Инженерлік сызба



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата01.12.2022
өлшемі3 Mb.
#160791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
Сызу оқулық

Тіліктер классификациясы 
Қиюшы жазықтықтардың орналасуына сәйкес тіліктер 
көлденең, тік және көлбеу болып 
бөлінеді.
Қиюшы жазықтық горизонталь 
проекция жазықтығына параллель 
болса, көлденең тілік деп аталады 
(2.8 сурет). 
Горизонталь 
проекция 
жазықтығына 
перпендикуляр 
қиюшы жазықтықпен орындалған 
тілік – тік немесе вертикаль тілік деп 
аталады (2.9 сурет).
Егер вертикаль тілік фронталь 
қиюшы жазықтықпен орындалса, 
фронталь тілік (А – А) 
(2.9 
сурет) 
деп, 
ал 
профиль 
қиюшы 
жазықтықпен орындалса, 
профиль тілік (Б – Б) (2.9 
сурет) деп атайды. 
Қиюшы 
жазықтық 
горизонталь 
проекция 
жазықтығына қандай да 
бір 
бұрыш 
жасай 


13 
орналасса, көлбеу тілік деп атаймыз (2.10 сурет). 
Қарапайым тіліктер 
 
Қиюшы жазықтықтардың санына қарай тіліктер қарапайым 
және күрделі болып бөлінеді. Бір ғана қиюшы жазықтықпен 
орындалған тілік қарапайым 
тілік деп (2.11 сурет), ал 
бірнеше қиюшы жазықтықпен 
орындалған тілік – күрделі деп 
аталады. Нәрсенің өлшемдеріне 
қатысты 
қиюшы 
жазықтықтардың орналасуына 
байланысты тіліктер көлденең 
және ұзына бойлай деп бөлінеді. 
Қиюшы жазықтықтар нәрсенің 
ұзындағын немесе биіктігін 
бойлай өтсе көлденең. ал 
нәрсенің ұзындығына немесе 
биіктігіне 
перпендикуляр 
бағытталған болса, олар ұзына бойлай орындалған тілік деп 
аталады. 
Тіліктердің белгіленуі 
 
Қиюшы жазықтықтардың орны сызбада қима сызығымен 
көрсетіледі. 2.303-68 МЕСТ бойынша қима сызығы үшін 
жуандатылған үзік сызық қолданылады. 
Қарапайым тіліктер үшін қиюшы жазықтықтың бастапқы 
және шеткі сызықтары сызылады (2.11 сурет), ал күрделі тіліктер 
үшін – бастапқы, бұрылған жері және шеткі сызықтары (2.15, 
2.16 суреттер). 
Бастапқы және шеткі қима сызықтары нәрсе кескіні 
контурларын, шығарма және өлшем сызықтарын қиып өтпеуі 
керек. Қима сызығына перпендикуляр етіп қарау бағытын 
көрсететін нұсқама қойылады. Нұсқамалар сызық шетінен 2-3 мм 
қашықтықта салынады (2.5, 2.15, 2.16 суреттер). Әр нұсқаманың 
қасына бірдей бас әріп қойылуы керек. 


14 
Тілік үстіне қиюшы жазықтықты көрсеткен әріптер сызықша 
арқылы жазылады (2.11, 2.15, 2.16 суреттер). 
Егер қарапайым тілікте қиюшы жазықтық тетікбөлшектің 
симметрия жазықтығымен беттеспесе, белгіленеді (2.11, А-А 
тілігі). 
Егер 
қиюшы 
жазықтық 
тетікбөлшектің 
симметрия 
жазықтығымен беттесіп, сәйкес кескіндер сол бетке проекциялық 
байланыста орналасса және олардың арасын басқа кескіндер 
бөліп тұрмаса, қарапайым тіліктер белгіленбейді (2.11, фронталь 
және профиль тіліктер). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет