Инжиниринг және ақпаратты технологиялар факультеті Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы философия пәнінен дәріс тезистері алматы, 2023


Қоғамдық өмірдің салаларын 4 бөліп қарастыруға болады



бет26/31
Дата26.10.2023
өлшемі144,72 Kb.
#188369
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Философия дәріс тезистері. 2023-24

2. Қоғамдық өмірдің салаларын 4 бөліп қарастыруға болады:

  1. рухани саласы – рухани ілімдер, дін, философия, ғылым, білім, құқық, мораль, өнер, идеология.

  2. Материальды саласы – өндірістік қатынастар, өндірістік күштер.

  3. Әлеуметтік саласы – халық, ұлт, әлеуметтік топтар (жас ерекшелік, жыныстық, қызығушлыққа бйланысты топтар), таптар, партиялар.

  4. Саяси саласы – мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық-саяси қозғалыстар, халықаралық саяси ұйымдар мен бірлестіктер.

Қоғамдық қатынаста қоғам дамуына тығыз байланысты жүйелер бір-бірімен өзара байланыста болып жатады. Олар саяси, құқықты, діни, адамгершілікті, эстетикалық, экономикалық қоғам салалары. Социумның дамуның ең басты күші-халық. Халық-бұқаралық түрде адам әрекеттерінің қоғамда негізделуіндегі адамдардың, әлеуметтік топтардың жиынтығы. Халық қоғамның өндіруші, материалдық әрі рухани құндылығы. Қоғамдық-экономикалық формациялар белгілі тарихи дәуірдегі тұтас қоғамдық құбылыс. Оның өзіндік экономикалық, саяси, әлеуметтік, идеологиялық ерекшеліктері бар. Өйткені, тарих біркелкі, үздіксіз ағып жатқан өзен емес, ол бөлшек-бөлшек буындардан, кезеңдерден тұрады. Тарихтың ондай буындары мен кезеңдерін формация дейміз. Әр формацияның өзіндік заңдары, өзіндік меншіктері, таптары, базисі мен қондырмасы болады. Тарихта бір формация екінші бір формациямен алмасып отырған. Оның негізі өндіріс тәсілінде жатыр. Олай болса олардың өзгеріп, дамуының объективті заңдылықтары бар. Сол заңдылықтарды ашу нәтижесінде тарих ғылымға айналады. Қоғамдық болмыс – адам өмірінің, оның іс-әрекетінің қажетті шарты және қайнар көзі. Адам өзінің жасампаздық күш-қуатымен табиғи мүмкіндіктерді шындыққа айналдыру арқылы болмысты өзгертіп отырады. Қоғамдық болмыс – адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлеуметтік практиканың нәтижесі.
3. Қоғамдық сана - қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория; әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүруі процесінде пайда болатын адамдардың әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі.
Оған қоғамдық идеялар, теориялар, саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетика, философия және діни қозғалыстар, ғылыми білімдер, т.б. жатады. Қоғамдық сана әлеуметтік сезімдер мен көңіл-күйлерді, әдет-ғұрыптар мен мінез- құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, үлттар мен халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туып, соның бейнесі мен туындысы болып табылады. Сана болмыстың бейнесі болғандықтан, қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Бірақ қоғам мүшелерінің санасы белгілі бір мерзімге дейін өзгерген болмысқа сәйкес келмеуі, яғни артта қалуы мүмкін. Қоғамдық сана болмысты бейнелеп қана қоймайды, ол бейнеленген нысанды қозғайды, оны өзгертіп, дамытады. Оның күрделі ішкі құрылымдарының деңгейі мен түрлерін ашып көрсетуге болады. Қоғамдық сананың деңгейлеріне тікелей бүқараның, жекелеген әлеуметтік топтар өмірінің күнделікті жағдайларынан туатын қарапайым, эмпирикалық сана және қоғамдық топтардың түпкілікті мүдделерінің рухани көрінісі ретінде ғылыми-теориялық сана жатады. Қоғамдық сананың түрлері объективтік дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасында бейнеленуін көрсетіп, адамның тәжірибелік іс-әрекеттерінен байқалып, қоғамның рухани мәдениетінің қүрамдас бөлігіне айналады.
Қоғамдық сананың тарихи қалыптасқан түрлері: саясат, құқық, философия, мораль, өнер қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған белсенді түрде ықпал етеді. Оның әрқайсысының өз нысанасы мен бейнелеу тәсілінің болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізіп, идеялық-саяси күресте ерекше рөл атқаруымен сипатталады.
Қоғамдық таптар - ортақ мүдделері және құқылықтары бар әлеуметтік тұрақты (салыстырмалы) топтар (мысалы, шаруалар, жұмысшы табы, буржуазия, орта тап және т.б.). Таптар мен тап күресі тұжырымдамасы XIX ғ. Еуропада кеңінен таралды (К. А. Сен Симон, О. Тьерри, Ф. Гизо және т.б.). К.Маркс пен Ф.Энгельс таптардың болуын қандай да бір өндірістік әдістермен байланыстырды, таптар күресін тарихтың қозғаушы күші ретінде санады және пролетариата буржуазияны күшпен төңкеріп тастау және тапсыз қоғам құру тапсырмасын жүктеді. Әлеуметтануда қоғамды тапқа және әлеуметтік топтарға (жастық, экономикалық, кәсіби, құқықтар мен міндетгер жүйесі, әлеуметтік мәртебе) бөлу орын алған. Қазіргі қоғамда қоғамдық еңбек бөлінісі, жекеменшік қатынастары, басқа да факторларға сай әлеуметтік жіктелу және ықпалдасу проңесіне орай араларында әріптестік, бәсекелестік немесе қақтығыс туындайтын, дегенмен, демократиялық принциптер негізінде реттелетін әртүрлі жіктер мен топтар қалыптасады.


4. Қоғам типологиясы:

Типология өлшемдері

Қоғам түрлері

жазбалық (письменность)

-жазбалыққа дейінгі,
-жазбалық

басқару сатыларының саны мен әлеуметтік қабат

-қарапайым (басшы мен бағынушының, байлар мен кейделердің жоқтығы),
-күрделі (бірнеше басқару сатылары, кіріс жинауына байланысты жоғарыдан төменге қарай орналасқан бірнеше тұрғандар қабаты)

тіршілік етудің әдіс-тәсілдерін табу

-протоқоғам (алғашқы қоғам) (аңшылық пен терімшілдік),
-мал шаруашылығымен айналысатын қоғам,
-жер шаруашылығымен айналыстаын қоғам (аграрлы),
-өнеркәсіптік қоғам (индустриалды),
-постиндустриалды қоғам (индустриаландырудан кейінгі)

өндіріс тәсілі мен жеке меншіктің түрлері (Маркс бойынша)

-алғашқы қауымдық,
-құлиеленшуі,
-феодалдық,
-капиталистік,
-коммунистік



Қарапайым қоғамадамдардың таптарға, страттарға бөлінбеген, әлеуметтік теңсіздіктің және тауар-ақша қарым-қатынастарының, мемлекеттің аппараттың бомаған қоғамы.

Қарапайым қоғамның негізгі белгілері:


-эгалитаризм - әлеуметтік (таптардың, сословиелердің болмауы, адамдардың бай мен кедей болып бөлінбегені), экономикалық (еңбек өндірісі мен өнімге деген теңдей қарым-қатынас ұжымдық жеке меншікте болады), саяси (басқарушы мен бағынушының жоқтығы) теңдік;
-шағын топтарға бірігу;
-қан-туыстық байланыстардың үстемдігі;
-еңбек бөлінісі мен техника дамуының өте төмен деңгейі.
Ғылымда қарапайым қоғамның екі түрі (дамуының екі кезеңі) бар:
1) локальді топтар - туыстық байланыстағы (20-60 адам) кішігірім бірлестіктер;
2) алғашқы қауымдық бірлестіктер:
- туыстық бірлестіктер - туыстық байланыстағы бірнеше локальді тотардың (жүдеген адамдар) одағы;
- көршілес бірлестіктер - некелік сондай-ақ, еңбек пен жалпы территориясымен өзара байланысты бірнеше туыстық қауымдастықтар.
Күрделі қоғамқосымша құны, тауар-ақша қатынасы, әлеуметтік теңсіздігі, әлеуметтік стратификациясы (құлдық, сословие, класстар), басқарудың арнайы және кең тармақты аппараты бар қоғам.
Күрделі қоғамның негізгі белгілері:
- жүздеген мың адамнан жүздеген миллион адамға дейінгі көп санды қоғам;
- туыстық қарым-қатынастың орнын туыстық емес қатынастардың алмастыруы;
- адамдардың қала бойынша тұрақтануы;
- қосымша құн мен жеке меншіктің, ақша-тауар қатынастарының пайда болуы;
- әлеуметтік теңсіздік, айқын кластық дистанциялардың пайда болуы;
- қарапайым құқықтан юристік заңдарға көшу;
- басқарудың арнайы және кең тармақты аппараты.
Күрделі қоғамның түрлері: аграрлы, индустриалды, постиндустриалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет