23
тікбұрышты изометрияны келтірілген
коэффициенттері арқылы
орындайтын болса, онда 1, 2, 3 эллипстердің үлкен осі 1,22, ал
кіші осі - 0,71 берілген шеңбер диаметріне тең болады (2.30
сурет).
Келтірілген
коэффициенттері
арқылы
тікбұрышты
диметрияны орындайтын болса, 1, 2, 3 эллипстердің үлкен осі
1,06 шеңбер диаметріне тең, ал 1 эллипстің кіші осі 0,95 және 2, 3
– 0,35 шеңбер диаметріне тең болады (2.31 сурет).
Аксонометриялық проекцияларда тілік орындау
Ішкі
жағында
қуыстары
бар
тетікбөлшектердің
аксонометриялық проекцияларын орындағанда,
оның пішінін
айқындау үшін тіліктерді қолданады. Бұл екі немесе үш
жазықтықты
қолдану
арқылы
жүзеге
асырылады,
жазықтықтардың әрқайсысы координата жазықтығына параллель
орналастырылады. Көбіне қиюшы жазықтықтар тетікбөлшектің
симметрия жазықтықтарымен сәйкес келеді.
Аксонометриялық
проекцияларға тұтас тілік орындамайды,
себебі тетікбөлшектің
сыртқы пішіні көрінбей қалады. Көп жағдайда ширек бөлігі (2.35
сурет), кейде сегізден бір бөлігі алынып тасталады. Қиюшы
жазықтық арқылы алынған бұрыш
әрқашан көрінетін етіп
сызылады.
Штрихтау сызығы әрбір қиюшы жазықтықта белгілі бір
бағытта жүргізіледі, олар тікбұрышты изометрия үшін 2.32
суретте, ал тікбұрышты диметрия үшін 2.33 суретте көрсетілген.
24
Тетікбөлшектің аксонометриялық
проекциясына орындалған
тіліктің, оның проекциялық кескініне орындалған тіліктен
айырмашылығына көңіл аудару керек, яғни қатаңдық қыры, жұқа
қабырғалар, ушко сияқты тетікбөлшек
элементтері штрихталады
(2.34 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: