Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Психогимнастика:
-Балалар, мына суреттегі бейнелерге қарап, қалай дыбыстайтынын көрсетейін.
Өткенді қайталау:
Дыбыстар әлеміне саяхат жасайық.
Жаңа сабақ
-Дыбыстарды дұрыс айту үшін, әдемі сөйлеу, сөз арқылы тіл байлықтарын молайту барысында мынадай артикуляциялық жаттығуларды айтып, қайталап үйренеміз.
«Бақа»
Секіріп қолды бақа,
Алдындағы батпаққа
Біздің жасыл бақа,
Айналды қара даққа.
Сипаттама: тістерді қабыстырып, көрсетіп күлімсіреу. Беске дейін санап осы қалыпты сақтап тұру. Төменгі жақ алға шығып қозғалмауы керек.
«Пілдің тұмсығы»:
Ұқсатып пілдің тұмсығына тілімді,
Жасадым жаттығуды тиімді.
Сипаттама: еріндерді түтікше тәрізді алға қарай созады. Тістерді қабыстырып, осы қалыпты беске дейін санап ұстап тұру қажет.
«Күрекше» Күрекше сатып алдым кеше,
Әкелдім мен бөлеме
Қуанып қалды өзгеше,
Ойнаймын деп көшеде.
Сипаттама: Жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, төменгі ерінге салып 10-15 секунд ұстап тұру керек. Тілді қимылдатпай ұстап тұруын қадағалау.
«Сырнай»: Сырнайдың даусы ғажап неткен,
Даусына оның еш нәрсе жетпеген.
Адамдарды қуантып,
Сырнай ғой билеткен.
Сипаттама: күш салып, еріндерді алға шүртитіп шығару.Тістерді қабыстырып, осы қалыпты сақтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |