Инклюзивті білім беру негіздері, ҚҰралдары және практикалық шешімдері


БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ



бет4/8
Дата12.09.2024
өлшемі2,2 Mb.
#204207
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
презентация жалпы инклюзиятақырыбы

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ

Балалардың санаттары

Қолдау көрсетушілер

Мінез-құлық және эмоционалдық проблемалары, қолайсыз психологиялық факторлары (отбасындағы тәрбиенің бұзылуы, бала-ата-ана және отбасыішілік қарым-қатынастар) бар балалар.

Педагогтер сабақтар, факультативтік сабақтар, пәндік үйірмелер мен қосымша сабақтар барысында жүзеге асырады, сондай-ақ педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер арнайы білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде педагог-психологпен және әлеуметтік педагогпен бірлесіп жүзеге асырады.

Әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, лингвистикалық мәдени сипаттағы кедергілері (әлеуметтік қауіпті отбасы балаларының педагогикалық немқұрайлылығы, жергілікті қоғамға бейімделуде қиындықтарға тап болған балалар (босқындар, мигранттар, кандастар және т.б. отбасылар) бар балалар.

Даму мүмкіндіктері шектеулі (есту, көру, интеллект, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалдық-еріктік бұзылыстар) балалар.

Педагогтер, сондай-ақ арнайы педагогтер, психологтар, әлеуметтік педагогтер, педагог-ассистенттер, топтық сабақтарды ұйымдастыру негізінде жүзеге асырады.
  • ПМПК оқу жоспары мен бағдарламасын өзгерту қажеттілігін ұсынады, бірақ өзгеріс мөлшері қандай болатындығын психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының көмегімен: психолог, логопед, арнайы мұғалім оқушының бағдарламаны игерудегі ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін терең зерттеу нәтижелері бойынша мұғалім анықтайды.

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН БЕЙІМДЕУ АРҚЫЛЫ НЕМЕСЕ ЖЕКЕ ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ АРҚЫЛЫ ОҚУ ЖОСПАРЫ МЕН ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӨЗГЕРТУ
  • Оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгертуге қажеттілік туралы шешімді: Мектеп кеңесі; психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) қабылдайды.
  • Егер білім алуда қиындықтары бар оқушыны мектеп өз бетінше анықтаған жағдайда психологиялық - педагогикалық қызметінің ұсыныстары негізінде Мектеп кеңесі шешімімен мұғалім бір немесе бірнеше оқу пәні бойынша оқу бағдарламасын қысқарта алады.
  • Балаларды жеке бағдарлама (МЖМБС-ға бағдарланбаған) бойынша оқыту ПМПК-ның ұсынысы негізінде ғана іске асады. Себебі, мұндай бағдарламамен оқытуға баланың ақыл-ойындағы ауытқушылықты анықтаған жағдайда ғана рұқсат беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет