ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ОҚУШЫҒА АРНАЛҒАН ҚЫСҚАРТЫЛҒАН ЖӘНЕ ЖЕКЕ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР ЖЕКЕ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 1.Оқушы туралы жалпы мағлұмат.
2. Оқушының жиынтық сипаттамасы.
3. Оқушының ерекше білім беру қажеттіліктері және оларды қанағаттандыру үшін арнайы жағдайлар жасау.
4. Мұғалімге ұсыныстар.
5. Ата-аналарға ұсыныстар.
6. Оқушының жеке оқу жоспары.
7. Оқушыға арналған пәндер бойынша қысқартылған (бейімделген) / жеке оқу бағдарламалары.
8.Психологтың жеке және кіші топтық сабақтарының бағдарламасы.
9.Логопед-мұғалімнің жеке және топтық сабақтар бағдарламасы.
10.Арнайы педагогтің жеке және топтық сабақтар бағдарламасы.
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ҚЫСҚАРТУ ( БЕЙІМДЕУ) Жалпы сыныпта/топта оқитын:
психикалық дамуы тежелген;
сөйлеу тілі ауыр зақымдалған;
есту, көру қабілеттері зақымдалған;
тірек-қимыл аппараты бұзылған;
эмоциялық-ерік бұзылыстары бар (қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу бұзылыстары (аутизм);
мінез-құлық бұзылыстары және қиындықтары бар балалар үшін.
Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарының шешімі бойынша белгілі оқу пәндерін меңгеруде қиындықтары бар балалар үшін.
Бейімделген оқу бағдарламасы белгілі бір мерзімге дейін.(1-3 тоқсан) екі оқу пәнінен артық емес пәндер бойынша ұсынылады. Қалған оқу пәндері үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқытылады.
Егер пәндерді меңгерудегі қиындықтар 2—3 тоқсан бойы сақталатын болса, білім беру ұйымы баланы ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау үшін және де баланың мүмкіндігіне сәйкес оқу бағдарламасын анықтау үшін ПМПК-ға жолдайды.
Оқу бағдарламаларын бейімдеу білім алушы меңгеруде қиындық көретін оқу пәндері бойынша ұсынылады. Қалған оқу пәндері үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқытылады. Оқу бағдарламаларын бейімдеу бастауыш және негізгі орта білім беру деңгейлерінде жүргізіледі.