Жаттығу «Ауадағы би кеші»
Мақсаты: топты жандандыру
Жаттығу барысы. Психолог балаларға бірі құсқа, бірі көбелекке, бірі инелікке айналуын сұрайды. Ауада қалықтап билейді, ұшады, айналады, жоғары секіреді. Бәрі өздерін жеңіл сезініп, күледі, қуанады.
Жаттығу «Шарлармен жаттығу жасау»
Мақсаты: топтың ұжымдасуы.
Қажетті құралдар: топтағы балалар санымен тең және артық мөлшердегі шарлар, көңілді ән үзінділері.
Жаттығудың барысы:
Қатысушылар өздеріне шар таңдап алып, оны үрлейді. Бәрі шеңбер құрып тұрады да, бір-біріне теріс қарап бұрылады. Шарлар қатысушылардың бүйірлерінде қолсыз қыстырылып тұрады. Ол үшін балалар бір-біріне өте жақын тұруы керек. Жүргізушінің белгісімен көңілді ән басталады да, ойынға қатысушылар шеңбер бойымен қозғала бастайды. Қозғалған кезде ортада қыстырылып тұрған шарларды түсіріп алмау керек. Қолмен көмектесуге болмайды. Ойын басталар алдында жүргізуші қатысушылармен бірге қандай шапшаңдықпен қозғалу керектігін алдын-ала келісіп алуы керек. Бес түрлі қозғалыс шапшаңдығын алуға болады. Мысалы бірінші дегенде қатысушылар баяу қозғалса, бесінші дегенде жылдам қозғала бастайды. Қозғалыс шапшаңдығын араластырып отырады. Келесі қозғалыс түрі кері бағытта жүру үшін бәрі кері бұрылады, бірақ шарды түсіріп алмау керек. Жаттығу кері бағытта қайта жалғасады.
Барлық шарларды алып тастап бір ғана шар қалдырылады. Ол шарды бір-біріне беру керек, бірақ қолмен емес, баспен, аяқпен, шынтақпен тіземен немесе иекпен және т.б. ғана береді. Жетекшінің белгі беруімен жаттығу басталады.
Жаттығу «Кімде..., орын ауыстырып отырыңдар»
Мақсаты: ойын топтың ұжымдасуына жәрдемдеседі, сондай-ақ топқа қатысушылардың іс-әрекеттерін бақылау арқылы бірінші реттік психодиагностиканы өткізуге көмектеседі, жалпы атмосфераға сабақтың жалпы атмосфералық қолайлылығын тудырады.
Жаттығудың барысы. Қатысушылар шеңбер құрып отырады, ал жетекші ортада тұрады, себебі оның отыруына артық орындық жоқ. Ол жүргізуші. Жүргізуші кімдер орын ауыстыратындығын айтып отырады. Мысалы: «Кімде ...,бар, орын ауыстырып отырыңдар» дейді де көбіне ортақ қасиет, киім немесе тағы басқа заттарды атайды. Мысалы: «Кімде ақшыл түсті шаштары барлар орын ауыстырып отырыңдар», «кім бүгін таңғы ас ішті», «кім мектепте оқиды». Қатысушылар орын ауыстырып жатқан кезде, жүргізуші бос орындардың біріне отыра қояды, нәтижесінде кімге орындық жетпей қалса, сол ортаға шығып, жүргізуші болады, ойын осылайша жалғаса береді. .
Жаттығу «Не өзгерді?»
Мақсаты: ойын байқау мен есте сақтау қабілеттерін жаттықтырады, бұдан басқа, қатысушылардың өзіне және басқаларға зер сала қарап салыстыруға үйретеді. Бұл бір-біріне үйірсектік сезімдерінің дамуына, топтың ұйымшылдығына және ондағы өзінің бекуіне ықпал етеді.
Жаттығудың барысы: Топ бір-біріне қарама-қарсы келетіндей екі қатарға тұрады. Әрқайсысы өзіне қарама-қарсы тұрған құрбысының басынан-аяғына дейін зер сала қарап шығады да, ойша суретін салып, есінде сақтайды(1 мин). Келесі ретте бір-біріне теріс қарап бұрылады. Әрқайсысы құрбысына көрсетпей үстіндегі бір затты немесе келбетін өзгертеді. Мысалы: бір сырғасын шешу, мойынтағын, ленталарын шешеді, жүзік, білезік не сағаттарын басқа қолға тағу т.б. (30 сек).
Ал енді қайта бұрылып бір-біріне қарама-қарсы тұрған кезде құрбысының сыртқы келбетінде не үстінде не өзгергенін зер сала қарап тауып алуы керек.
Жаттығу «Мен үшін маңызды не?»
Мақсаты: ойын топ мүшелерінің бір-бірімен араласуына, әр оқушы өзін басқаларға көрсете алуына, топтың ұйымшылдығына ықпал етеді.
Жаттығудың барысы:Көз алдарыңызға елестетіңіздер, сіздер демалыс уақытында дем алу үшін бір жан баспаған аралға ұзақ уақытқа кеттіңіз делік.Сіз жолға қамдану үшін шабаданыңызға ең маңызды деген үш-ақ затты сала алар едіңіз.Сіз не алар едіңіз? Бес минут жақсылап ойланып алыңыз да, сол үш затты атаңыз. Бұл жаттығуды орындағаннан кейін оны түсіндіре талдау қажет. Үш затты таңдау қиын болды ма? Оқушылардың арасында бірдей заттарды таңдаған жауаптар болды ма?
Жаттығу:"Көңіл-күйімізді суреттейміз"
Мақсаты: Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.
Жаттығудыңбарысы: Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл-күйініңсуретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.
Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.
Жаттығудың барысы:Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын.Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.
“ Ретін қалпына келтір”.
Сандық қатардағы реттік тәртіпті қалпына келтір. Оқушылар қолдарына сандар жазылған үлестірмелерді алып бір қатарға тұрады.
«Нүктелермен сурет сал».
"Сөзді тап - 1"
Тақтада немесе ақ қағазға жазылған сөздердің ішіне жасырылған басқа сөзді тауып алу керек. Мысалы: күлкі, қасқыр, баған, шаш, қармақ, бор, жол, өзен, көмір, қорап, қалам, жиынтық, отан, ағаш т.б.
"Сөзді тап - 2"
Балаға ішінде бірнеше сөз жасырылған әріптердің тізбегі беріледі. Бала ол сөздерді тауып алып, астын сызу керек. Бкүнлнцеитранвпартаорюджиметокноггщищщашатмашинаро
7-сабақ
Мақсаты: оқушылардың оқу ынтымақтастығы жөніндегі дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасау.
Сабақтың барысы:
Жаттығу «Амандасайық»
Мақсаты: Қатысушылар арасында қарым-қатынас орнату. Қол алысу – ашықтық пен ізгі ниеттің шартты белгісі. Бұл орайда, көзбен қарым-қатынастың болуы, жақын тартудың туындауына және жағымды ішкі әсердің пайда болуы үлкен маңызды рөл атқарады. Бұл іс-әрекет сөзсіз өрбитіндіктен, топ мүшелерінің назарының концентрациясын арттырады және іс-қимылға ғажап сонылық береді.
Жаттығудың барысы: Психолог бір-бірімен қол алысып амандасуға ұсыныс береді, бірақ ерекше түрде болуын қалайды.Екі қолмен екі бірдей қатысушымен бір мезгілде амандасады, яғни қол жұмыссыз болмауы керек. Үшінші біреу амандасқысы келгенше қолды босатпайды және бұл іс-әрекеттерді үн-түнсіз жасау керек. Тапсырма –осылайша топ мүшелерінің бәрімен амандасып шығу керек. Ойын барысында ешкім де сөйлемейді.
Жаттығу «Шариктер»
Мақсаты: топтастыру, қатысушылардың арасындағы кеңістіктік кедергілерді жою.
Жаттығудың барысы. Қатысушылар үш-үштен топтасып мынадай тапсырма алады: үш ауа шарын алып тез үрлеу керек, одан кейін өзара араларына қойып қатты қысу арқылы тез жару міндеті қойылады. Шарды жарған кезде өткір заттарды немесе тырнақтарын, киім бөлшектерін қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |