Жаттығу «Жұлдыз құрт»
Мақсаты: Ойын өзара сенімділікке баулиды.
Жаттығу барысы. Көбінесе әріптестерімізді көрмейміз, бірақ естиміз. Барлық істің нәтижелілігі өз мүмкіндіктерін басқа қатысушылардың мүмкіндіктерімен үйлестіре күш жұмсауында болуы мүмкін. «Балалар, бәріміз қазір үлкен бір жұлдыз құрт боламыз да осы бөлменің ішінде қозғалып жүреміз. Бәрің бір тізбекке тұрып, қолдарыңызды алда тұрған құрбыларыңның иығына қойыңыздар. Араларыңызға, яғни біріңіздің іш тұстарыңыз бен арқаларыңызға шар немесе доп қойып қысып ұстап жүреміз. Шар немесе допты қолмен ұстауға болмайды. Тізбекте бірінші тұрған қатысушы өз шарын немесе добын алға қарай созып ұстап тұрады. Осылайша бір ұзын тізбек болып, бірақ қолдың көмегінсіз, бір айналып шығуымыз керек. Бақылаушыларға: лидерлердің, яғни «тірі жұлдызқұрттың» қозғалысын реттеп отыратын балалардың орналасуына көңіл бөліңіздер.
Жаттығу «Оқушының портреті»
Мақсаты: алдыңғы сабақтарда алған білімдерін пысықтап бекіту.
Жаттығу барысы. Психолог «Оқушы болу дегеніміз не екенін кім айтып береді? Ол үшін не істеу керек? Сендер қандай ақылдысыңдар. Сендер қалай көп білесіңдер! Тағы айтар болсақ нағыз оқушы болу дегеніміз – өз құрбыларыңмен дос болу, оларға барлық жақтан көмек беру.
Жаттығу «Аяқ жол»
Мақсаты: балалардың арасында жылы қарым-қатынас орнату, моторикалық координацияны дамыту.
Жаттығу барысы. Психолог. «Сіздерге мынадай ойын ұсынамын. Барлықтарың ... (белсенді және тез тапқыш бір оқушыны мұғалім жүргізуші қылып өзі таңдап алады) сыртынан теріс қарап тізіліп тұрыңдар. Ойынға қатысушылар сол теріс қараған күйі алдыңғы жетекшінің артынан ойша құрылған аяқ жолмен жыланша ілесіп жүреді. Ойша құрылған кедергілерден де сол теріс қараған күйінде өтуі керек. Ойша құрылған кедергілерді психолог өзі айтып отырады. Мысалы: ойша құрылған орлардан секіріп өту, қалғандары соны қайталайды. Қолмен шапалақтап белгі берілген кезде жетекші жыланның соңына барады да, одан кейін тұрған бала алға бұрылып, әрі қарай қозғалысты бастап кетеді т.с.с.». Бұл ойында барлық қатысушылар жетекші рөлінде болып көруі керек. Ойынды әннің сүйемелдеуінде өткізген өте жақсы.
Жаттығу «Біздің сынып – бұл бәріміз!»
Мақсаты: оқушылар бойында бір сыныптастар ретіндегі ұйымшылдық қарым-қатынастарын қалыптастыру, тайқақсу, мектептен қорқу сияқты сезімдерді жою.
Жаттығу барысы: Психолог. Қараңыздар бәріміз бірге бір сынып болып саналамыз. Біз әртүрліміз. Әрқайсыларымыздың өзіндік дағдыларымыз, әуесқойлықтарымыз бар, бірақ бәріміз бірігіп бір тұтас боламыз. Гүлдің әр күлтешелері сияқты. Олай болса, қазір әрқайсыларыңыз өз күлтешелеріңізді қиып, аттарыңызды айтып маған келесіздер де, бәріміз күлтешелерді жинап, қосылып үлкен бір гүл жасаймыз. Байқаңдаршы, қандай әдемі гүл пайда болды. Біздің сынып міне қандай – бұл бәріміз!
Жаттығу:"Көңіл-күйімізді суреттейміз"
Мақсаты:Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.
Жаттығулар барысы: Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл-күйініңсуретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.
Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.
Барысы жаттығулар:Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын.Ойын былайшаөтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.
9-сабақ
Мақсаты: үрейленуді төмендету, баланың "Менін" күшейту, психикалық тонусын, баланың өзіне деген сенімділігін арттыру.
Сабақтың барысы.
Жаттығу: «Тамшылар».
Мақсаты: психогимнастикалық жаттығу
Жаттығу барысы:Жаттығу әннің сүйемелдеуімен жүргізіледі. Психолог: «Қараңдаршы, аспаннан бір нәрсе құлап келеді. Сол қолдарыңызды алға созып, алақандарыңызды ашыңыздар. Оң қолдарыңызды алға созып, алақандарыңызды ашыңыздар. Алақандарыңызбен жаңбырдың тамшыларын ұстап алыңыздар. Жоғары созылыңыздар. Терең дем алыңыздар. Қолдарыңызды төмен түсіріңіздер. Су тамшысын сілкілеңдер. Терең тыныс шығарыңдар. Тағы қайталаймыз».
Жаттығу «Көңіл-күйімді тап».
Мақсаты:балаларды адамдардың көңіл-күйін танып білуге үйрету.
Жаттығу барысы. Психолог әртүрлі көңіл-күйдегі адамдардың суреттерін көрсетеді, ал балалар суреттегі кейіпкердің көңіл-күйін тауып алуы керек.
Жаттығу «Көңіл-күйді бейнеле»
Мақсаты: көңіл-күй түрлері жөніндегі білімдерін бекіту.
Жаттығу барысы. Қатысушылар үлестірмелерді кезектесіп алады да, онда пиктограммалар көмегімен бейнеленген көңіл-күй бейнелерін басқаларға өзі істеп көрсетеді. Бала өз эмоциясын көрсетеді. Басқалары оның қандай көңіл-күйді бейнелеп тұрғанын табады.
Жаттығу «Хрустальді саяхат»
Мақсаты. Релаксация
Жаттығу барысы. Психолог. Өздеріңе ыңғайлы отырып алып, көздеріңізді жұмыңыздар да, тыншыңыздар. Ойша көз алдарыңа мынаны елестетіп көріңіздер. Сіз көктемгі алма бағына кіріп келесіз, ақшыл-қызғылт гүлдердің жұпарына терң дем алып, рахаттана жалғыз аяқ жолмен баяу қозғалудасыз. Жіңішке аяқ жолмен бір қақпаның алдына келіп тоқтадыңыз, баяу ашып жұпар иісті жап-жасыл алаңқайға тап болдыңыз. Жұмсақ шөп ақырын ғана теңселіп тұр, жәндіктердің ызыңдаған дыбыстары естіледі, баяу жел бетіңізден өбіп, шашыңыздан ақырын ғана сипайды.... Алдыңызда көл .... Суы күмістей таза, әрі мөп-мөлдір, бетінде күн сәулелері бірін-бірі қуалап ойнап жүр. Сіз баяу ғана аралға қарай келе жатырсыз, көл бұлақшаларын жағалап келіп, сарқырамаға келіп тоқтадыңыз.... Сіз сарқырамаға кірдіңіз, жарқыраған су ағындары сізді тазалауда, сізге күш-қуат пен энергия беруде.... Сарқырама сыртында жарық үңгір, тыныш әрі жайлы, сіз өзіңізбен-өзіңіз жалғыз отырып демалудасыз. Ал енді кері қайту керек. Ойша жаңағы жүріп өткен жолды кері бағытта тағы бір жүріп өтіп, алма бағынан шыққанда ғана көзіңізді ашыңыз.
Жаттығу «Көңіл-күй түстері»
Жаттығу барысы. Психолог адамның көңіл-күй түрлері белгілі бір түске сәйкес келуі мүмкін:
қызыл түс - сүйсінуге сәйкес келеді;
қызғылт сары –қуаныш, көтеріңкі көңіл-күйді білдіреді;
сары – ашық, жағымды көңіл-күйге сай;
жасыл – тыныш, сабырлы жағдай;
көк – уайым, сенімсіздік жағдай;
күлгін – үрейлі жағдай;
қара – құлазу, қайғыруға сай;
ақ – қорқыныш.
Әрі қарай балалар мимикамен көңіл-күй түстерін бейнелейді.
Жаттығу «Менің мектептегі көңіл-күйім»
Мақсаты: баланың мектепке бейімделу кезеңіндегі уайымы және оқу мотивациясының деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалар.
Жаттығу барысы.Психолог балаларға «Менің мектептегі көңіл-күйім» деген тақырыпта сурет салуларын ұсынады. Салып болған соң оқушылар, өздерінің қандай көңіл-күйді бейнелегендіктерін айтып береді. Суреттер бойынша көрме ұйымдастырылады.
Жаттығу "Тамаша күн үшін рахмет "
Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.
Барысы жаттығулар:Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын.Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.
10-сабақ
Мақсаты: мектепке және оқуға деген жағымды эмоционалдық қарым-қатынасты бекіту.
Сабақтың барысы:
Жаттығу «Майшам»
Мақсаты: сәлемдесу, ұжымдық топтасу.
Жаттығу барысы: Тыныш қана әуен ойнап тұрады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Психолог майшам жағады. Психолог: Қайырлы күн, балалар! Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Кәне бір-бірімізге өзгеше сәлем беріп амандасайық! Қазір әрқайсыларыңыз жылу шашқан майшамды бір-бірлеріңізге кезекпен бересіздер. Майшамды оң жақтағы көршіңізге бере отырып, «Мен сізді көргеніме өте қуаныштымын!» деген сөздермен жүрек жылуларыңызды бір-бірлеріңізге білдіріңіздер.
Жаттығу «Бірінші сынып оқушысына арналған сиқырлы жастық»
Мақсаты: өзін-өзі бағалауын көтеру.
Жаттығу барысы. Психолог. Мен сиқырлы жастық әкелдім. Әрқайсыларыңыз сол жастықтың үстіне отырып, бірінші сыныпқа барғаннан бастап өмірлеріңізде қандай өзгеріс болғанын айтасыздар. Жастықтың үстінде отырған оқушы өз әңгімесін: «Мен енді бірінші сынып оқушысымын, енді менде...». Басқалары ұйып тыңдайды.
Жаттығу «Бірінші сынып оқушыларының аралы»
Мақсаты: мектепке және оқуға деген жағымды эмоционалдық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Жаттығу барысы: Психолог. Көздеріңізді жұмып, терең тыныс алыңыздар. Ойша күздің жаймашуақ күнін елестетіңіздер. Сіз әдемі желкенді қайықпен жүзіп келе жатырсыз. Толқындар қайықты оңға, солға жай ғана тербетеді. Бір кезде көкжиектен арал көзге шалынды. Сіз аралға жүзіп келіп тоқтадыңыз да, аралдың үлкен екенін, онда жайқалған көп шөп пен ағаштар барын байқадыңыз. Бірақ арал жан баспаған екен. Қазір біз осы жан баспаған аралдан, бірінші сынып оқушыларының әдемі аралын жасаймыз. Елестеттіңіздер ме? Көздеріңізді ашып тақтада салынған аралға қараңыздар. Тақтадағы арал сіздер елестеткен аралға ұқсай ма? Жоқ. Олай болса тақтадағы сиқысыз аралдан, сіздер елестеткен әдемі бірінші сынып оқушыларының аралын бірлесе жасайық.
Жаттығу «Тамаша бақша»
Мақсаты: арт-терапия, жаттығу өзін сезініп түсінуге көмектеседі, өзі өзі болып өз ойын және өзіндік сезімін еркін жеткізе білуге, әркімнің өз алдына өзгеше екенін ұғынуға, өз орнын көре білуге, бұл өмірдің алуан түрлілігін ұғынып, сол әдемі өмірдің бір бөлшегі ретінде сезінуге көмектеседі.
Жаттығу барысы: қатысушылар шеңбер құрып отырады. Жүргізуші жайбарақат отырып, көзді жұмып, өзін гүл ретінде елестетуді ұсынады. Сен қандай гүл болар едің? Жапырақтары қандай, сабағы қандай, тікенді ме? Биік пе, аласа ма? Ашық түсті ме әлде онша емес пе? Бәрін көз алдыңа елестетіп болсаңыздар, сол гүлдің суретін салыңыздар. Бәріне түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер, қағаздар таратылып беріледі.
Әрі қарай қатысушыларға өз гүлдерін қиып алу ұсынылады. Әрі қарай қиған гүлдерін аралға апарып жабыстырады. Сол арқылы аралда әдемі гүлдер бақшасын жасайды.
Сол «Тамаша бақшаға» тамсана қарап, әдемі көріністі естерінде сақтауға кеңес беріледі, сонда ғана әдемі көрініс өзінің жағымды энергиясын береді. Байқасаңыздар, гүлдер көп болса да, бәріне орын жетті, себебі әркім өзіне ұнаған жерге ғана гүлдерін орналастырған болатын. Қарасаңыз, сіздің гүліңізге ұқсамайтын басқа да көп гүлдердің ортасында сіздің де гүліңіз өсіп келеді. Бірақ, бірінің түсінен, бірінің көлемі мен пішінінен немесе жапырақтарының пішінінен ұқсастықтарды да байқауға болады.
Жаттығу «От»
Мақсаты: қысылуды алып тастау, көңіл-күйді білдіру.
Жаттығудың барысы: Психолог: Міне біздің де арал жанданып, көңілді бола бастады. Балалар, көңіл-күйлеріңізді сөзбен немесе сөзсіз де жеткізуге болады. Кәне өз көңіл-күйлерімізді әр түрлі фигуралардың пішіндерін қозғалыспен салу арқылы білдірейік. «От» деген кезде бәріміз көңілді әуенге ілесіп билейміз, секіреміз, ал “1,2,3-қатып қал!” деген белгі берілгенде сіздер өз көңіл-күйлеріңізді білдіретін фигураның пішінін келтіретін бейнеде қатып қаласыздар (балалар көңілді әуенмен билейді де, белгі берілгенде фигураларды келтіреді)
Жаттығу «Күн сәулелері»
Мақсаты:топтың ұйымшылдығы.
Жаттығу барысы: Психолог. Өзіміздің аралға қайтып оралайық. Арал үстінде күн жарқырап тұр, бірақ жылытпайды, себебі сәулелері жоқ. Ал жер бетіндегі барлық тіршілікке, гүлдерге де күн сәулесі мен көңіл бөлу өте қажет. Олай болса, жылуын кімге арнағыларыңыз келсе, соған бағытталған күн сәулелерін салайық. Өзіңіз салған күн сәулелерін кімге арнайтындықтарыңызды атын айтып атайсыздар. (Балалар күн сәулелерін салып, өздерінің достарының атын атайды)
Жаттығу «Көбелектің ұшуы»
Мақсаты: релаксация, эмоционалдық диагностика
Жаттығу барысы: Психолог. Біздің гүлдерімізге күн сәулелері шуақ шашуда, жылуын төгуде, олай болса көңіл-күйлеріңіз жақсы болуы тиіс. Аздап тыншып демалып алуға болады.
(Табиғи дауыстар, теңіздің толқындарының дауысы, шағалалардың қиқулаған дауысын келтіретін релаксациялық әуен естіледі)
Көздеріңізді жұмып, менің дауысымды тыңдаңыздар. Жеңіл әрі терең дем алыңыз... Тыныш. Көз алдарыңызға ойша елестетіңіз: күздің жаймашуақ күнінде шалғын үстінде жатырсыз. Дәл алдыңызда бір гүлден бір гүлге ұшып қонып жүрген әдемі көбелекті көрдіңіз...
Көбелектің қанаттарының қозғалысына зер сала қараңыз. Қанаттарының қозғалысы қандай әдемі, қандай сұлу. Енді әрқайсыларыңыз өздеріңізді сол көбелектің орнында елестетіп көріңіз. Сіздің қанатыңыз үлкен әрі әдемі... Сіз қанатыңыздың баяу және бірқалыпты жоғары-төмен, жоғары-төмен қалықтағанын сезініңіз...
Ауада баяу және бірқалыпты қалықтау сезімімен рахаттаныңыз. Ал енді өзіңіз ұшып бара жатқан төмендегі шұбар шалғынға көз тастаңыз. Әдемі, ашық гүлдердің көптігіне көңіл бөліңіз... Көзіңізбен өзіңіздің гүліңізді тауып алып, баяу ғана оған жақындаңыз. Жақындаған сайын өз гүліңіздің иісін де анық сезіне бастайсыз. Баяу және бірқалыпты гүлдің жұмсақ, жұпар иісті дәл ортасына қондыңыз... Өз гүліңізге бір қарап, маңайындағы басқа гүлдерге бір қарайсыз...Өз гүліңіздің жұпар иісімен терең бір тыныс алыңыз..., көз алдыңызға көбелектің түсін елестетіп, көзіңізді ашыңыз. Үстел үстінде түрлі-түсті көбелектер жатыр. Өз көңіл-күйіңізге лайық түстегі көбелекті таңдап алып, біздің тамаша аралымызға апарып жабыстырыңыз. (Әрқайсысы бір көбелекті таңдап алып, тақтадағы суретке апарып жабыстырады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Баяу ән ойнап тұрады.)
Жаттығу «Жүректеріміздің жылуы»
Мақсаты: аяқтау жаттығуы.
Жаттығудың барысы:Психолог: бір-бірлеріңізге оң қол алақаны төмен қаратып, сол қол алақанын жоғары қарата тигізе отырып, жүрек жылуларыңызды сақтаңыздар. Сабақ барысындағы еңбектеріңіз үшін шын алғысымды білдіремін. Өзіміз үшін қол соғып қояйық.
(Балалар оң қол алақандарымен көршісінің сол қол алақанын шапалақтап ұрады да, барлығы бірін-бірі иықтарымен құшақтап тығыз бір шеңберге біріге қалады).
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ред. Пилипко Н.В. «Здравствуй, школа! Адаптационные занятия с первоклассниками», Москва, УЦ «Перспектива», 2008 г.
Пилипко Н.В. Приглашение в мир общения. Программа по психологии общения для учащихся начальной школы. М., УЦ «Перспектива», 2000 г. 1.Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе. – М.:ТЦ Сфера, 2005. – 240с.
Семенака С.И.Социально – психологическая адаптация ребенка в обществе. – М.: АРКТИКА,2006. -72с.
Коноваленко С.В. Как подготовить ребенка к школе: психологические тесты и упражнения. – М.: Изд-во Эксмо, 2003 – 192с.
Истратова О.Н. Психологическое тестирование детей от рождения до 10 лет. Ростов –на-Дону.: Феникс, 2011 - 317с.
Ховрина Г.Б. Психологические особенности коррекционной работы с детьми, не готовыми к обучению в школе. – М.: Педагогический университет «Первое сентября», 2006г.
Глазунов Д.А.Психология Развивающие занятия 1 класс, М 2008
Хухлаева О.В. Школьная психологическая служба, М,2008
Афонькин C. Ю.. Учимся мыслить логически. Увлекательные задачи для развития логического мышления. СПб.: Издательский дом «Литера», 2002.
Безруких М.М., Ефимова CJJ., Князева М.Г. Как подготовить ребенка к школе и по какой программе лучше учиться. М., 1993.
Гельфан ЕМ. Игры и упражнения для маленьких и больших. М., 1961.
Гилъбух Ю.З. Темперамент и познавательные способности школьников. Киев, 1993.
Готовность детей к школе. Диагностика психического развития и коррекция его неблагоприятных вариантов / Отв. ред. В.И. Слободчиков. Томск, 1992.
Минский ЕМ. Игры и развлечения в группе продленного дня. Пособие для учителя. М., 1985.
Зак А.З. Занимательные игры для развития интеллекта у детей 5-12 лет. М., 1994.
Заика Е.В. Комплекс интеллектуальных игр для развития мышления учащихся // Вопросы психологии, 1990, № 6.
1000 веселых загадок для детей. М.: ООО Издательство «ACT», 2003.
Дусавицкий AM. Дважды два - икс. (Развитие мышления в начальной школе). М., 1985.
Ольшанская Е.В. Развитие мышления, внимания, памяти, восприятия, воображения, речи: Игровые задания. М.: Издательство «Первое сентября», 2004.
Достарыңызбен бөлісу: |