Информатиканың іргелі негіздері



бет11/67
Дата30.01.2022
өлшемі1,13 Mb.
#116311
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67
Байланысты:
лекция ИТН

Ақпарат қасиеттері.

Объективтік. Ақпарат біреудің пікіріне немесе тұжырымына, алу әдістеріне тәуелсіздігімен сипатталады. Неғұрлым ақпаратты алу және өңдеу әдістеріне субъективті элементтер аз болса, соғұрлым ақпарат объективті болады.

Деректілік. Егерде ақпаратта істің шынайы нақты жағдайы көрсетілсе, онда ол ақпарат деректі. Деректі емес ақпараттүсініспеушілікке немесе теріс шешім қабылдануына апарады.Уақыт өте келе деректі ақпарат ескіру қасиетіне байланысты, дерексіз ақпаратқа айналуы мүмкін, яғни істің нақты жағдайы көрсетілмей қалады.

Толықтылық. Егер белгілі бір шешім қабылдауға немесетүсінуге ақпарат жеткілікті болса, онда ол толық. Толық емес ақпаратболсын, артығымен берілген ақпарат болсын дұрыс шешім қабыдауға кедергі келтіреді немесе қателікке апарады.

Дәлдік. Ақпараттың дәлдігі объектінің, үрдістің, құбылыстың және с.с. нақты жағдайына жақындау дәрежесімен анықталады.

Құндылық. Ақпараттың құндылығы оның мәселені шешу үшін қаншалықты маңыздылығына, жәнеде адамның қандайда бір іс-әректтерінде қаншалықты қолданыс табатындығына тәуелді.

Көкейтесті. Ақпараттың көкейтестілігі – ол уақыттың ағымды сәтіне ақпараттың сәйкестік дәрежесі.

Дер кезілік. Тек қана дер кезінде алынған ақпарат күтілген пайда әкелуі мүмкін. Күнбұрын берілген ақпарат болсын (онда ол меңгерілмеуі мүмкін), кешеулете берілген ақпарат болсын бірдейқажетсіз болады.Егер құнды және дер кезінде берілген ақпарат түсініксіз мәнерде берілсе, ол пайдасыз болып қалуы мүмкін.

Түсініліктілік. Ақпарат түсінікті бола бастайды, егер ол кімге арналғандығына байланысты соның тілімен берілсе.

Мүмкіндік. Ана немесе мына ақпаратты алу мүмкіндік өлшемі.Немесе ақпарат жетімді түрде (қабылдау деңгейінде) жеткізілуі қажет. Сондықтан мысалы, бір ұғым мектеп оқулықтарында және ғылыми басылымдарда әртүрлі баяндалады.

Ықшамдық. Ақпаратты ықшамды (қысып, ежелеусіз) немесе кең (толық, сөзуарлы) баяндауға болады. Ақпараттың ықшамдылығы анықтамаларда, энциклопедияларда, оқулықтарда, алуан түрлі нұсқамаларда қажет.

Ұсынылу формасына байланысты ақпарат: мәтіндік, сандық, графикалық, әуендік, аралас деп бөлінеді.Қоғамдық мәніне қарай ақпарат: күнделікті, саяси-қоғамдық, эстетикалық, ғылыми, техникалық, өндірістік, басқарушылық, т.б. деп бөле беруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет