«Жерді мемлекеттік тіркеу және есепке алу» пәнінің мазмұны:
Жерді тіркеу мен есепке алу жүйесін құру мен даму тарихы. Қазақстан Республикасында қазіргі уақыттағы жер-кадастрлық жүйені қалыптастыру. Жерді есепке алу мен жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу құқығын жүзеге асыратын органдар жүйесі.
Жер мен басқа да жылжымайтын мүлік объектілерін есепке алу мен тіркеу жүйелерін қалыптастырудың теориялық жағдайлары. Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеудің құқықтық маңызы. Жылжымайтын мүлік түсінігі мен құрамы. Жер учаскелерін мемлекеттік кадастрлық есепке алу мен жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу принциптері. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізу мен оларға келісім жасау тәртібі. Құқықтық кадастрдың құрамы. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу.
Жер мен басқа да жылжымайтын мүлік объектілерін есепке алу мен тіркеу объектілері мен субъектінің сипаттамасы. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу объектілерімен субъектілері. Жер қорының әр түрлі санаттарының құқықтық тәртібі. Пайдалануда ауыртпалықтары бар жерлердің түсінігі мен жіктелуі. Бөтен жер учаскесін шектеулі пайдалану (сервитут) пен кондоминимумның түсінігі мен мазмұны.
Жерді сандық және сапалық есепке алуды жүргізудің әдістемелік және технологиялық негіздері. Жер-есептік құжаттардың жіктелуі. Жердің саны мен сапасын есепке алуды ұйымдастыру. Жердің сандық және сапалық есепке алуды сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі. Әкімшілік аудандағы (қаладағы) жерді есепке алу.
Жерді мемлекеттік кадастрлық есепке алуды жүргізу технологиясы. Мемлекеттік жер кадастры құжаттарының жіктелуі. Аумақтың кадастрлық бөлінуінің мақсаттары мен міндеттері. Жерді тіркеу мақсатында есепке алу (жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлерін беру). Жердің бірыңғай мемлекеттік реестрін (ЖБМР) толтыру.
Шет елдердегі жер-кадастрлық жүйелер және жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу. Жер кадастры түсінігі және оның жер учаскелері мен басқа да жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтарын тіркеу жүйесімен өзара байланысы.
Достарыңызбен бөлісу: |