Инклюзивті оқыту - барлық мүмкіндігі шектеулі балаларға төмендегідей мүмкіндік береді: -
- мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді;
-
- оқушылардың тең құқығын айықтайды;
-
- адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді;
-
- барлық балаларды жалпы білім үдерісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне , жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жояды;
-
- ата-аналарын белсенділікке шақыруға, балалардың білімділік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай жасайды.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту бағдарламаларының ерекшеліктері Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру үшін көп еңбек, ұстазға, мектеп психологтарына жылы сезім мен кішіпейілділік қажет. Оларға қарапайым түсініктерді жеткізу оңай емес. Оларға әсекр ету жолдары түрліше. Мұғалім ізденісі әр баланың жан-дүниесіне үңілуден басталады. Бұл балаларды зерттеу: бала нені ұнатады, нені ұнатпайды, кімді құрметтейді, немен айналысқанды ұнатады, т.б. сол сияқты сұрақтарға жауап алудан басталады. Оның маңыздылығы бұларды білу сол оқушымен әрі қарай әңгімені жалғастыруға көмегін тигізеді. Күнделікті ең қарапайым әңгімелесудің өзі қарым-қатынасыңызды нығайтып, оның бір сәтке болса да сергіп, көңілі көтеріліп қалуына әсер етеді. Оқушының ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Оқушының тапсырмаларды орындау кезінде ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдерін үйрету керек. Тәсілдер төмендегіше: -
Көрнекі-әрекеттік ойлау – заттық құралдық іс-әрекет, ол құрастыру іс-әрекетінен көрініс табады. Мысалы: түрлі конструкторлар қолдану;
-
Көрнекі-бейнелік ойлауға жоғарыда айтылған конструкторлармен жұмыс бейнелік үлгіде емес, сөздік нұсқада болуы тиіс. Мысалы: әр түрлі сюжеттік-рөлдік және режиссерлық ойындар;
-
Сөздік логикалық ойлауды алдымен Р.С.Немовтың әдістемесі бойынша анықтап алып, оны әрі қарай дамытуға арналған «Төртінші артық», «Әңгіменің жетіспейтін бөлігі», «Керісінше айту», «Жақсы мен жаман», т.б. сол сияқты көптеген жаттығуларды пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |