Тыңдай білу қабілеттерін арттыру
Көзімізді жұмайық
Бір, екі, үш, төрт, бес-деп
Үндемей отырайық
Дыбыстарды тыңдайық
Музыкалық аспаптар: барабан, керней, сырнай, гитара, домбыра, т.б.
Қойылатын сұрақтар:
-Мынау ненің дауысы?
-Барабан
-Енді, аузымыз арқылы дыбыс берейік?
-пам –пам
-Ал сырнай қалай дыбыс береді екен?
-Кәнеки, бәріміз қайталайықшы?
-Ду -ду -ду
-Рет-ретімен сұрақтар қойылады.
Ойын: «Дыбысталуын ата».
Мақсаты: Балалардың әр заттардың дыбысталуын ажыратып айта білуге үйрету.
Дыбыстарды қайталату
-Балалар, қараңдаршы, мына қорапқа, бұл қорапты ашсақ ішінен әртүрлі дыбыстар шығатын секілді.( Қорапты ашып, суреттерді көрсету.) Мысалы: поезд қалай дыбыстайды? Гу-гу-гу-чук-чук-чук
-Ал мына мысық ше? – мяу-мяу-мяу.
-Күшік тұрып: -ав-ав-ав
Достарыңызбен бөлісу: |