Инженерлік сызба



Pdf көрінісі
бет13/23
Дата01.12.2022
өлшемі3 Mb.
#160791
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
Сызу оқулық

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аксонометриялық проекция көрінісін таңдау 
 
 
Тетікбөлшектің аксонометриялық проекциясын тұрғызбас 
бұрын оның орындауға ыңғайлы және көрнекілігін айқын 
көрсететіндей көрінісін таңдап алуымыз қажет. 
Тетікбөлшектің барлық көрінетін жақтары біркелкі болған 
жағдайда (2.35 сурет) тікбұрышты изометрияны пайдаланған 
жөн. Тікбұрышты диметрияны тетікбөлшектің ерекшелігін 


25 
сипаттайтын элементтер бөлігі бір қабырғасына жинақталған 
болса, 
яғни 
аксонометриялық 
проекцияның 
фронталь 
жазықтығына параллель орналастыруға болатындай жағдайда 
қолданады (2.36 сурет). 
3. БҰРАНДАЛАР 
 
3.1. Бұрандалар туралы жалпы түсінік 
 
 
Цилиндрдің немесе конустың айналма бетіне жанаса кез-келген 
жазық фигураның айналма қозғалысының нәтижесінде алынатын 
винттік бетті бұранда деп атайды. Жазық фигура цилиндр (конус) 
бетіне қатысты өз орнын 
өзгертпестен 
айнала 
отырып цилиндр (конус) 
осін бойлай қозғалады. 
Осылайша, 
цилиндрде 
(конуста) профиль-пішіні 
(үшбұрышты, 
шаршы, 
дөңгелек, трапеция немесе 
т.б.) мен адымы арқылы 
сипатталатын винттік бет 
түзіледі (3.1сурет). 
Техникада 
бұранда 
әртүрлі профильде қиылған 
винттік ойықтарды бөлшек 
бетіне 
басу 
арқылы 
алынады. 
Бұрандалар 
станоктарда кескіштердің 
көмегімен, 
сырыққа 
пластинамен, роликтермен 
жаймалау арқылы немесе 
плашка және із салғыш 
құралдарды 
(метчик) 
қолдана отырып, қолмен 
ойып 
салу 
арқылы 
алынады.


26 
Бұрандалар классификациясы: 
бұранда 
ойылған 
беттің 
пішініне 
байланысты 
(цилиндрлік, конустық); 
бұранданың сырық бетіне немесе тесікке орналасуына 
қарай (ішкі, сыртқы); 
профиль пішініне қарай (үшбұрышты, тікбұрышты, 
трапеция тәрізді, дөңгелек); 
қолданылуына 
қарай 
(бекіту, 
тығыздап 
қатайту, 
қозғалтқыш, арнайы және б.); 
винттік беттің бағытына қарай (оң және теріс); 
жүрістер санына қарай (біркірмелі және көпкірмелі). 
Барлық бұрандалар екі топқа бөлінеді: стандарт және 
стандарт емес; стандарт бұрандалардың параметрлері стандарт 
бойынша анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет