Инклюзивті білім беру негіздері, ҚҰралдары және практикалық шешімдері



бет1/8
Дата12.09.2024
өлшемі2,2 Mb.
#204207
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
презентация жалпы инклюзиятақырыбы

Арнайы педагогика

  • Арнайы педагогика - мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім берудің теориясы мен технологиясын зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы.
  • Арнайы педагогика ғылымының негізгі мақсаты: әр түрлі ерекшелігі бар балалардың психологиялық және физиологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу, сонымен қатар оларды оқыту және тәрбиелеу, түзету, қалыптастыру жолдарын айқындайды.

Қазіргі таңда арнайы педагогика ғылымында бірнеше өзекті мәселелер кездеседі. Ол мәселелер АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ арқылы шешімін табады.
ЛОГОПЕД – сөйлеу қабілеті зақымдалған балаларға;
ТИФЛОПЕДАГОГ – көру қабілеті зақымдалған балаларға;
СУРДОПЕДАГОГ
есту қабілеті зақымдалған балаларға;
ОЛИГОФРЕНОПЕДАГОГ
(ДЕФЕКТОЛОГ) – зердесі зақымдалған, психикалық дамуы тежелген балаларға;
ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ– қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-қимылы бұзылған, мінез-құлқы бұзылған балаларға;
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСЫ БАР ОҚУШЫЛАР ҮШІН ПЕДАГОГ – АССИСТЕНТТІҢ ЖЕКЕ СҮЙЕМЕЛДЕУІ
Педагог-ассистенттің мектептегі көмегі:
  • уақытша негізде – баланың сыныпта/топта өз бетінше оқу қабілеті қалыптасқанға дейін
  • тұрақты түрде – қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттестік жасауда тұрақты бұзылыстары бар балаларға ұсынылады.

Бала сабақта мінез-құлық ережелерін орындай алмайтын жағдайларда: партада отыра алмайтын, орнынан тұрып кетіп, сынып ішінде жүретін, мұғалімнің талаптарын орындамайтын балалар;
Мұғалімнің жалпы нұсқаулары мен ауызша түсіндірмелерін қабылдауда немесе түсінуде қиындықтар туындағанда, оқушының не істеу керектігін түсінуін қамтамасыз ету үшін мұғалімнің тұрақты жеке көмегі мен қолдауы қажет болған кезде;
Сабақта өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі бақылауда қиындықтар туындаған жағдайда: оқушы сабаққа өз бетінше дайындала алмайды, ересек адамның көмегінсіз сыныпта жұмыс жасай алмайды, сыныпта тапсырмаларды орындамайды;
Мінез-құлық және эмоционалдық бұзылыстары бар жағдайда: оқушы дауыстап сөйлейді, ешқандай себепсіз күледі, айқайлайды, жылайды, басқа балаларды алаңдатады және сынып/топ жұмысына кедергі келтіреді; өзіндік агрессия көрсетеді және/немесе сыныптастарына, мұғалімдерге, басқа адамдарға агрессия көрсетеді (ұрып-соғу, тістеу, заттарды лақтыру және т.б.).
тбьитл


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет