Бақылау сұрақтары:
1. Топырақтың тұздану себептері.
2. Екінші рет тұздануды қалай түсінесіз.
3. Топырақ сортаңдану түрлері және өсімдікке тигізетін зияны.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.
2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.
3.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ №3
Тақырыбы: Орман мелиорациясы
Сабақтың мақсаты: Орман мелиорациясының маңыздылығымен таныстыру.
Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары: слайдтар, суреттер, плакаттар.
Орман мелиоративтік жүйесі деп, ауылшаруашылығында пайдаланатын жүйелі түрде егілетін екпе ағаштар мен бұта алқаптарын атайды.
Ауылшаруашылығына ауа райының кейбір қолайсыз жағдайларының тигізетін зиянына қарсы күресте орман мелиорациясының маңызы ерекше. Ол әсіресе, егістік жердің микроклиматын жақсартып, құрғақшылықтың зиянды әсерін азайтады, егістікке еріген қар суын сақтай отырып, топырақтың ылғалдылығын көтереді. Екпе ағаштардың тал мен бұталардың эрозиялык процесстерді тоқтатудағы маңызы өте зор екенін ұмытуға болмайды. Жоғарыда айтқандай құрғақшылық жылдары екпе ағаштардың тал, бұталардың егістік алқаптың өнімін төмендемеуіне әсерін ылғал сақтау, қар тоқтату арқылы тигізеді.
Суармалы жерлердің 4-5%-на міндетті түрде екпе ағаш отырғызылуы керек. Екпе ағаштар қабатының ені 10-12 метрден кем болмау керек. Желдің зиянды әсері егістікке тимеу үшін бір жерге отырғызылған екпе ағашпен екінші жерге отырғызылған екпе ағаштар жолағының ара қашықтықтары 200 метрден 500 метрге дейін болады, ал көлденең отырғызылған екпелердің ара қашықтығы 1000-1500 метр болады. Әр қатардың ара қашықтығы 1-2 метр. Егер каналдардың түбінде көп тұнба заттар жиналатын болып, оны механикалық түрде аршып тазалайтындай жағдай болса, екпе ағаштар каналдың бір жағында ғана отырғызылуы керек (көбінесе жел жағында). Екпе ағаштардың қажетті түрлерін таңдай білген дұрыс. Биік өсетін ағаштардан егілетіндер – терек, емен, үйеңкі, шаған, ал қысқа бойлы жайылып өсетін ағаштар қатарынан ақ-тал, көктал, және т.б.
Ауыл шаруашылығында пайдаланатын екпе ағашты 4 түрлі өрнек тәсілімен отырғызады.
Жел эрозиясына қарсы, ылғал сақтау үшін екпе ағаш отырғызу өрнек тәсілдері. (Н.Д. Никитин бойынша)
Ағаш отырғызу
өрнек тәсілдері
|
Саңылау саны
|
Ескерту
|
ағаштардың жоғарғы жағы
|
ағаштардың төменгі жағы
|
Торлы желдеткіш
|
15-35
|
60
|
Талдың жапырақтанып
тұрған кезіндегі өлшем. Жапырақ түскенде бұл өлшем 2-2,5 есе үлкейеді.
|
Желдеткіш
|
0-10
|
60
|
Торлы
|
15-30
|
15-30
|
Тығыз
|
0-10
|
1-10
|
Екпе ағаш отырғызылғаң танаптардағы жаз айларындағы топырақтың бетіндегі температурасын ағаш отырғызылымаған жерге қарағанда 5-60С-қа төмендетеді, ал салқын күндері 4-50С жоғарылатады. Сонымен қатар, ауа ылғалдылығы да 9-11%-ке көтеріліп немесе екінші жағдайда 3-7%-ке төмендейді. Мұндай жер бетіндегі ауа құрылысы өсімдіктердің өсіп-өнуіне жақсы әсерін тигізеді.
Суармалы жерлерде отырғызылған екпе ағаштар жер асты суының деңгейінің көтерілуіне жол бермейді. Осының арқасында топырақтың жоғарғы қабатындағы тұз төменгі қабатқа ауысып, оның құнарлылығы жоғарылайды. Ағаш екпелер топырақтағы азотты бактериялардың тіршілігін жылдамдату арқасында нитратты азотты 18-25%-ға дейін көбейтеді.
Орман мелиорациясының табиғатқа тигізетін әсері әлі терең және жан-жақты қамтылып қаралмаған. Дегенмен, кейбір жариаланған деректерге сүйене отырып, екпе ағаштардың қоршаған ортаға тигізетін мелиоративтік әсерін көрсетуге болады.
Әртурлі өрнек тәсілдерімен отырғызылған ағаш жолақтарының қоршаған ортаның экологиялык көрсеткіштеріне тигізетін мелиоративтік әсері.
Кіргендегі мәні
|
Шыққандағы мәні
|
Д
|
ЖЖ
|
АТ
|
Б
|
ТТ
|
АЫ
|
СБ
|
ТЫ
|
Д
|
ЖЖ
|
АТ
|
Б
|
ТТ
|
АЫ
|
СБ
|
ТЫ
|
Торлы желдеткіш екпе отырғызбалар
|
38
|
17
|
28
|
60
|
25
|
22
|
87
|
40
|
29
|
10
|
23
|
36
|
22
|
31
|
46
|
56
|
Желдеткіш екпе отырғғызбалар
|
38
|
17
|
28
|
60
|
25
|
22
|
87
|
40
|
31
|
9
|
21
|
34
|
20
|
33
|
44
|
59
|
Торлы екпе отырғызбалар
|
38
|
17
|
28
|
60
|
25
|
22
|
87
|
40
|
26
|
8
|
24
|
35
|
23
|
32
|
41
|
54
|
Тығыз екпе отырғызбалар
|
38
|
17
|
28
|
60
|
25
|
22
|
87
|
40
|
41
|
14
|
26
|
40
|
24
|
20
|
59
|
48
|
Д – топырақтың шайылуы (т/га); ЖЖ – жел жылдамдығы (м/с) ; AT – ауа температурасы (0С); Б – топырақтaн ылғалдың булануы (мм) ; ТТ – топырақтың температурасы (0С) ; АЫ – ауа ылғалдылығы (%); СБ – су бетінен булану, мм ; ТЫ – топырақтың ылғалдылығы (%).
Бұл кестеден қоршаған ортаның экологиялық жағдайына екпе ағаштарының тигізетін әсері оның конструкциясына, отырғызған өрнек тәсіліне көп байланысты екенін байқауға болады
Атап айтқанда торлы желдеткіш өрнек тәсілде топырақтың шайылуы әр гектардан 38 тоннадан 28 тоннаға азайса, желдеткіш өрнекте 31 т/га, торлыда 26 т/га азайып отыр. Ал соққан желдің жылдамдығы 17 м/с-ке тең болғанда атаған қатарда 10,9-8 ге дейін төмендеп отыр. Орман мелиорациясының агрономиялық маңызынан басқа да экологиялық маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |