3-жаттығу. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.
М.Әуезов жиырма жасында «Еңлік-Кебек» трагедиясын жазды. Жүсіпбек Аймауытов – қазақ романдарының негізін салушылардың бірі. Мұстафа Шоқай- Ақмешіттің перзенті. Атасы Темір қайтыс болғаннан кейін Ұлықбек 15 жасында әмірші болады. Кигіз үйдің іші төртке бөлінеді.
4-жаттығу. Жай сөйлемнің әрбір түріне 5 мысал жазыңыз.
6 сабақ. Мәтін: Алғашқы жәрдем.
Мәтін тапсырмалары
Мәтінді оқып шығып, сұрақ жауап дайында
Мәтін бойынша күрделі жоспар құр
Мәтіннің негізі идеясын анықтап, қысқаша мазмұнын айтып бер.
Медициналық термин сөздерді сөздіктен қарап 5 сөйсем құрып жаз
АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ
Кенеттен қатты ауырған, мертігіп, жарақатталып және адамның денсаулығы мен өміріне қатер төнетін басқа да жағдайда дәрігер келгенше не ауру (жарақатталған) адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізгенше, алғашқы қарапайым жәрдем шаралары жасалуға тиіс. Ауырған не жарақаттаған адамдар кейде өзіне-өзі жәрдем жасай алады. Мысалы, егер адамның стенокардия (жүрек демікпесі) ауруы ұстаса, онда ол кенет тоқтай қалып, тілінің астына валидол не нитроглицерин таблеткасын салады, егер уланса, асқазанын шаяды.
Адам көлденең кездейсоқ жағдайға ұшырағанда, жарақаттанғанда, қан кеткенде, кенеттен есінен танғанда оған жедел жәрдем көрсетуге тура келеді. Мұндағы ең басты мақсат-жарақаттану зардабын одан әрі өршітпеу: күн өткен адамды көлеңкеге апару, ал газдан иіс тигенде - таза ауаға шығару, суға батқанды құтқару, тоққа түскенді ажырату, өртке шалдыққан адамның киіміндегі отты өшіру.
Екінші міндет - қарапайым медициналық дәрі-дәрмектер мен құрал жабдықтарды пайдалана отырып, оқиға болған жерде алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсету.
Үшінші міндет - дереу жедел көмек көрсететін дәрігерді шақыру, не жарақаттанған адамды жақын арадағы медициналық мекемелерге жеткізуді ұйымдастыру. Жарақаттанған жағдайда қанды тарқату шаралары жасалады. Ол үшін қан шыққан жердің жоғары жағынан жұмырды, жарақаттың ауыр-жеңілдігіне қарай қысып таңады да, жарақаттың үстіне таза бинт, мақта, дәке немесе шүберек қойып байлайды.
Содан кейін ол адамды міндетті түрде таяу жердегі дәрігерлік мекемелерге жеткізеді.
Буыны шыққанда, сүйегі сынғанда, сіңірі үзілгенді не созылғанда адамды қозғалтпай жатқызу керек. Ол үшін мертіккен жерге жұқа тақтай, ағаш қабығын картон қойып, оны бинтпен, орамалмен, белбеумен шүберекпен орап тастайды. Егер сүйегі алған болып, сіңірі созылған, үзілген, буыны шыққан жағдайда, тек айқастыра тоқып тастаса да болады. Осылайша жәрдем көрсетілген адамды тез арада жарақат емдейтін пунктке не басқа да дәрігерлік мекемеге жеткізеді. Онда жарақат рентгенмен тексеріліп, алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |