Инклюзивті қолдау арқылы ерекше білім алуды қажет ететін балаларды кедергісіз ортаға кіріктірудің мазмұндық сипаты



бет143/148
Дата07.02.2022
өлшемі16,35 Mb.
#93729
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   148
Байланысты:
Әдістемелік құрал 2019 (1)
Әдістемелік құрал 2019 (1)
ІҮ бөлім. Баяндамалар
Инклюзивті білім беру жағдайында логопедиялық жұмыстарды тиімді
ұйымдастыра білудің маңызы
Ш.А.Тортбаева
№264 мектеп- лицей, Қызылорда қаласы

Инклюзивті білім беруде түзете - дамыту жұмыстарының маңызы зор болып саналады. Жалпы білім беретін мектептердің инклюзивті кіріктірілген сыныптарына қабылданған балалардың ішінде есту, сөйлеу қабілетінде түрлі деңгейде бұзылыстары бар ерекше білім алуды қажет етушілер үшін логопед маманның атқаратын қызметі де ерекше рөлге ие. Себебі, мамандар әуелі мүмкіншілігі шектеулі балалардың жоғарғы жүйке жүйесінің қызметінің төмендеу себебін анықтай отырып, психологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Сана, таным процестері толық дамыған балалар мен дамуында бұзылыстары бар балалардың білім алуында еш кедергі болмауы үшін логопед мамандар балалардың дұрыс сөйлеп, бір – бірімен еркін қарым- қатынас жасауына көмектеседі. Әр баланың денсаулығындағы ерекшелікті ескере отырып, түрлі әдіс- тәсілдерді ұтымды пайдалануды, аталған тәсілдер арқылы баланың дұрыс сөйлей алуын қадағалайды. Оқушылардың тіл кемістігі таным қабілеттерінің дамуына кері әсер етеді,ойын қалыптастыруда ,өз ойын әңгімелеуде қиындық туғызады. Осылардың бәрі қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасауға кедергі келтіреді. Инклюзивті кіріктірілген сыныпта әр түрлі тіл кемістіктері бар балалар оқиды:дислалия,дизартрия,алалия,тұтығу,әр түрлі деңгейдегі тілдің қалыпты деңгейде дамымауы,дисграфия және дислексия. Сол себепті де, бұндай оқушылармен жұмыс жүргізуде логопед маман өзінің негізгі мақсаттарының бірі етіп мүмкіндігі шектеулі балалардың экспрессивті тілін дамытуды көздейді. Ол дегеніміз- оқушының сөйлеу үрдісі немесе сыртқы сөйлеу деңгейін қалыптастыру. Бұл жұмыс тілдің барлық компоненттерін қалыптастырады:сөздігін,дыбысты дұрыс айту,грамматикалық бағыт,қарым-қатынастағы тіл қызметін дамыту. Логопедиялық сабақта сөйлеу тілдеріндегі жазбаша жұмыстардағы кемістіктерге назар аударылып,оны дұрыстау жұмыстары жүргізіледі. Сабақ барысында баланың тіл мүкісін,қол буындарының қимылын,саусақтарының моторикасын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін қазіргі таңда қолданылатын көптеген дамыту жаттығуларын пайдалануға болады. Солардың бірнешеуін мысалға алатын болсақ:


Артикуляциялық жаттығулар. Артикуляция дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін,тіл қимылдарын,қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу мақсатында әр жаттығу әр түрлі атпен аталады. Мысалы, «Сағат», «Үндік», «Тіс тазалау», «Төбешік», «Саңырауқұлақ», «Қамыр илеу», «Тәтті тосап», «Тоқылдақ», «Ат шауып келеді», «Барабан» жаттығуы.
Мазмұны: Езу тартамыз,аузымызды ашамыз. Анықтап қайта-қайта « Д-д-д-д-д-д» деп айтамыз. Дыбысты айту барысында тіл жоғары тістерге жабысып тұрады. Осы жаттығуларды орындау барысында балалардың сөйлеу тілі қалыптасады.
Тыныс алу жаттығулары баланың тілдік тыныс алуын дамытады. Тыныс алу жаттығуларын тұтықпа балаларға көбірек қолданамыз. Нәтижесінде тыныс алу ритмі қалыпқа келіп,дем алудың көлемі ұлғаяды. Артикуляциялық жаттығу,тыныс алу жаттығуларын ертегі терапиясының көмегі арқылы орындауға болады. Мысалы, «Хайуанаттар бағында» деп аталатын тіл ертегісі былайша орындатылады:
Ертеде тіл болыпты. Бір күні тіл хайуанаттар бағына баруға жолға шығады. Тіл жолда жаяу келе жатып, әбден шаршайды. Тынығып алайын деп тал түбіне отырса, көгалда жайылып жүрген үйір аттарды көреді. Тіл аттардың біреуіне жақын келіп, жалынан ұстап, атқа мініп, хайуанаттар бағына қарай шабады. ("Ат шауып келеді" жаттығуы. Таңдайды тоқылдату). Тіл хайуанаттар бағына жеткен соң, есік алындағы ілулі тұрған айнаға келбетін қарайды. Шашы жалбырап, үсті басы шаң болған екен. Тіл тарағын алып, шашын тарай бастайды. ("Тарақ" жаттығуы. Тілді тіспен тістеп, әрлі - берлі (алға - артқа) қозғалту). Тіл шашын тарап болған соң, хайуанаттар бағына кіреді. Байқап қараса, тоған судың ішінде үлкен, ауызы кең ашылғанан біреу отыр екен. Бұл сусиыр еді. ("Сусиыр" жаттығуы. Ауызды кең ашу, жаттығуды 3 - 4 рет қайталау). Тіл әрі қарай жүре бергенде бақылдаған дауысты естиді. Артына бұрылып қараса, тоған судың шетіне бақаны көреді. ("Бақа" жаттығуы. Үстіңгі және астыңғы тістерімізді қабыстыру). Сусиырды, бақаны тамашалап болған соң, тіл тұмсығы ұзын, өзі үлкен тау тәрізді жануарды көреді. Бұл тұмсығымен денесіне су шашып тұрған піл еді. ("Піл" жаттығуы. Ерінді алға қарай жиыру). Тіл тор ішінде ұзына жатырған түтікшені (шланг) көреді. Бір кезде әлгі түтікше қимылдайды. Бұл ұзын жылан екен. ("Жылан" жаттығуы. Күлімсіреп, ауызды ашып, тілді алға шығарып, кейін жасыру). Жаттығуды 3 - 4 рет қайталау. Хайуанттар бағын аралап жүріп, тіл кештің қалай батқанын білмей қалады. Үйге қайту керек екенін біліп, тіл сағатына қарайды. ("Сағат" жаттығуы. Тілді алға шығарып, оңға - солға қимылдату (сағат тілі тәрізді). Тіл сағатына қарап, үйге қарай бет алады. Тіл үйіне кіріп, есігін жауып алады. Оқушылар бұндай жаттығуларды қызығушылықпен қабылдайды. Бұл ретте мамандар баланың танымын арттыра отырып, сөйлеу тілін түзеуге мол мүмкіндік жасайды. Сол сияқты «Көктем келді», «Бақта», «Тышқанның саяхаты» сияқты тыныс алу жаттығуларын орындатуға болады.(1,2,3,4)

1-суретте, «Тәтті тосап» жаттығуы 2-суретте, «Піл» жаттығуы

3-суретте, тыныс алу жаттығуы 4-суретте, Ұсақ қол моторикасын дамыту жаттығулары
Жалпы тілінде мүкістігі бар балаларға қолдың ұсақ моторикасымен қимыл қозғалыстарын дамыту жұмыстары да маңызды болып табылады.Адамның бас миындағы моторлы орталықтары саусақтың моторлы орталықтарына жақын орналасқан.Сондықтан да ұсақ қол моторикасын дамыта отырып,адамның ішкі ағзасына бас миының жұмыс істеу қабілетіне ықпал етеміз.Ұсақ қол моторикасын дамытуға дәнді дақылдар,пазылдар,мозайкалар,моншақтармен жұмыстар жүргізіледі. Баланың саусақтарының қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы,ол мидың және тілдің жетілуімен тікелей байланысты. Балалардың ақыл-ойын дамыту мақсатында күнделікті саусаққа арналған ойындармен ойнап тұрған жөн. Осы жағдайларды ескере отырып «Су-Джок» терапиясы жүргізіледі.
Су-Джок терапиясы массаж доптармен,жаңғақтармен,қарындаштармен жасалынады.Балаларды өз бетімен саусақтарына массаж жасауға дағдыландыруға болады. Балалар сабаққа қызығушылықпен қатысады,қимыл іс-әрекеттерін қадағалап,берген нұсқауларды мұқият орындауға тырысады. Сонымен қатар арт терапиясы,ойын терапиясы,музыка терапиясы және ертегі терапияларының көмегімен тіл мүкістігі бар балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға ықпал етуге болады.
Қорыта келе,мүмкіндігі шектеулі балалармен түзету жұмыстары неғұрлым ерте басталса,соғұрлым нәтижелі болмақ. Өз уақытында бұл заңдылықты Я.А.Коменский :«Барлық тіршілік иесінің табиғаты сондай,олар икемді болып табылады және нәзік жас кезінде олар тәсілдерді жеңіл қабылдайды,қатайып кеткен соң,оларға қалыптасу қиын болады. Жұмсақ балауызды оларға түрлі пішін беріп сомдауға болады,ал егер қатып қалса,оны сындырып тастау оңайырақ»-деп жазды.[6] Сондықтан бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі балаларға түзете-дамыту жұмыстарын ерте кезеңнен бастаған жөн деп есептейміз. Инклюзивті білім беру- кедергісіз білім беру болғандықтан ерте бастан балаларды бақытты өмір сүруге баулығанымыз дұрыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет