Қоректік заттар. Өсімдіктерге органикалық заттарды түзу үшін ауадағы көміртегінің қос тотығы мен судан алатын сутегі және оттегінен басқа топырақтан алатын біраз элементтер керек. Олардың ішіндегі ең маңыздыларына азот, фосфор, калий, кальций, магний, темір және күкірт жатады. Оларды микроэлементтер деп атайды.
2. Топырақтың су режимі және оны реттеу жолдары. Топырақтың су жүргісі (режимі) – ылғалдың топыраққа келіп енуі, онда қозғалуы, шығын-дануы (жұмсалуы) және судың физикалық қасиеттерінің өзгеру процес-терінің жиынтығы.
Өсімдіктерге су өте көп мөлшерде керек. Тамыры арқылы алынған судың олар аз ғана (0,15-0,20 пайыз, кей-кезде бұдан сәл жоғары) бөлігін сіңіреді. Қалған анағұрлым көп бөлігі өсімдіктердің жапырағы және басқа органдарынан буланып ұшып кетеді. Бұл процесті транспирация деп атайды. Белгілі бір аумақтан барлық шығын болған судың көлемін осы жерден алынған өнімге бөлгенде, шығатын өлшемді транспирациялық коэффициент дейді.
Транспирацияның арқасында топырақтағы ылғал өсімдік тамырына еніп, одан оның сабақтарына, бұтақтарына, жемісіне және жапырақтарына тарайды, әрі қарай буланып атмосфераға кетеді. Транспирация салдарынан шығын болған суды пайдасыз деуге болмайды. Өйткені транспирация процесінің барысында сумен бірге қоректік заттар өсімдікке еніп, оның дұрыс қоректенуін қамтамасыз етеді.
Топыраққа су атмосфералық жауын-шашын түрінде, жер асты сулары-нан, атмосферадағы су буының конденсациялануынан (сұйық түрге айналуы-нан), егінді суару кезінде келіп түседі.
Табиғи жағдайда, әсіресе Қазақстан Республикасында жер бетіне келіп түсетін ылғал мөлшері өсімдіктердің жалпы су пайдалануынан аз болады, сондықтан осы жетіспейтін ылғал мөлшерін қосымша беруіміз керек.
Бұл агротехникалық шараны суару арқылы орындаймыз.
Топырақтың су режимін немесе су тепе-теңдігін формула арқылы анықтаймыз.
Топыраққа кіріс болатын ылғалдардың түрі:
жауын (Ж), топырақ құрамындағы ылғал (W), жер асты ыза суы (Г), маусымдық суару норма (М), шық (Ш).
Достарыңызбен бөлісу: |