзгерту

Move командасы қолданылады. Команда форматы:

Move каталог-аты жаңа-каталог-аты

  1. Уақыт және күнді орнату

Күнді орнату үшін, Date командасы қолданылады

Уақытты орнату үшін время, Time командасы қолданылады



DOS-та файлдармен жұмыс

  1. Файлдарды көшіру

COPY командасы арқылы жүзеге асады. Мұнда бар файлды өзге атпен көшіру немесе файлды есімін өзгертпей басқа каталогқа көшіру мүмкіндігі бар.

COPY [бастапқы мекен-жай мен файл аты] [жаңа мекен-жай мен файл аты]

Егер файлдың жаңа аты немесе жаңа адресі көрсетілмесе, онда олардың орнына ағымдағы (бастапқы) аттар мен адрес қолданылады. Файлдың бастапқы адресі ретінде ағымдағы дискінің ағымдағы каталогы үнсіз қабылданады.


  1. Файлдарды біріктіру

COPY командасы сондай-ақ бірнеше файлдарды бір файлға біріктіруге мүмкіндік береді. Біріктірілуі тиіс файлдардың аттары COPY командасында «+» белгісі арқылы берілуі тиіс.

  1. Мәтіндік файлдарды құрау

Мысалға, пернетақтадан мәтін теру арқылы notes.txt файлын құрау керек болсын делік. Ол үшін:

COPY CON notes.txt

Командасын еңгізу керек. Бұдан кейін керекті мәтін теріледі. Мәтін терілеген соң Ғ6 функционалдық батырмасын немесе Ctrl-Z комбинациясын тереміз де, Enter-ді басамыз.Осы кезде экранға келесі хабарлама шығу керек: 1file(s) copied. Құралған файл ағымдағы дискінің ағымдағы каталогында орналасады.


  • RENAME- файлдар атын өзгертуге арналған ішкі команда.

Мысалдар:

REN D:\TEST\test.doc rez.doc (D: дискісіндегі TEST подкаталогында орналасқан test.doc бастапқы файлын rez.doc файлына атын өзгерту. Нәтижесінде rez.doc алынған файлы сол дискінің сол подкаталогына орналастырылады)

REN *.doc *.txt (doc кеңейтілуі бар ағымдағы каталогтың сол аттары бар, бірақ txt кеңейтілулерге өзгертеді)


  • MOVE- файлдарды тасымалдау қызметін атқарады. Сондай-ақ бұл команда файлдардың аттарын өзгертуге де арналған.


MS DOS операциялық жүйесінен шығу

Exit командасы msdos –тан шығу үшін пайдаланылады.
Тапсырма:

1 тапсырма

А: дискісіне (немесе кез келген басқа дискіге келесі каталогтар құрылымын құрыңыз:






  • DOCS каталогына info1.txt файлын құрыңыз және оған өз аты- жөніңізді жазыңыз;

  • Осы каталог ішінде info2.txt файлын құрыңыз және оған факультет атын, топ атауын, курсты жазыңыз;

  • info1.txt және info2.txt файлдарын бір info.txt атауы бар файлға біріктіріңіз;

  • құрылған файлды қараңыз;

  • DOCS каталогындағы барлық файлдарды INFO каталогына көшіріңіз;

  • info1.txt файлының көшірмесін PHOTOS каталогына орналастырыңыз;

  • info2.txt файлының көшірмесін LETTERS каталогына орналастырыңыз;

  • Нәтижені көріңіз.

2 тапсырма
А: дискісіне (немесе кез келген басқа дискіге келесі каталогтар құрылымын құрыңыз:

SCIENCE каталогына info1.txt файлын құрыңыз және оған өз аты- жөніңізді жазыңыз;



  • info1.txt файлының көшірмесін POEMS каталогына орналастырыңыз;

  • NOVELS каталогына info2.txt файлын құрыңыз және оған факультет атын, топ атауын, курсты жазыңыз;

  • info2.txt файлының көшірмесін POEMS каталогына орналастырыңыз;

  • POEMS каталогына көшіңіз және info1.txt және info2.txt файлдарын бір info.txt файлына біріктіріңіз;

  • POEMS каталогындағы барлық файлдарды RESULT каталогына орналастырыңыз;

  • Жұмыс нәтижесін көріңіз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырмаларды қысқаша теориялық түсініктемеде көрсетілген командаларды пайдалана отырып, орындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Информатика:Учеб. Пособие для стед. Пед. Вузов/ А.В.Могилев, Н.И. Пак, Е.К. Хеннер; - М.: Изд.центр «Академия»,2000г.

  2. Шафрин Ю.А. Современные информационные технологии. Москва, «АСТ», 1998 г.

  3. Острейковский В.А. Информатика. Учебное пособие М, Высшая школа, 1999 г.


Бекіту сұрақтары:

  1. Экранды командалық тазалау;

  2. DOS-ғы стандартты құрылғылар атауы.

  3. Жүйелік уақыт пен күнді командалық орнату;

  4. Файлдар мен каталогтарды жою командалары;

  5. DOS командаларында қолданылатын файл атауларының шаблондары.



Зертханалық жұмыс №12.1
Тақырыбы: MS WORD мәтіндік процессоры
Мақсаты: Word текстік процессорындамен танысу. Word столының элементтері. Құжат жасауда менюді пайдалану. Жаңа құжат жасау. Тексті теру, редактрлеу, абзацтарды форматтау. Құжатты сақтау
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, MS WORD мәтіндік процессоры


Теориялық түсініктеме:

Орналастырылған Word редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырылады:



  1. Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен.

  2. Программаларды Microsoft Office тобындағы WORD шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.

  3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.

  4. WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы.

Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:

  • Файл => Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;

  • Word негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

  • Редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батрымасын (х) басу;

  • Тікелей Alt + Ғ4 пернелерін басу.

WORD экранымен танысу

WORD редакторын жүктегеннен кейін экранда қосымшаның терезесі ашылады (Сурет-1). Меню жолының астында ненгізінен сатнадарртты екі тақта- Стандартты және Форматтау тақталары орналасады. Тақталарды экранға шығару үшін немесе алып тастау үшін Вид- Панели инструментов командасын таңдап, керек тақтаның атын таңдау керек. Егер тақта экранда көрініп тұрса, онда оның атауынын қасында қара белгіше орналасатын болады. WORD құжаттар терезесінде екі сызғышты- горизонталь және вертикаль экранға шығаруға болады. Терезенің жоғарғы бөлігінде орналасқан горизонталь сызғыш жол ұзындығын көрсетеді. Бұл сызғышты шегіністерді, колонкалардың және өрістердің енін беруде қолдануға болады, сондай- ақ табуляторларды орналастыру кезінде қолдануға болады. Вертикаль сызғыш құжаттың сол жағында орналасқан. Оның көмегімен беттің жоғарғы және төменгі өрістерін өзгертуге болады, сонымен қатар кестелердегі жол ұзындығын да өзгертуге болады. Бұл сызғыштарды қалауымыз бойынша экраннан алып тастаңға болады. Ол үшін Вид- Линейка командасын орындаймыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет