Инклюзивті білім беру негіздері, ҚҰралдары және практикалық шешімдері



бет2/8
Дата12.09.2024
өлшемі35,07 Kb.
#204207
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
презентация жалпы инклюзиятақырыбы

1
деңгей
2
деңгей
3
деңгей
Бағалау мен қолдауды тікелей мұғалім жүзеге асырады. Мұғалім бірінші болып қалыптастырушы бағалау барысында оқудағы қиындықтарды анықтайды. Мұндаға мұғалімнің міндеті – қиындықтардың сипатын, олардың пайда болу себептерін өз бетінше анықтау, оқушының біліміндегі олқылықтарды анықтау.
Қажеттіліктерді бағалау мен қолдауды тек мұғалім ғана емес, сонымен қатар психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының командасы (психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог) жүзеге асырады.
Оқушының қажеттілігін бағалау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) мамандарымен анықталады. ПМПК-ның шешімі негізінде, оқушының қажеттілігін бағалау нәтижелері бойынша дефектолог мұғалімнің, педагог - ассистенттің көмегі ұсынылуы мүмкін.
ОҚУШЫНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ЖӘНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІ БАҒАЛАУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ
Оқытудың вариативті, арнайы әдістерін қолдану: «шағын қадамдар» әдісін қолдану, пәндік іс-әрекетке және көрнекілік құралдарына сүйену, заттық және ақыл-ой әрекеттерін «сөйлету», «ілгері озу», өткенді үздіксіз қайталау, оқылатын ұғымдарды салыстыру және қарсы қою тәсілдерін пайдалану және т.б.;
Сабақта жеке оқу материалдарын қолдану: көрнекі құралдарды, жаднамаларды, алгоритмдік нұсқамаларды, жеңілдетілген оқу тапсырмаларын, оқу және жазу мәтіндерін қысқарту, тапсырмаларды орындау нұсқаулықтарын қысқа түрде және кезең-кезеңмен беру, жатқа білуге берілетін ақпарат санын азайту және т.б.;
Оқу нәтижелерін бағалау тәсілдерінің (процедураларының) өзгеруі: мұғалімнің қысқаша, баяу түрде, қайталау арқылы берілетін ауызша нұсқауы (жазбаша нұсқаудың орнына); жұмысты орындау үшін қосымша уақыт беру; тапсырмаларды тек ауызша/жазбаша орындауға мүмкіндік беру; планшетті, ноутбукты пайдалана отырып, жазбаша бақылау тапсырмасын орындау мүмкіндігі;
Бақылау материалдарын өзгерту: нұсқаулықтарды бейімдеу – тапсырманы орындау кезеңдеріне сәйкес оны бірнеше бөліктерге бөлу; бақылау тапсырмаларының санын азайту; барлық сынып үшін бақылау тапсырмаларынан ерекшеленетін жеке бақылау тапсырмалары (жеке оқу мақсаттарына сәйкес); бақылау тапсырмасын орындауды жеңілдететін иллюстрациялық және басқа да тірек материалдарын (кестелерді, сызбаларды, үлгілерді, анықтамалық материалдарды) пайдалану және т.б.;
Сыныптағы оқу орнын анықтау және бейімдеу (бірінші партада, беделді оқушының жанында, соңғы партада, партада жалғыз, оқу тапсырмаларының бір бөлігін биік үстелде тұрып/отырып орындайды және және т.б.);


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет