- бала тұлғасының дамуы (дене, әлеуметтік, рухани және ақыл-ойының дамуы) үшін жағымды жағдай жасау; - баланың әлеуметтік бейімделуінде кешенді көмек көрсету; - өмірлік кеңістікте баланы қорғау; - бітіруші түлектердің кәсіби бағдарлануы мен мектептен кейінгі өмірінің бейімделуіне көмек көрсету. Әлеуметтік қызметкер мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына оларды дұрыс дамыту және тәрбиелеу мақсатында төмендегідей ұсыныстар береді:
1.Баланың ерекшелігін дұрыс түсініп, қабылдаңыз.
2.Балаңызға үнемі шыдамдылық пен сүйіспеншілік танытыңыз.
3.Әрқашан өз-өзіңізге сенімді болып, балаңызға ішкі жағымсыз қобалжуларыңызды көрсете бермеңіз.
4.Үй тұрмысына байланысты жұмыстарды балаңызбен бірге атқаруға тырысыңыз.
5.Баланың өз құрдастарымен жиі қарым-қатынаста болуына ықпал жасаңыз. Қоршаған ортамен қарым-қатынасыңызды үзбеңіз.
6.Егер балаңыздан ойыңдағыңыздай нәтиже шықпаса ренжіп,өкінбеңіз. Нәтиже міндетті түрде болады.
7. Балаңызға көмек беретін арнайы мамандармен тығыз байланыста болыңыз.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық түзелуіне, медициналық оңалтуға бала тағдырына жауапты ұстаздар, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер бірлесіп ата-анамен тығыз байланыста жұмыс атқарғанда ғана, олар өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне жол ашылады.
Функционалды-ұйымдастырушылық бағытты іске асыру процесінде әлеуметтік педагог бір жағынан, оқушылар мен мектеп әкімшілігі арасында, екінші жағынан, сабақтан тыс жағдайда әлеуметтік қызметтердің арасында байланыстырушы қызметін атқарады. Сонымен бірге ол мектеп әкімшілігі мен отбасыларға бітіруші түлектердің кәсіби бағдарлануы бойынша көмек көрсетеді. Еңбекке оқыту профилі туралы шешім қабылдамас бұрын мектеп терең әлеуметтік талдау жасап, жұмыс орындарының болуын зерттеуі қажет. Мұндай әлеуметтік талдау әлеуметтік педагог басшылығымен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік педагог мектепте жұмыс жүргізу арқылы балалардың әлеуметтік-эмоционалдық, дене жағдайы, ақыл-ой дамуымен байланысты күрделі мәселелерді шешуге және балалардың сәтті түрде әлеуметтенуіне мүмкіндік бере отырып, оларға жан-жақты қолдау көрсетеді. Әрине, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізу барысында шешімін таппаған мәселелер жеткілікті. Соның алдын алу жолдарын анықтау үшін тәжірибе алмасу жұмыстары жүзеге асырылуы керек.
Егер әлеуметтік педагогикалық үрдісте мүмкіндігі шектеулі балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған ортасын зерттеп, талдай алсақ, онда баланы өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді қатыстыру мүмкіндігі туады. Тек осы жағдайда ғана әлеуметтік педагогикалық үрдісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергілерге қарсы тұра алатын, білімді, мәдениетті, еңбекқор жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкін болар еді. Бұл қасиеттерді бала бойына дарыту үшін мүмкіншілігі шектеулі балалардың психологиясын терең, жетік меңгеру керек.
Әлеуметтік бейімдеудегі, тәрбиелеудегі кемшіліктерді жеңу үшін ата- аналар мен бірігіп арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру қажет және оны неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым әлеуметтік бейімделуде нәтижелі болады.