Инженерлік сызба


 Бұранда элементтері мен негізгі параметрлері



Pdf көрінісі
бет14/23
Дата01.12.2022
өлшемі3 Mb.
#160791
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
Сызу оқулық

3.2. Бұранда элементтері мен негізгі параметрлері 
Бұрандалардың негізгі параметрлері 11708-66 МЕСТ-мен 
анықталған. Бұрандаларды үш диаметрмен сипаттайды: сыртқы d 
Бұранданың сыртқы 
диаметрі d (D) 
- сырқы бұранданың төбелері немесе 
ішкі бұранданың ойықтары арқылы 
өтетін цилиндрдің диаметрі. Бұл 
бұранда көптеген бұрандалар үшін 
анықтамалық 
өлшем 
болып 
есептеледі, сондықтан бұранданың 
шартты белгілері қатарына кіреді. 
Бұранда профилі 
- бұранданы осі арқылы өтетін 
жазықтықпен 
қиғандағы 
қима 
контуры (3.2 сурет). 
Бұранда профилінің 
бұрышы ά 
- профилдің бүйір жақтарының 
арасындағы бұрыш (3.2 сурет). 
Бұранда адымы Р 

бұранданың осіне параллель 
бағытталған профилдің көршілес 
аттас 
бүйір 
жақтарының 
ара 
қашықтығы (3.3 сурет). 
Бұранда жүрісі t 

бұранда 
осіне 
параллель 


27 
бағыттағы, бір ғана винттік бетке 
жататын 
профилдің 
аттас 
қабырғаларының арақашықтығы (3.3 
сурет). 
Біркірмелі 
бұранданың 
жүрісі қадамға тең, ал көпкірмелі 
бұрандада – кіріс санын (n) қадамға 
(Р) көбейткенге тең
(t = nР).
Бұрандаларды алу үшін қолданылатын құралдарда шеттері 
қиықжиекті болып келеді. Сондықтан бұранданың соңғы 
орамдары дұрыс пішінді болмайды. Профилдің биіктігі біртіндеп 


28 
кеми береді. Бұранданың ұзындығын есептегенде оның іске 
жарамсыз 
бөліктері 
есептелмейді 
және 
көрсетілмейді. 
Бұранданың іске жарамсыз бөліктерін көрсетпеу мақсатында 
мұндай жерлерін жонып тастайды. Бұрандалы сырықты тесікке 
оңай бұрап кіргізу үшін, бұранданың шетіне 45º бұрыш жасай 
қиықжиек (фаска) орындалады (3.5 сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет