Инжиниринг және ақпаратттық технологиялар факультеті



бет2/2
Дата20.10.2022
өлшемі121,21 Kb.
#154047
1   2
Байланысты:
сож 1
ТИТУЛКА
Қолданылатын орны: ғылыми еңбектерде, зерттеулерде жазбаша түрі; ал ғылыми мәжіліс, кеңес, т.б. ғылыми ортада ауызша түрі қолданылады.
Қарым-қатынас мақсаты: заттың, құбылыстың, ақиқат дүниенің мәнді белгісін көрсету, құбылыстың себеп-салдарын ашу; шындықты ұғым түрінде логикалық жүйемен бейнелеу.
Стильдік сипаттары: айтылатын ой, сөз дәлелді және тура мағынада қолданылады; атау сөз көбіне дерексіз, жалпылық ұғымда жұмсалады. Мысалы, қарға— ғылыми әдебиетте құстардың белгілі бір отрядына жататын тобы. Ал бұл көркем әдебиетте, сөйлеу тілінде «қар үстінде жоғралап жүрген қарға», «ағаш бұтағында отырған қарға», т.б. болып нақтылы сипатта айтылады.
Тілдік амал-тәсілдері: дерексіз жалпылық ұғымдағы сөздер жиі ұшырайды: құс, өсімдік, жан-жануар, шөп, ағаш, жылдамдық, уақыт, кеңістік, т.б.
Мысалы: Егер тозаңдату болмасаөсімдік гүлдеп, гүлін төгеді, бірақ жеміс салмайды.
Ғылыми термин сөздер жиі қолданылады. Түзуші ұлпаларсабақтың тамыр ұшында болады;
Қисық сызықтың мұндай түрін математикада гиперболадеп атайды.
Ғылыми стильде көбінесе баяндауыш ырықсыз етіс түрінде және ауыспалы келер шақ тұлғасында қолданылады. Мысалы: Қайнау кезінде сұйықтың температурасы өзгермейді. Мұндай өрнектерді рационал өрнектер деп атайды.
Кейде ғылыми стильдегі сабақтас құрмалас сөйлемдердің бірінші жай сөйлемнің баяндауышы шартты рай түрінде келіп, екінші сыңары ойды тиянақтап, дәлелдеп,анықтап тұрады. Көп сатылы матас байланысқан тіркестер жиі кездеседі.
Бұл денеге қағаз қиқымдарын тақап ұстап көру керек, сонда дене оны өзіне тартатын болса, ол- дененің электрленгені.
Егер эбонит таяқша тебілсе, онда оған жақындатылған дененің заряды тектес болғаны.
Ғылыми стильде сұраулы, лепті, сөйлемдердің қолданылу мүмкіндігі шектеулі болып, көбінде ой хабарлы сөйлем түрінде баяндалады.
Дерексіздік пен жалпылауыштық әрбір ғылыми мәтінді төмендетеді. Бұл бәрінен бұрын оның бойында дерексіз лексиканы кеңінен қолданудан көрінеді, әрбір сөз жалпы түсінік немесе дерексіз затты білдіруге қатысады .
Ғылыми сөйлеу мән мәтінінде келтірілген сөздердің ұғымдық мазмұнына қарағанда тура сол сөздер көркем мәтінде жекелік, қайта қайталанбайтын, жиі кейіптеу бейнесін білдіреді. Сонымен қатар көркем сөз көп қырлы мазмұндық бояумен толықтырылады, ал ғылым сөзі бір мағыналы және терминделген болып келеді.
Ғылыми сөйлеудің дерексіздігі мен жалпылауыштылығы тек лексика-семантикалық деңгейде ғана көрінбейді, сонымен қатар, әр түрлі грамматикалық, оның ішінде морфологиялық бірліктерде, олар категория мен форманы талдауда сонымен қатар, олардың мәтінді жиі қолдану деңгейі негізінен, осы бірліктер мағынасын функциялау ерекшеліктерінен де көрінеді. Сол стильдік белгінің ғылыми сөйлеуде көрінуіне байланысты етістіктердің шақтық, жақтық, лексика-грамматикалық мағыналы формалар тән болады, бұған сөйлемнің синонимиялық құрылымы да тән.
Ғылыми стильдің жоғарыда айтылған қасиеттері, оның ішінде эмоционалдық пен бағалауыштық , коммуникативті, және экстралингвистикалық жақтан мотивтелген: ғылымның іс-әрекет сипатымен, білім табиғаты мен ғылыми шығармашылық, таным заңдарымен, ойлау қасиеттерімен, яғни, олар тек логика-танымдық жақпен ғана шектелмейді (бұл жерден эмоция, жігер, интуиция көрінеді). Ғылыми сөйлеудің экстралингвистикалық негізінен оқу мен бояу тек сөйлеу мәдениеті мен әдеби ғана практикалық тұрғыдан маңызды емес, сонымен қатар ойлау мәдениетінің тәрбиелеу үшін де маңызы зор. Яғни, жалпы, мәтінмен жұмыс жасау үшін, сонымен қатар қолданбалы лингвистика мен бұдан кейінгі жасамды интеллект жасау мәселесін шешу үшін де қажет.
Ғылым тарихы — идея күресі, ойлау стильдерінің орын ауыстыруы, бұның бәрі ғылыми мәтін стилінде көрініс табады. Ғылыми сөйлеудің жалпылығы мен дерексіздігі оған міндетті түрде бейнелілік қарама-қарсы тұрады деген сөз емес Нақты бағыттар мен құбылыстарының талдауы ғылыми танымның құрамдас бөлігінен шығады. Сөзбен айтылған бейнелер танымдық ойды білдіруге көмектеседі. Қазақ тіліндегі бейнелеу құралдарын пайдалану автордың индивидуальдылығы мен білім саласындағы білім дәрежесіне байланысты болады. Кейбір гуманитарлық ғылымдардың мәтіндерінің( әдебиеттену, тарих, философия) сипаттамалы жаратылыстану ғылымы (геология, химия, география және т.б.) мәтіндеріне қарағанда көп дәрежеде сөйлеу бейнелілігі құралдарын пайдаланады. Бірақ қазіргі заманғы физика бойынша метафора мен теңеу көптеп кездеседі. Сөйлеу бейнелілігі құралдарынан ғылымда тұрақталған ереже бойынша бейнелілігі өткен термин-метафораларды ажырыту қажет.Мысалы: ақ алтын(мақта),қара алтын(мұнай) т.с.с. сөздер
Ғылыми сөйлеуде, олардың міндетті емес және салыстырмалы қолданудан өзге, сөз бейнелілігі құралдарын пайдалану осындай құралдарды көркем әдебиетте жұмсалғанына ерекшеленеді: 1) бейнелі құралдары, негізінен метафоралар да ғылыми сөйлеуде, ерже бойынша тек екі жоспарлы сипатта да болады; 2) ғылыми сөйлеудегі метафоралар қысқа мәнмәтіндік мағынаға ие және көркем сөйлеуде жүйелі сипатты қасиетке ие болмайды; 3) ғылыми және көркем сөйлеудегі бейнелі құралдардың қызметі бір-бірінен ерекшеленеді. Көркем шығармада метафора-ортақ тақырып пен идеяға органикалық жақтан біріктірілген бейнелеу жүйесіндегі ең негізігі элеметтерінің бірі, ғылыми сөйлеуде бейнелеу құралдары көмекшілік рөлде қолданылады, ортақ айтылу жүйемен байланысы жоқ нұсқау болып табылады.
Ғылыми сөйлеудегі бейнелеу әдетте жүйеленген және жалпы мағынаға ие, яғни оларға көркем шығармада тән жекелік қайталанбайтын қасиет белгілер жоқ болады. Өзінің бейнелілігімен метафора ғылыми сөйлеуде тек бір ғана емес, жалпылық қасиетін, түрін білдіреді.
Ғылым стильге тән барынша анық байланыстылық пен айтылымның логикалығын көрсететін құралдарға байланыстырушы құрылымдар мен тіркестер жатады. Олардың ғылыми сөйлеуге тән нормасы екендігін алғаш рет А.К. Панфилов көрсеткен болатын сонымен қатар М.П.Коткорова Жалпы дәстүрлі стилистика тұрғысынан осындай айтылымдар тек мәтінді бөлшектеп жібереді, семантикалық әлсіретуіне қарай сөйлеуге тіпті қажеті жоқ.
Сонымен, жалпы сөйлеу мәдениеті сөйлеудің дұрыстылығы мәселелерімен шектеліп қана қоймай, өзінің жоғарғы деңгейінде стилистиканың мәселесімен, қиылысады, тіпті оның кейбір аспектісін қамти кетеді, бірақ онымен толық сәйкес келе бермейді. Аталған ғалымдардың әрқайсысының өзіндік арнайы мәселелері мен зерттеу нысанасы бар.Ғылыми стиль барлық стильдер секілді бізге ең қажетті стильдердің бірі болып қалады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет