Көкшетау қаласы білім бөлімінің «№19 ОМ КММ»
Курмашева Анаргуль Назымбековна
Авторлық бағдарлама
«Сәлем мектеп – бұл мен!»
1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу үрдісін психологиялық сүйемелдеу
Көкшетау 2016
УДК 37.015.3 (041)
ББК 74. 200. 5 (5 каз)
К 86
Көкшетау қаласы педагог-психологтар әдістемелік бірлестігінің шешімі бойынша баспаға ұсынылды. № 3 Хаттама 12.01.2016ж.
Рецензент: Какабаева Динара Сериковна Педагогика ғылымының магистрі Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушысы.
К 86 Авторлық бағдарлама: 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу үрдісін психологиялық сүйемелдеуге арналған түзете-дамыту бағдарламасы «Сәлем мектеп – бұл мен!». Құрастырушы Көкшетау қаласының № 19 ОМ педагог-психологі Курмашева А.Н., Көкшетау қаласы 2016 ж. 38 бет.
Авторлық бағдарламада жаңа жағдайға бейімделудің қиын кезеңінен өтіп жатқан 1-сынып оқушыларына жаңа әлеуметтік даму жағдайына бейімделуге психологиялық – педагогикалық қолдау жасауға арналған психологиялық тренинг сабақтарының үлгі жоспарлары берілген. Бірінші сынып оқушыларында пайда болуы мүмкін бейімсіздену мен мазасыздықтың алдын алу жұмысын жүргізуді мақсат етіп алған барлық педагог – психологтарға, әсіресе жас ұстаздар мен жас психологтарға көмекші әдістемелік құрал бола алады.
ББК 74.200. 5 (5 каз)
УДК 37.015.3 (041)
Курмашева А.Н.
2016
Түсінік хат
Бала бірінші сыныпқа келді. Мектепке бару баланың өміріне үлкен өзгерістер енгізеді. Мектепте оқыған алғашқы айлар өте күрделі және шиеленісті болып табылады. Мектепке алғаш келген баланы балалар мен ересектерден тұратын жаңа ұжым қарсы алады. Оған құрдастарымен және мұғалімдермен байланыс орнатуы, оқу жұмысына байланысты жаңа міндеттерді және мектеп пәндерінің талаптарына қатысты үйрену міндетін орындауы қажет. Мектеп алғашқы күннен бастап-ақ оқушылар алдында тікелей олардың жинақтаған тәжірибесіне қатысы жоқ бірқатар міндеттер қояды, ерекше зияткерлік және физикалық күш салуын талап етеді. Тәжірибе көрсеткендей, балалардың барлығы бірдей мұндай өзгерістерге дайын болмай шығады. Кейбір оқушылар, тіпті жоғары интеллектуалды даму деңгейімен келген оқушылардың өзіне, мектептің оқыту жүйесі міндеттеген салмақты жүк түседі. Психологтар көрсеткендей, көптеген бірінші сынып оқушылары, әсіресе алты жасарлардың, мектепке әлеуметтік бейімделуі қиын, себебі мектеп режиміне бағынышты, мектептің мінез-құлық нормаларын игерген, мектеп міндеттері мойындайтын жеке тұлғалық қасиеттері әлі қалыптаспаған болып шығады. Баланың мектепке, оқуға деген қарым-қатынас негізі сол уақытта, дәл сол 1-ші сыныпта қаланады.
Баланың мектепке бейімделуі – өте ұзақ процесс. Кішкентай оқушының мектепке нық үйреніп, дағдылануы үшін бір күн емес, бір апта емес, ұзақ уақыт қажет болады. Зерттеулер көрсеткендей, 1-сынып оқушысының әлеуметтік-психологиялық бейімделуі әртүрлі өтуі мүмкін, балалардың 50-60%-ы алғашқы 2-3 айда бейімделіп кетсе, балалардың 30%-ы бірінші жартыжылдықтың соңына дейін бейімделеді. Ал балалардың 14%-ының бейімделуі жылдың соңына дейін созылуы мүмкін.
Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі оларға жүктелген оңай тапсырма емес. Бейімделу әр оқушыда әртүрлі өту мүмкін, өкінішке орай, кейбірінде бұл процесс ойдағыдай өтпейді. Егер "ойдағыдай болмаса" (ол бейімсіздену деп аталады), "мектеп өміріне бейімделу" тетіктері бұзылады.
Бірінші сынып оқушыларына ең бірінші сабақтан бастап мектепке деген жағымды әсер қалдыру үшін, бірінші сынып оқушылары өміріндегі ең бір өзгермелі кезеңі болып табылатын мектепке бейімделуі кезеңі сәтті өтуі үшін және шешуі қиын мәселелер пайда болған балаларға көмектесуге арналған, бірінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеуге бағытталған "Сәлем мектеп – бұл мен!" арнайы бағдарламаның маңызы зор.
Бейімдеу сабақтарының мақсаты:
1. Бірінші сынып оқушыларын жаңа әлеуметтік даму жағдайына бейімделу кезеңінде психологиялық–педагогикалық қолдау жасау.
2. Бірінші сынып оқушыларында пайда болуы мүмкін мектептік бейімсіздену және мазасыздықтың алдын алу жұмысын жүргізу.
Бейімдеу сабақтарының міндеттері:
1. Балалардың бір-бірімен танысу үшін қолайлы жағдайлар жасау.
2. Бірінші сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуі кезінде қорғаныштық және эмоциялық жайлылық сезімін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау.
3. Мектеп ережелеріне қатысты оң қарым-қатынас әсерін қалыптастыру.
4. Бірінші сынып оқушыларының тұлғалық эмоциялық және коммуникативті жақтарын дамыту.
5. Әр баланың табысқа жету жағдаятын қамтамасыз ету.
6. Жеке өзіндік қасиеттерін көрсете білу үшін жағдай жасау.
7. Сыныптың ұжымдық бірлігі, бір-біріне деген сенімді қатынасы ынтымақтастық дағдыларын дамыту.
Бейімсізденудің алдын алудың ең тиімді тәсілі балалармен жүргізілетін топтық жұмыс. Мұндай топтық жұмыс түрінде жүргізілген бейімдеу сабақтары жақсы нәтижеге қол жеткізеді және бірінші сыныптың бастапқы оқу кезеңінде жүргізген дұрыс.
Осындай сабақтар баланың мектепке қолайлы бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді, оқу мен тәрбие процессінде оның одан әрі қарай сәтті дамуына көмектеседі.
Оқушының ортаға деген оң микроклиматын қалыптастыру арқылы, жағымды атмосфера, эмоционалдық жайлылық, балалар арасында өзара құрметке негізделген тұлға аралық қарым-қатынас орнауына көмек көрсетеді, эмпатия, бірін-бірі қабылдау мен өзара сенім білдіру, өзара іс-қимылды жақсартып, топтық ұжымшылдықтың дамуына ықпал етеді.
Балаларды "мектеп өмірі" ережесіне бейімделуге, одан әрі өміріне қажет көптеген басқа да өмір тәжірибелеріне үйретеді.
Бейімдеу сабақтарының ерекшелігі үнемі эмоциялық жағымды көңіл-күймен жүргізлетіндігінде. Олар балалар үшін ұнамды және қызықты болуы тиіс. Сабақтарда ойын және шығармашылық тапсырмалар, сондай-ақ психологиялық сипаттағы жаттығулар кеңінен пайдаланылады. Балалармен орындалған тапсырмалардың нәтижелерін жинақтау, талқылаудың маңызы зор, кейбір тапсырмалардың нәтижелерін сынып оқушысының тұлғалық маңыздылығын, әрбір баланың жеке жұмыстарын ұжымдық және сыныптағы жеке қасиетін көрсету мақсатында ортақ көрмелер мен композициялар түрінде орналастыру көрсетуге болады. Сабақтардың бір бөлігі екі жақты сипатқа ие: олардың құрамында дамытушылық, түзету жаттығулар ғана емес, диагностикалық тапсырмалары болады.
Сабақ жиілігі және санының шарттары:
Бейімделу сабақтары бірінші сынып оқушылары үшін аптасына 1 рет 10 сабақ көлемінде есептелген. Ұзақтығы 30 минут.
Педагог - психологтың топтағы жоспарланған жұмысының нәтижелері.
Бейімдеу сабақтарын жүргізу нәтижесінде бірінші сынып оқушыларының бейімсізденуін болдырмау, бірінші сынып оқушыларының бейімделу ұзақтығын қысқарту нәтижелілігі күтілуде. Мазасыздық деңгейі төмендетіледі. Мектепте өзін-өзі алып жүру ережелерімен танысады. Оқушылар ұжымында қолайлы орта жасалады. Балалар бір-бірімен және сынып жетекшісімен танысады.
Бейімдеу сабақтарының жоспары
"Сәлем мектеп – бұл мен!"
Тақырыбы
|
Мақсаты
|
Мазмұны
|
1-сабақ
"Кел, танысайық"
|
Топта психологиялық жайлылық атмосферасын құру. Шиеленістің алдын алу. Бірінші сынып оқушыларының мұғаліммен және бір-бірімен танысуы.
|
Жаттығу: "Сәлем"
Жаттығу "Жақсыкөңіл-күй эстафетасы "
Жаттығу "Өз құйрығын тістеген айдаһар "
Жаттығу "Менің күлкілі портретім"
Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"
Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
|
2-сабақ "Алақай! Мен оқушымын"
|
Қолайлы эмоциялық атмосфера құру. Балалардың оқушы мәртебесін ұғынуы.
|
Жаттығу "Менің атым... Мен өзімді сүйемін..."
Жаттығу: "Көңіл-күй неге ұқсас"
Жаттығу «Оқушы болу деген не?»
«Балабақша тәрбиеленушісі – оқушы» тақырыбында сурет салу
Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"
Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
|
3-сабақ
"Мектеп өмірінің ережесі"
|
Бірінші сынып оқушыларының мектеп өмірі ережелері мен танысуы. Ынтымақтастық, бір-біріне деген сенімді қатынас, сынып ұжымының ұйымшылдығына бейімделу дағдыларын дамыту
|
Жаттығу "Рөлдік көркем жаттығу"
Жаттығу: "Орман тұрғындары"
"Орман мектебін" құру
М. А. Панфилованың ертегісі
М. А. Панфилованың ертегісі
Слайд көрсету "Мектеп ережесі"
Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"
Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
|
4-сабақ
"Мектепке не үшін барамыз?"
|
Балаларға өзінің жаңа мәртебесін сезіну үшін жағдай жасау.
|
Жаттығу: "Мұрын ұшымен амандасу"
Жаттығу "Сөйлемдерді аяқта"
Жаттығу: "Ең үздік бірінші сынып оқушысы"
Жаттығу: "Мектепке не үшін барады?"
Жаттығу "Мен мектептемін"
Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"
Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
|
5-сабақ
«Менің досым-мектеп портфелі»
|
Балаларды тәртіпке, ұқыптылыққа, оқулықтар мен басқа да мектеп заттарына ұқыпты қарауға үйрету.
|
Жаттығу "Жел соғады ..."
Жаттығу "Мектепте маған не керек"
"Портфельді жинау"
М. А. Панфилованың ертегісі
Жаттығу "Мен өзімнің портфеліме саламын"
Жаттығу: "Төртінші артық"
Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"
Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
|
6-сабақ
"Мені жақынырақ таны "
|
Жалпы оң атмосфералы сабақтар құру, топ құру процесіне қосу, ұжымның бірігуі, яғни бір-біріне, әрбір қатысушының бірегейлігін атау.
|
Жаттығу: "Әуедегі бал"
Жаттығу "Шариктермен жаттығу"
Жаттығу: "Не өзгерді"
Жаттығу "Кімде ..., барлығыңыз орын ауыстырып отырыңыздар"
Жаттығу: "Мен үшін маңызды не"
Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"
Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
|
7-сабақ
"Бірге жұмыс істеуге үйренеміз"
|
Бірінші сынып оқушыларының оқу ынтымақтастығы дағдыларымен танысу үшін жағдай жасау.
|
Жаттығу: "Амандасып қояйық"
Жаттығу Шарлар"
Жаттығу: "Пингвиндер"
Жаттығу"Фигуралар салу"
Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"
Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
|
8-сабақ
"Біздің сынып – бұл біз!"
|
Ұжымды біріктіру, бір-біріне деген қарым-қатынастарын "сынып- тұтас топ" ретінде қалыптастыру
|
Жаттығу: "Мейірімді есім"
Жаттығу: "Құрттар"
Жаттығу «Оқушы портреті»
Жаттығу «Жалғыз аяқты жол»
Жаттығу "Біздің сынып – бұл барлығымыз"
Жаттығу: "Көңіл-күйімізді суреттейміз"
Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
|
9-сабақ
"Мектептегі көңіл-күй"
|
Үрейленуді төмендету, баланың "Менін" күшейту, баланың психикалық тонусын,өзіне деген сенімділігін арттыру.
|
Жаттығу: "Жаңбыр"
Жаттығу "Көңіл-күйімді тап"
Жаттығу "Көңіл-күйімді бейнеле"
Жаттығу "Хрустальді саяхат"
Жаттығу "Көңіл-күй түстері"
Жаттығу "Менің мектептегі көңіл-күйім"
Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
|
10-сабақ
"Бірінші сынып оқушысы болу қандай керемет"
|
Мектепке және оқуға деген жағымды эмоционалдық қарым-қатынасты бекіту.
|
Жаттығу "Майшам"
Жаттығу "Бірінші сынып оқушысының сиқырлы жастығы"
Жаттығу "Бірінші сынып оқушыларының аралы"
Жаттығу "Тамаша бақша"
Жаттығу "От"
Жаттығу "Күн сәулелері"
Жаттығу "Көбелектің ұшуы"
Жаттығу: "Біздің жүректеріміздің жылуы"
|
Сабақ конспектілері
1-сабақ.
Мақсаты: Топта психологиялық жайлылық атмосферасын құру.
Шиеленістің алдын-алу.
Сабақ барысы
Жаттығу: "Сәлем!"
Мақсаты: топтың барлық қатысушыларын жұмысқа тарту, таныстыру.
Жаттығулар барысы: Топ шеңбер құрып отырады. Доп немесе қандай да бір жұмсақ ойыншық пайдаланылады. Кейбір жағдайларда жұмырлана домалақталған шарфты пайдалануға болады. Мұғалімі көз қарасымен бірінің бірінші сынып оқушыларының біріне тоқтала қарап, оған: "Сәлем! Сенің атың кім?"- деп допты лақтырады. Бұдан әрі ол: " Топтан кез-келген, кім саған қызықты, бір оқушыны көзіңмен таңдап, оған қарап тұрып, допты лақтыр, амандаса отырып, оның аты кім екенін сұра" деп нұсқаулық береді.
Доп лақтырулардың арасында мұғалім: "Кімге әлі доп лақтырылған жоқ, соған лақтыруға тырысыңыздар» деп нұсқаулықты нақтылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |