Инклюзивті қолдау арқылы ерекше білім алуды қажет ететін балаларды кедергісіз ортаға кіріктірудің мазмұндық сипаты



бет67/148
Дата07.02.2022
өлшемі16,35 Mb.
#93729
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   148
Байланысты:
Әдістемелік құрал 2019 (1)

Тұтығудың белгілері. Тұтығудың негізгі белгісі сөйлеу процесі кезінде тырысу болып табылады. Тырысу – формасы бойынша (клоникалық, тоникалық, аралас), таралу бойынша (дем алу, дыбыс шығару, артикуляциялық, аралас) және жиілігіне қарай сипатталады. Тоникалық тарауда бұлшық еттердің жиырылып тырысуының салдарынан сөз басында немесе ортасында ұзақ тоқталып қалу байқалады. <<К-іт-ап>>. Клоникалық тырысуда дыбыс немесе буын қайталана береді <<м-м-м-мысық>>.
Тұтығу күшейіп ауыр түріне айнала бастаған кезде ілеспелі жалғас қимылдар байқалады. Ілеспелі жалғас қимылдар – сөйлеу кезінде бетте, мойында, денеде, аяқ-қолда пайда болатын дірілдеп тырысу құбылыстары. Ол қимылдар әр түрлі болып келеді: көз қысу, танауын желпілдету, басын төмен салбырату, шалқайту, саусақтарын қысу, аяқтарын соғу, денесін түрлі қозғалысқа келтіру. Ілеспелі қимылдар ерікті және еріксіз болып екіге бөлінеді. Тұтыққан адам сөйлеуін жеңілдету үшін сөйлеуін еліктей сөздерінен бастайды: (а-а, ну, сосын, сол т.б.).
Тұтығуға тән белгілерінің бірі – сөйлеу алдындағы қорқыныш, үрейлену. Тұтыққан адамда ойын жеткізу үшін қиын сөздерді немесе дыбыстарды айтар кезде үрей пайда болады. Бұл құбылыс логофобия деп аталады.
Тұтығу белгілерінің барлық баяндалған түрлері тұрақсыз, өзгере береді.
Тұтығудың түрі де ауысып отырады: бірде дыбыстар мен буындар қайталана береді, бірде аяқ астынан тоқталып қалады. Ілеспелі қимыл-қозғалыстар да тұрақсыз, біреуі жоғалып кетеді де оның орнына жаңа түрі пайда болады. Тұтығудың жағдайы үнемі ауысып отырады. Мысалы, бір бала бір уақытта қатты тұтығып немесе жақсы сөйлеуі мүмкін. Тұтығатын бала жалғыз өзі ойыншықтармен ойнағанда, жақын адамдармен тұтықпай сөйлеседі. Ал басқа адамдар оған түрліше әсер етеді: жақын адамдармен сөйлескенде, ол өзін еркін сезінеді, сондықтан тұтығу аз болады. Бөтен адамдардың арасындағы әңгімелесуде балаларда дене қимылдары (моторика) бұзылады. Б.И.Шостак тұтығудан балаларда жүріс-тұрысындағы ыңғайсыздық, епсіздікті, қозғалысындағы нашар үйлесімділікті байқаған
Тұтығудың психологиялық белгілеріне балалардың өз кемістігіне назар аударуы жатады. Осыған байланысты тұтықпа балаларды үш топқа бөлуге болады (ақауын ескермейді, көңіл бөлмейді, ұстамдылықпен қарайды, әрдайым ақаулығына көңіл бөледі, ашық қайғырады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет