9) ата-аналар балаларына сабақ орындауға көмек беруі қажет; 10) мектептен тыс іс-әрекеттерін, спортпен, басқа да үйірмелерге қатысуға жағдай жасау керек; 11) мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына арнап арнайы педагогтар, психологтар, мұғалімдер семинарлар, тренингтер өткізулері қажет; 12) мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасы ата-аналар комитетіне қосылу керек; 13) мұғалімдерге арналған семинар, тренингтерге ата-аналар қатыса алады; 14) мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары бірігіп, пікір, тәжірибе алмасу үшін (жалпы білім беретін мектепте баланы оқыту мәселесі бойынша) Ассоциация құруы мүмкін; 15) мұғалімдер мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне баруы керек, сонда баланың жақындары арасында қалай өзін сезінетіні жайлы мәліметі болады; 16) (мұғалім - ата-ана) екі жақты нақты міндеттерді атқаруда келісім-шарт жасалып, қол қойылып, жауапкершілікпен жұмыс жасалуы тиіс. 143. Күн тәртібін, балалардың тамағын, ертеңгілік гимнастиканың дұрыс өткізілуін, дене шынықтыру сабақтарымен серуендердің өткізілуін қадағалайтын маманды көрсетіңіз медициналық бике 144. Балаларды физикалық тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналармен түсіндірме жұмысын ұйымдастыратын маманды белгілеңіз Дене шынықтыру инструкторы 145. Қосымша білім беру бағдарламаларын музей, музыка, би, креативті, театралды терапия элементтері көмегімен, дефектолог-мұғалім мен педагог-психологтың ұсыныстарын ескере отырып, іске асыратын маманды белгілеңіз
қосымша білім беру педагогтары 146. Пәнаралық топтардың жұмысына қатысады, балалардың ерекшеліктерімен танысады, балалардың білім алу қажеттіліктеріне сай ерекше әдістер мен тәсілдер құрастырып, музыкалық тәсілдер көмегімен балалардың өзара байланыстары мен тұлғааралық қарым-қатынастарын белсендіру міндеттерін атқаратын маманды көрсетіңіз
музыка жетекшісі 147. Басқа мамандармен бірге топтың (сыныптың) барлық тәрбиеленушілерінің біріккен іс-әрекетін жоспарлайтын және ұйымдастыратын маманды анықтаңыз