Инклюзивті қолдау арқылы ерекше білім алуды қажет ететін балаларды кедергісіз ортаға кіріктірудің мазмұндық сипаты



бет89/148
Дата07.02.2022
өлшемі16,35 Mb.
#93729
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   148
Байланысты:
Әдістемелік құрал 2019 (1)

2. Теориялық кезең:
Зерттеу тақырыбы бойынша әр түрлі ғылыми әдебиеттерді оқу және талдау, түрлі ақпарат құралдарын пайдалана отырып қажетті деректерді жинақтау
3. Практикалық кезең:
Ермексаздан керекті мүсіндер жасау, түрлі – түсті бояуларды орынды пайдалану. Қатты қағаздарды (пвх), моншақтарды құрастыру арқылы қала макетін жасау, қажетті бейнелер, ғимараттарды, мүсіндерді қала аумағына орналастыру.
4. Қорытынды кезең:
Жасалған жобаға қорытынды мен ұсыныстар дайындау, ғылыми жобаны қорғау 4- инклюзивті кіріктірілген сынып оқушысы Мұхамедияр Бексұлтанның қиялынан туындаған «Сол жағалауда орналасатын аула келбеті» жобаның бірінші кезеңі ретінде жасалды ( Қатты картон қағаздардан ғимараттар, ермексаздан спорт алаңы жасалған)

Бексұлтан өзінің ойындағы сол жағалаудағы қала жобасының екінші кезеңін бастады. ( Ермексаздан қала аймағына орналастыруға болатын тарихи ескерткіштер мен қыран бүркіт, көш- керуен, жасыл желек т.б мүсіндерді жасап, жер, дария келбетін түрлі- түсті бояулар арқылы бейнеледі.

Сол жағалаудағы қала келбетін жасауда жетекшілері 10- сынып оқушысы Р.Жұмамұрат және психолог маман С.Имашевамен ақылдасқан Бексұлтан қатты қағаз заттарды(пвх) пайдалану арқылы ғимараттар жасап, мүсіндерін орналастыра бастады. Дайын болған қала бөлігіне өз қаласын күндіз- түні қорғап тұрады деген ұғыммен қыран бүркіттерін ескерткіш тақталарға орналастырды. Сонымен бірге Қорқыт ата, Асан қайғы монументтерін, дария үстіне салынатын жаңа көпір бейнесін жасап шықты.



Бексұлтан жетекшілерімен бірігіп өзінің ой- қиялының соңғы кезеңін жасады. Заманауи әдістерді қолданып, үш тілде атаулар қойып, сол жағалауда орналасатын ақылды қаланың жобасын ұсынды. Бұл қалада орналасқан барлық ғимараттар мен мүсіндер өткеніміз бен жаңамызды тоғыстыра алатыны көрініп тұр. (Бұл ретте оқушы алғашқы екі кезеңде жасаған туындыларын соңғы кезеңде жасаған қала келбетіне жинақтап орналастырған)


Қ аланы құрастыру сәттерінен көрініс
Бексұлтан өз арман- қиялын жүзеге асыру үстінде



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет