32
2.7.Бұрандалы қосылыстар
Бірде бір машина, не механизм бұрандалы біріктірулерсіз
жасалмайды. Бекіту бұрандаларының
ішіндегі ең кеңінен
қолданылатыны метриялық бұранда. Ол негізінде стандарт
бұйымдарға жататын болт, винт, шпилька, гайка т.б.
тетікбөлшектерде орындалады.
Техникада жиі кездесетін бұрандалы біріктірулер – винттік,
болттық және шпилькалық.
Болттық және шпилькалық
біріктірулердің үлгісі 3.9, 3.10 суреттерде келтірілген.
«Инженерлік сызба» қашықтан оқыту пәнінің әдістемелік
нұсқауындағы 2-9 қосымшаларда жеке тапсырмалар нұсқалары,
анықтамалық таблицалар мен жұмыстардың орындалу үлгілері
берілген.
4. ТЕТІКБӨЛШЕКТІҢ ЭСКИЗІН ОРЫНДАУ
4.1. Жалпы түсінік
Өндірісте бір рет қана пайдалануға
болатын сызбаларды
эскиз
түрінде
орындауға
рұқсат
етіледі.
Тетікбөлшек
элементтерінің пропорциясын сақтай отырып, көзмөлшерлік
масштабта,
кез-келген
материалға
сызба
аспаптарының
33
көмегінсіз, қолмен орындалған
уақытша сипаттағы сызба
эскиз
деп аталады. Эскиздер жаңа жобаларды жасауда және
қолданыстағы бұйымдарды жетілдіруде қолданылады. Эскиз
тетікбөлшек дайындауда немесе
оның сызбасын орындауда
маңызды құжат болып есептеледі. Сол себепті ол сауатты, айқын
орындалған болуы шарт, әйтпесе дайындалған бұйым ақаулы
болып шығуы әбден мүмкін.
Эскизді нәрсе кескінін орындауда
қолданылатын тік және
көлденең сызықтарды жүргізуге қолайлы болу үшін шатыраш
қағазға жұмсақ қарындашпен орындаған дұрыс.
Эскизде кескіндермен қатар, тетікбөлшекті дайындауға және
бақылауға арналған барлық мәліметтер болуы керек, яғни:
а)
өлшемдер;
ә)
бет бұдырлығы;
б)
материал туралы мәлімет;
в)
термоөңдеу түрі;
г)
дөптілік және (отырғызу) посадка;
д)
пішіндердің орташа
ауытқулары мен тетікбөлшек
беттерінің орналасуы.
Негізгі жазуда тетікбөлшек атауы, материал және оның
белгіленуі көрсетіледі.
Оқу сызбасында
в, г, д
бөлімдерін
басқа пәндерден
оқытылатын арнайы білімді қажет ететіндіктен, орындамауға
болады. Ал
ә, б
бөлімдері
анықтама әдебиеті бойынша
орындалады. Машинажасауда жиі қолданылатын материалдар
туралы мәліметтер қосымшада келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: