Инженерлі технологиялық институты



бет82/103
Дата27.04.2020
өлшемі1,97 Mb.
#64861
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   103
Байланысты:
Мелиорат. зем.на каз

Бақылау сұрақтары:

1. Топырақ ылғалының өсімдіктердің өніп-өсуне әсері

2. Топырақ ылғалдылығын анықтау әдістері.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.

2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.

3.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.



ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ №2

Тақырыбы: Топырақтың қайта тұздануы және оны болдырмау

Сабақтың мақсаты: топырақтың тұздануының себептері және табиғатқа келтіретін зияндарымен таныстыру. Бірінші және екінші тұздану себептері. Сортаң топырақ түрлері, олардың ерекшеліктері және олармен агротехникалық жолмен күрес.

Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары: слайдтар, суреттер, плакаттар.

Топырақтың тұздануы дегеніміз – өсімдіктің өсіп-жетілуіне кері әсер ететін топырақтың тамыры жататын қабатына еріген немесе сіңген тұздың жиналуы.



Алғашқы тұздану табиғи гидрогеологиялық жағдайларға байланысты анықталады. Құрғақшылык аудандардың ыза суының құрамында едәуір мөлшерде тұз болады. Осы сулар капиллярлармен топырақтың төменгі қабатына көтеріліп буға айналады. Ал тұз топырақта және оның бетінде қалып қояды. Бұл жағдайды топырақтың екінші тұздануы деп айтамыз.

Суармалы жерлер де тұзданады. Ол негізінен суды дұрыс пайдаланбау салдарынан болатын кұбылыс. Ыза суы деңгейінің артуына орай сортаңдану күшейе түседі. Сондықтан да, жеңіл топырақты аудандарда ыза суын жер бетінен 2,5-3 м, ал ауыр топырақты аудандарда 4-5 м, қашықтықтарда ұстау қажет. Егер ыза суы тереңде болса топырақ тұзданбайды. Суармалы жердің тұздануының негізгі себептері: ыза суының көтерілуі, өте буланғыштығы, оның капиллярлы түтікшелермен топырақтың жоғарғы қабатына тұздың жетуін күшейтуі, топырақ капиллярының су өткізгіші, ыза суының немесе топырақтың құрамында тұздың көп болуы. Суармалы жердің сортаң тартуын болдырмаудың негізгі шаралары осы құбылыстардың дұрыс реттелуіне байланысты.

Суармалы жерлерде ыза суының деңгейі мына себептерге байланысты көтеріледі:


  • каналдардан судың сүзілуі, сондықтан да канал суының шығынын болдырмау керек;

  • тым көп суарғанда топырақ суға шылқып кетеді де, артығы ыза суын толтырады;

  • егістік жердің тегіс болмауы, мұндайда биік тұстарына су бара бермейді де, бәрі ойыс тұстарына жиналады. Сөйтіп ол да, ыза суын толықтыруға кетеді. Сондықтан да жерді тегістеу – бұл тұрғыда, ең қажетті шара болып табылады.

Топырақ бетінің булануын егістік жиі егу және аңыздық дақылдар егу жолымен, сондай ақ ауыспалы егіс шекараларының жел ұстайтын, жер бетіндегі ауа қабатының ылғалдылығын көтеретін орман жолақтарын отырғызу жолымен азайтуға болады.

Су мен тұздың топырақтың беткі қабатына капиллярлы көтерілуін топырақтың құрылымын қопсыту арқылы азайтуға болады.



  • Әрбір шаруашылық топырақ сортаңдануының алдын алулары керек.

  • Су пайдалану ережелерін бұлжытпай орындаулары қажет.

  • Каналдардан су шығынын азайту үшін, каналдардан су сүзілмейтін шаралар жасау керек.

  • Суармалы ауыспалы егіс маңайына суға бастырылатын күріш егуге болмайды, оларды кәрізделген танапқа шоғырландырылған жөн, кей жағдайларда ғана сортаң топырақты жерлерге оларды шаю және тұзын ыдырату мақсатымен күріш өсіруге болады.

  • Түнгі суару, топырақ шаю жұмыстарының дұрыс жүргізілуін қатаң қадағалап отыру керек.

  • Су жинау, су қашырту және коллекторлы-дренажды жүйелерді ақаусыз ұстау керек.

  • Тұрақты каналдарын бойлай тез өсетін және тамыры тереңге кететін ағаш егу керек. Ол каналдардан танапқа сүзілетін суды тез сіңіріп алады.

Топырақтың сортаңдану дәрежесін жаз күндерінде өсімдіктің жағдайына қарап оңай айыруға болады. Топырақ қатты сортанданса, оның беті ақтаңданып жатады, өсімдік 50%, кейде одан да көп, ал орташа сортанданған жерде 30-50%, аз сортанданған жерде 10-30% сиреп кетеді.

Зиянды сортандануға NaСl, MgCl2, СаС12, хлорлы Na2SO4 , MgS04 күкірт қышқылды жиналған карбонаттар жатады. Топырақтың құрамында оның құрғақ массасының 3 процентіндей болса, ол жерді жақсарту шараларын жүргізбей ауылшаруашылығына пайдалануға болмайды.

Жердің сортандануын сор және сортаң деп бөледі.

Cop топырақтың беткі қабатының құрамында хлорлы, күкірт қышқылды натрий секілді тез еритін тұздар сирек болса да, көмірқышқылды, күкіртқышқылды, кейде калций мен магнийдің хлорлы тұздары бар топырақ жатады. Сор жерлерде топырақ ертіндісінің мол концентрациясы өсімдікке улы әсер етеді.

Сор іркілдек, ылғалды, қара және шалғынды болып келеді. Іркілдек сормен жүргенде адамнын аяғы топыраққа кіріп кетеді. Қара сор шірінді заттардың еруі салдарынан қара түске айналады. Бұл топырақтарды құрылымсыз деуге болады.

Сортаң топыраққа сіңген натрий бар топырақты жерлер жатады. Сортаң жер топырағының физикалық қасиеттері төмендейді. Өйткені, оның өткізу қасиеті нашарлап, бетінде тығыз қабық пайда болады.

Сортаң жерге топырағының құрамында органикалық заттар аз жерлер жатады. Ауыл шаруашылығында ондай жерлерді органикалык және минералды тыңайтқыштар немесе сөндірілген әк енгізілген соң ғана пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет