6
Масштабтар
Сызбада кескінделген нәрсе
өлшемдерінің осы нәрсенің
нақты өлшемдеріне қатынасы масштаб деп аталады. Стандарт
бойынша бекітілген масштабтар 1.2. кестеде көрсетілген.
Кесте 1.2.
Кішірейту
масштабтары
1:2 1:2,5 1:4 1:5 1:10 1:15 1:20 1:25 1:40 1:50
Нақты шама 1:1
Үлкейту
масштабтары
2:1 2,5:1 4:1 5:1 10:1 15:1 20:1 25:1 40:1 50:1
Сызба сызықтары
Нәрсе
сызбасы оқуға ыңғайлы
болу
үшін
қолданылуына,
қалыңдығына
қарай
түрлі
сызықтармен
кескінделеді.
Сызықтардың қалыңдығы сызбаның
өлшеміне,
күрделілігі
мен
қолданылуына байланысты.
Сызба
сызықтарының мемлекеттік стандарт
бекіткен мынадай түрлері бар:
тұтас
(жуан негізгі, жіңішке және ирек), үзік
(жіңішке және жуандатылған), үзік
нүктелі, іркісінді (1 қосымша). 1.5
7
суретте сызба сызықтарының қолданылуы көрсетілген.
Сызба қарыптері
Сызбадағы жазулар 2.304-81
МСТ-ы бойынша қолмен
орындалады.
Сызбадағы жазуларды дұрыс жазу үшін аталған стандартты
пайдалану керек. Қарыптердің жазылу үлгісі 2
қосымшада
берілген.
Достарыңызбен бөлісу: