5
1. СЫЗБАЛАРДЫ ОРЫНДАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
«Инженерлік
сызба»
курсын
меңгеріп,
графикалық
тапсырмалар мен сызбаларды орындау үшін, оларды орындаудың
ережелерін білу қажет.
Сызбаларды орындаудың ережелері машина жасау және
техникалық сызбалар анықтамасында берілген. Тақырып
бойынша толық мағұлмат алу үшін
ұсынылған әдебиеттерді
пайдалану керек.
1.1.Пішімдер
Негізгі пішімдер өлшемдері 1.1. кестеде көрсетілген.
Кесте 1.1.
Пішімдердің
белгіленуі
А4
А3
А2
А1
А0
Пішім
қабырғаларының
өлшемдері, мм.
210х297 297х420 420х594 594х841 841х1189
Негізгі пішімдердің ең үлкенінің ауданы (А0) бір шаршы
метрге тең. Пішімдер сызба жиегімен шектеледі (1.1, 1.2 сурет),
сол жағынан 20 мм – сызбалар жинағын тігуге арналған жиек, ал
қалған үш жағынан 5 мм-ден жиек сызылады. Оң жақ төменгі
бұрышына негізгі жазу (1.3 сурет) орналастырылады.
Негізгі
жазу бөлімдерінің толтырылу үлгісі сызба түрлеріне байланысты
әрбір нақты жұмыс үшін әдістемелік нұсқауда беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: