Алабота - Марь белая – Chenepodіum album
Алаботаның жапырақтары мен сабағы ұн тәріздес жұқа ақ қабықпен жабылған. Гүлдері өңсіз. Тұқымының сыртында қатты қауашағы бар, сондықтан оларды алдын ала буламаса, жануарлардың асқазанында қорытылмай, олардың қиымен бірге түседі, танаптарды ластайды.
Барлық ауылшаруашылық дақылдарына, әсіресе отамалы дақылдарға өте зиянды. Сабағы тік, қатты бұтақталған, биіктігі құнарлы топырақта 1,5 м кейде оданда биік болып өседі. Бір өсімдік 200 мың, кейбір өсімдік 700 мың тұқымға дейін береді.
Жануарлардың ас қорыту органдарынан өткеннің өзінде де өнгіштік қабілетін жоймайды. Олар полиморфты. Бір өсімдіктің өзінде үш түрлі тұқымдары кездеседі: ірі, жалпақ және қоңыр. Тұқымдар, піскен жылы өседі; майдалау, тұқымының қабығы қалың, қара түстілері екінші жылы өседі, ал өте майда, дөңгелек, қара тұқымы тек үшінші жылы ғана өседі.
Тұқымының өнгіштігі 8-жылға, өмір сүру ұзақтығы 38-жылға дейін сақталады. Үсікке төзімді. Тұқымы 8-10 см тереңдіктен шығады. Ерте көктемнен күзге дейін созылып, өсе береді.
Алабота жаздың екінші жартысында пісіп жетіледі. Негізінен дәнді (күріштен басқа), бұршақ тұқымдас дақылдарды, жүгері, мақта, қант қызылшасы, картоп егістерін ластайды.
Достарыңызбен бөлісу: |