Инклюзивті қолдау арқылы ерекше білім алуды қажет ететін балаларды кедергісіз ортаға кіріктірудің мазмұндық сипаты



бет65/148
Дата07.02.2022
өлшемі16,35 Mb.
#93729
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   148
Байланысты:
Әдістемелік құрал 2019 (1)

Бекіту:
Ойын: «Қателеспей қайтала».
Шарты: Логопедпен бірге және кейін айтылған дыбысты қайталап айту керек. [ 7]

Тұтығу
Дайындаған: Логопед- мұғалімі
Тортбаева ШакарбануАйдарбековна
Тұтығу – сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тырысу салдарынан, сөйлеудің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы. Ол баланың психологиясын жарақаттайды, дұрыс келе жатқан тәрбие процесін тоқтатады, сөйлеу қатынасына кедергі жасайды, айналасымен әсіресе балалар арасындағы қарым-қатынасын қиындатады.
Тұтығуда сөздің еріксіз тоқталуы, сонымен қатар жеке дыбыстар мен буындарды қайталауға әкеп соғатын жағдайлар пайда болады.
Бұлар сөйлеу мүшелерінің (ерін, тіл, таңдай, жұтқыншақ, көкірек еттері, дифграма, ішкі еттер) бұлшық еттерінің дірілдеп тырысу салдарынан болады.
Тұтығудың пайда болу себептеру. Этиологиялық белгілері бойынша тұтығу екіге бөлінеді.
1.Функционалды тұтығу жиі кездеседі. Ол 2-ден 5 жасқа дейін балаларда сөз тіркесінің байланыстырып сөйлеуі қалыптасу кезінде пайда болады. Көбіне ашуланшақ, күйгелек балаларда кездеседі. Тұтығудың бұл түрі орталық перифириялық (шеткі) нерв системасындағы сөйлеу механизмінің органикалық зақымдануы болса да пайда болады. Ал органикалық тұтығу орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануынан (жарақаттану, нейроинфекция т.б.) болады. Бұл жастағы балаларда кездесуі мүмкін.
Функционалды тұтығудың себептері түрліше болады. Көп тараған себептерінің бірі олар үшін әлі келмейтін сөйлеу жүктемесі (қиын сөздермен түсініксіз сөздерді қайталау, көлемі үлкен, мазмұны ауыр өлеңдер, баланың жасы мен дамуына сәйкес келмейтін әңгімелер мен ережелерді есте сақтау) болып табылады.
Мұндай жағдайда баланың жүйке жүйесіне шамадан тыс салмақ түсіру және сөздердің қиындықпен айтылуы қосылып сөйлеуінің тосынан тоқталуына немесе дыбыстар мен буындарды қайталуына әкеп соғады. Одан балаларда әрқашан солай болуы керек деген сенімділік пайда болады. Сөйлеу тез және тосыннан болғандықтан да тұтығу болуы мүмкін: бала өз ойын тез жекізуге асығады, сөйтіп кейбір дыбыстарды кідіріп қалады да, тұтығу басталады.
Жалпы сөйлеу тілі толық жетілмеген балаларға ойын айту үшін грамматикалық сөз тіркестері мен элементарлы сөздік қорының жетіспеушілігінен тұтығу жиі болады.
Бала тәрбиесіндегі бұрыс жағдайлар, баласын қатал жазалау, қорқыту да тұтығуға душар етеді. Еліктеушілікке байланысты да тұтығу жиі пайда болады. Бірақ аталған себептер барлық балаларды барлық жағдайда тұтығуды болдыра бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет