Инженерлік-технологиялық факультеті



бет2/12
Дата10.05.2020
өлшемі60,99 Kb.
#66924
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
МЕМ корт емтихан каз Кадастр

Мазмұны





1

Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың мақсаты мен міндеті

4

2

Кешенді мемлекеттік емтихан бағдарламасына енгізілген пәндер тізімі

5

3

Кешенді мемлекеттік емтиханның бағдарламасы

6

4

Кешенді мемлекеттік емтихан сұрақтарының тізімі

9

5

Кешенді мемлекеттік емтиханды бағалау саясаты тәртібі

16

6

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

18



1 Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың мақсаты мен міндеті
Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың мақсаты түлектердің білім дәрежелерінің сапалық көрсеткіштері мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін, сонымен қатар мамандығына сәйкес теориялық және практикалық дайындық деңгейлерін бағалау болып саналады.

Қорытынды мемлекеттік аттестаттау мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған үлгіде мамандық бойынша мемлекеттік кешендік емтихан тапсыру жүргізіледі және оның саны мамандықтың оқу жоспарымен анықталады.

Оқу бітіруші бакалаврдың кәсіби тапсырмаларды құзыретті және жауапты шешуі үшін келесі негізгі құзыреттерге ие:

- мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жасауға қабылеттілік. Қазіргі алуан түрлі қоғамдарға бейімділік қабылеті болуы керек, сыни ойлауға және дене тәрбиесін жетілдіруге, Қазақстанның тарихи және экономикалық дамуын терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстаным көрсету қабілеті (N 1).

- әлеуметтік гуманитарлық пәндердің білімдері негізінде тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіби қатынастарды бағалай білу қабілеті; нақты ғылымдарды зерттеу және олардың әдістемелерін қолдана білу қабілеті; жеке тұлғалық және кәсіби бәсекелеске дайындыған көрсете білу; Қазақстанның қоғамдық құқықтық, этикалық нормаларына және қоғамдық, іскерлік, мәдени нормаларын пайдалана білу қабілеті (N 2).

- жер қатынастарын реттеу саласындағы ҚР заңнамасын, жобалау және техникалық-экономикалық есептерді жүргізу әдістерін, жерге орналастыру жобаларына (схемаларына) қойылатын техникалық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік талаптарды, жер және қалалық кадастрлардың автоматтандырылған жүйесін білу қабілеті (N 3).

- жер-есептік жұмыстарды жүргізу және тиісті құжаттық іс-әрекеттерді орындау, жер-кадастрлық деректерді ақпараттық пайдалану қорларын құрумен және пайдаланумен байланысты әдістемелік материалдардың, нұсқаулықтардың және басқа да техникалық құжаттардың жобаларын дайындау (N 4).

- жер және жылжымайтын мүлік мониторингінің қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын пайдалану қабілеті, жер, қала құрылысы, су, орман және кадастрдың басқа да түрлерін жүргізу және деректер базасын қалыптастыру (N 5).

- озық тәжірибені және жер-кадастрлық жүйелерді пайдалана отырып, автоматтандырылған жер кадастры жүйесін әзірлеу және пайдалану, жерге орналастыруда және кадастрда зерттеу нәтижелерін талдау және жүргізу қабілеті (N 6).

- эксперименттер мен өлшеулерді жоспарлау, жүргізу кезінде инновациялық әдістерді пайдалану, Жерге орналастыру, мониторинг, жер кадастрларын бақылау саласындағы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау модельдері мен жүйелерін құру қабілеті (N 7).

- қазіргі заманғы географиялық және жер-ақпараттық жүйелер (бұдан әрі - ГАЖ және ЗАЖ) жылжымайтын мүлік объектілері туралы ақпаратты жинау, жүйелеу, өңдеу және есепке алудың қазіргі заманғы технологияларын білу қабілеті (N 8).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет