«Жерді аймақтау және кадастрлық бағалау» пәнінің мазмұны:
Әр түрлі жер санаттарын кадастрлық бағалаудың және аймақтаудың принциптері. ҚР-дағы жерді кадастрлық бағалаудың даму алғы шарттары. Жер кадастрлық бағалау және аймақтарға бөлу саласының нормативтік-құқықтық базасы.
Жерді аймақтарға бөлу. ҚР-дағы жерлерін аймақтарға бөлудің түсінігі және түрлері. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы және елді мекен жерлерін аймақтарға бөлудің ерекшеліктері. Жерді аймақтарға бөлу схемаларын құрастыру. Жерді бағалау және аймақтарға бөлудегі шетелдік тәжірибе.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді кадастрлық бағалау. Жерді кадастрлық бағалаудың ұғымы және міндеттері. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді кадастрлық бағалаудың анықтау әдістемесі. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің кадастрлық құнын анықтау үшін көрсеткіштер жүйесі. Кадастрлық құнын анықтау үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының базалық ставкаларын және оларға арналған түзету коэффициенттерін есептеу. Жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысын анықтау. ШФҚ бірыңғай жер салығын анықтау әдістемесі.
Елді мекен жерлерін кадастрлық бағалау. Елді мекен жерлерін кадастрлық бағалауды анықтау әдістемесі. Елді мекен жерлердің кадастрлық бағалау анықтау үшін көрсеткіштер жүйесі. Жердің функционалдық мақсатына байланысты бағалаудың ерекшеліктері. Елді мекен жерлерінің кадастрлық құнына әсер ететін факторлар. Елді мекендер жерлерінің базалық ставкаларын көтеру және төмендету мөлшелері.
Әр түрлі санаттағы жерлерді кадастрық бағалау. ҚР жер қорының әр түрлі санаттағы жерлерді кадастрлық бағалаудың жүйесі. Орман қоры жерлерін бағалаудың ерекшеліктері. Әр түрлі санаттағы жерлерді бағалау әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |