Инклюзивті білім беру негіздері, ҚҰралдары және практикалық шешімдері


ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ



бет5/8
Дата12.09.2024
өлшемі2,2 Mb.
#204207
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
презентация жалпы инклюзиятақырыбы

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУ ТӘСІЛДЕРІН ӨЗГЕРТУ (ОҚУШЫНЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІ)
  • Оқушылардың оқу үлгерімін бағалау әдістері:

  • - оқушы арнайы, қысқартылған (бейімделген) немесе жеке оқу бағдарламаларымен оқытылған кезде;
    - оқушыларды оқытуда альтернативті әдісті қолданылғанда өзгертіледі.
  • Егер оқушы үшін мектеп өз бетінше оқу бағдарламасын уақытша қысқарту туралы шешім қабылдаса, онда сол мектеп кеңесі баланың оқу жетістігін бағалаудың жеке тәсілдемесін және вариативтілігін ұсынады. Мұнда қысқартылған (бейімделген) немесе жеке оқу бағдарламасының мазмұнына оқушының мүмкіндіктерін ескере отырып бағалау критерийлерін өзгерту көзделеді.
  • ЕБҚ бар білім алушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолдануға міндетті.
  • Зерде бұзылыстары бар балаларды оқыту кезінде кез-келген оқу жетістігі оң нәтиже ретінде саналады.
  • Жеке оқу бағдарламасы аясында оқу жетістіктерін бағалауда оқушының ілгерілеуіне баса назар аударылады.

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ВАРИАТИВТІ, АРНАЙЫ ЖӘНЕ АЛЬТЕРНАТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ
Жалпы сынып жағдайында қолданылатын арнайы әдістер:
  • «кіші қадамдар»;
  • заттық қызмет пен көрнекі құралдар;
  • «сөйлеу тілін жандандыру»;
  • заттық және ақыл-ой әрекетіне «алдағыны болжау», меңгергенді үзбей қайталау;
  • меңгерілген ұғымды салыстыру және қарама-қайшы қою амалдарын қолдану және т.б.;
  • глобальды оқыту, «нумикон» әдісі арқылы санауға үйрету, Монтессори жүйесі және басқа да жаңа психологиялық-педагогикалық әдістер.

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ОҚУЛЫҚТАР, ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ТАҢДАУ, ЖЕКЕ ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫН ДАЯРЛАУ
Арнайы оқулықтарды, жұмыс дәптерлерін және басқа да оқу материалдарын жалпы сыныпта оқитын белгілі бір бұзылыстары бар балаларға қолдану қажет:
  • көру бұзылысы (ірілендірілген қаріпі бар кітаптар; зағип адамдарға арналған, брайль қаріпімен басылған оқу құралдары; бедерлі суреттер, сызбалар, арнайы муляждар);
  • тірек-қимыл аппараты бұзылысы(ірілендірілген қаріппен жазылған және т.б.);
  • есту бұзылысы (символдарды, ымдық сөйлеуді) қолданатын оқу құралдары; титрі бар бейнематериалдар; компьютерлік оқу бағдарламалары және т. б.);
  • зият бұзылысы (ОӘК-нің түпнұсқасы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет