Әлеуметтік қорғау 4 бағытта қарастырылады:
Тұлғаның дамуы мен қалыптасу процесін әлеуметтік қорғау
Тұлғаның даму мен қалыптасу ортасын әлеуметтік қорғау
Адам құқығын қорғау
Мақсатты әлеуметтік қорғау
Әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері:
Оқушылардың жеке психо-медициналық және педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді.
Баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу, жеке тұлға ретінде дамыту.
Оқушының микроорталығын, өмір сүру жағдайларын зерттейді.
Оқушының қажеттігі мен қызығушылығын байқайды, баланың жеке және әлеуметтік қиыншылығын анықтау және өз құзырлығы бойынша шешу.
Оқушының қиындығы мен проблемаларына, тәртібіндегі ауытқулары кезеңінде тез арада әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді, құқық бұзушылығы бойынша алдын - алу жұмыстарын жүргізеді;
Әлеуметтік –педагогикалық диагностика, әдістемесін анықтайды;
Патронат бойынша тұрғын үй, зейнетақы беру, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланың мүліктік және мүліктік емес құқы бойынша жұмыс жүргізеді;
Сабақтан тыс уақытта оқушының физикалық және дарындылық талантын дамытуға жағдайлар жасайды;
Баланың мемлекетпен, қоғаммен, ұжыммен және әлеуметтік қызметкермен байланысын ұйымдастыру;
Мұғалімдермен, ата-аналар мен немесе оларды ауыстыратын адамдармен бірлесіп, тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды;
Білім беру ұйымдарының білім бағдарламаларын құрастыруға, бекітуге, оны жүзеге асыруға қатысады және өзінің құзіреттілігі бойынша олардың орындалуына жауап береді;
Достарыңызбен бөлісу: |