Информатиканы оқу пәні ретінде сипаттаңыз



бет1/4
Дата26.10.2023
өлшемі21,9 Kb.
#188380
  1   2   3   4
Байланысты:
айти рубеж


  1. Информатиканы оқу пәні ретінде сипаттаңыз

Информатика – ақпаратпен жұмыс істеу заңдылықтары, есептеуіш техниканың құралдарымен ақпаратты түрлендіру, сақтау және жіберу туралы, сонымен қатар есептеуіш техниканың құралдарының жұмыс істеу қағидалары мен оларды басқару әдістері туралы ғылым және оқу пәні.
«Информатика» оқу пәні ретінде өзінің қалыптасу деңгейінде: компьютерлік технология өзгерген сайын оны меңгерудің жолдары да өзгеруде.
Информатиканың зерттейтін объектілері:

  • Ақпарат;

  • Ақпараттық қорлар;

Зерттейтін мәселесі — ақпаратты өңдеудің әдістері, технологиясы және құралдары.
Информатика пәні келесі ұғымдарды қамтиды:

  • Есептеуіш техника құралдарының аппараттық жабдықтамасы (Hardware);

  • Есептеуіш техника құралдарының бағдарламалық жабдықтамасы (Software);

  • Аппараттық және бағдарламалық құралдардың өзара іс-әрекеттері (байланыстары);

  • Адамның аппараттық және бағдарламалық құралдармен іс-әрекеттері (байланыстары);

  1. Информатиканы оқыту әдістемесін педагогикалық ғылым ретінде сипаттаңыз

Жалпы білім беретін орта мектепте «Информатика және есептеуіш техника негіздері» курсының енгізілуімен қатар педагогика ғылымының жаңа саласы – информатиканы оқыту әдістемесі (ИОӘ) қалыптаса бастады. «Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінің зерттейтін нысаны информатиканы оқыту болып табылады.
ИОӘ пәнінің мазмұны екі негізгі бөлімді қамтиды:

  • жалпы әдістемелік бөлім – онда информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы теориялық негіздері, бағдарламалық және аппараттық жасақтамалар қарастырылады;

  • жеке (нақты) әдістемелік бөлімінде мектептегі информатика курсының пропедевтикалық, негізгі және бағдарлы оқу кезеңдеріндегі басты тақырыптарды оқыту әдістемесі қарастырылады.

Оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес информатиканы оқыту әдістемесі пәні өзінің алдына мына негізгі міндеттерді қояды:

  • информатиканы оқудың нақты мақсаттарын, оның орта мектептегі оқу жоспарында жалпы білім беру пәні ретінде алатын орнын анықтау;

  • практик-мұғалімге қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған оқытудың ең тиімді ұйымдастыру формаларын және ұтымды әдістерді ұсыну;

  • информатика және есептеуіш техниканы оқытудың барлық құралдарын (оқу құралдары, бағдарламалық құралдар, мультимедиалық құралдар, компьютерлер, интерактивті тақталар, т.с.с) қарастыру;

  • мұғалімнің практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру;



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет