І. ДӘРІС
Тақырыбы: Қазақстан республикасында мелиоративтік егіншілік жағдайы және келешегі
Дәрістің мақсаты: Қазақстан республикасының жер ресурстары, пайдалану проблемаларымен таныстыру.
Пәннің мақсаты мен міндеттері, оларды шешу жолдары. Жерді мелиорациялаудың негізгі түрлері, оларға қысқаша сипаттама жасау.
Түйінді сөздер: мелиорация, суару жүйесі, эрозия, ғаныштау.
Дәріс жоспары:
1. ҚР жер ресурстары, пайдалану жағдайлары
2. Мелиоративтік егіншіліктің мақсаты мен міндеттері
3. Жерді мелиорациялаудың негізгі түрлері
1. Қазақстан республикасы жер қоры бойынша әлемде 9 орынды алады. Жалпы жер көлемі 272,5 млн. гектар. Осы жердің 6 пайызы ғана мемлекет қарамағында, ал 94 пайызы фермерлер, шаруа қожалықтары және басқа ұжымдарда. Ауыл шаруашылығында пайдаланатын жерлер – 222,4 млн.га, оның ішінде егістік жерлер – 24 млн.га. (1 кесте). 1990 жылмен салыстырған-да егістік жерлердің көлемі 9 млн. гектарға азайды. Оның себебі тың жерлерді игереміз, гектарды көбейтеміз деп жерлерді жыртып тастадық. Ол жерлер эрозияға ұшырап құнарлылығын жоғалтты. Осындай жағдайларға байланысты көп жерлер егістік көлемінен шығып қалды Оның үстіне, егістік жерлердің ішінде 4,3 млн. гектар жер әртүрлі дәрежеде тұзданған, ол жерлер мелиоративтік жақсарту шараларын керек етеді.
Суару жүйелерінің істен шығуына, суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайларының нашарлауына байланысты 2,3 млн. гектар суармалы жердің бар болғаны 1,3 млн. гектары ғана суарылады. 468 мың гектар жерге орнатылған әртүрлі кәріздер жұмыс істемейді, соның әсерінен суармалы жерлер тұзданып егін егуге жарамай жатыр.
1-кесте. Қазақстан республикасының пайдаланылатын жерлер құрылымы
Достарыңызбен бөлісу: |