Ерте пісетін арамшөптер
Егістік қыша - Горчица полевая - Sіnapіs arvensіs
Бір жылдық арамшөп. Сабағы тармақтанған, түкті, биіктігі 100 см-ге дейін жетеді. Тұқымы бұршағында өсіп жетіледі, сонан кейін жерге шашылып төгіледі. Бір өсімдік 4000-ға дейін тұқым береді. Тұқымы топырақты және дақылдардың дәндерін ластайды. Топырақта өзінің өнгіштік қабілетін он жылға дейін сақтай алады. Ең қолайлы көктеп шығатын тереңдігі 5 см-ге дейін. Көктемде егістік қышаның тұқымы алғашқы кезде баяу өседі, ал кейін оның өніп шығу қабілеті күшейеді. Бұл арамшөп бейтарап, тіпті сілтілі топырақтарда жақсы өседі. Егір егістік қыша жемшөпке араласып кетсе, онда сүттің сапасын төмендетеді. Ал, енді арпаға осы арамшөптің тұқымы араласса, онда шошқаларды уландырады.
Достарыңызбен бөлісу: |