Инклюзивті қолдау арқылы ерекше білім алуды қажет ететін балаларды кедергісіз ортаға кіріктірудің мазмұндық сипаты


Ұсақ моториканы дамыту маңыздылығы



бет85/148
Дата07.02.2022
өлшемі16,35 Mb.
#93729
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   148
Байланысты:
Әдістемелік құрал 2019 (1)

Ұсақ моториканы дамыту маңыздылығы
Инклюзивті сыныптың
педагог-психологі Имашева С

Еліміздегі кез келген мектепалды тәрбиелеу мен оқыту мекемелерінің негізгі мақсаты-баланы мектепке даярлау. Өкінішке орай, көп ата-аналар арасында балаларының мектепке баруы үшін оқып, санай білуі ғана міндетті деген қате ой қалыптасқан. Шындығында, бұл жайт балада жақсы үлгерім көрсеткіші болады деген сөз емес. Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап оқып, жаза білетін баланың үлгерімі күрт нашарлаған да кездері де кездеседі. Себебі, бала логикалық ойлауын дамытуға арналған тапсырмаларды орындауға қиналады, сабақты зейін қойып тыңдамайды, өз ойын жеткізе алмай қиналады, мұғалімді назар салып тыңдай алмайды. Бұл дегеніміз – балада есте сақтау, зейін, ойлау қабілетінің жеткілікті дамымағанының белгісі.


Балалардың заман талабына сай жан жақты дамып-жетілуіне арналған түрлі кітап беттерінен «ұсақ моторика» деген терминді жиі кездестіріп қана қоймай, ол жайында азды-көпті естіп те жүрген ата-аналар бар екендігін айта аламыз. Баланы мектепке дайындау барысында қолдың ұсақ моторикасы мен қол саусақтарының қимылына аса мән берген жөн. Сонда осы ұсақ моторика дегеніміз не? Бұл алақан, қол мен аяқ саусақтарының ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысы. Ұсақ моторика сәби кезден-ақ дамиды екен. Алғашында сәби затты бүкіл алақанымен ұстаса, келе-келе екі саусағымен ұстап үйренеді. Әрі қарай бала қолына қасықты дұрыс ұстауды игерсе, келесі даму сатысында қалам ұстауға икемделеді. Ұсақ моторика, көру, есе сақтау, зейін, қабылдаумен тығыз байланыста. Баланың саусақ қимылы қаншалықты жақсы дамыған болса, жүйке жүйесі де қарқынды дамымақ. Бала қолының қозғалысы қаншалықты епті болса, соншалықты ойлауы, сөйлеуі жақсы дамиды.
Ерте кезден-ақ халқымыз өлең жолдарын айта отырып жасалатын саусақ жаттығуларының да бала дамуына өте қажет екенін білген. Мәселен, ауыз әдебиетінде кездесетін «Қуыр, қуыр, қуырмаш», «Санамақ», «Қасқыр келсе, қорқасың ба?» саусақ ойындарын атауға болады.
Мына саусақ ұйықтағысы келіп тұр,
Мына саусақ төсекке секіріп жатты.
Мына саусақ мызғып алды,
Мына саусақ ұйықтап қалды.
Тыныш, саусақ, шулама,
Бауырларыңды оятып алма.
Қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамытуға қыз балалар ойнайтын «Қақпатас» , «Бестас» , ұл балалар ойнайтын асық ойындарының да дамытушылық әсері мол болған. Кез-келген ойынның баланың жетілуіне ой-санасының дамуына қосар үлесі бар. «Бестас» ойынының баланың дамуы үшін пайдасы зор. Ол қол бұлшық еттерін ширатып,дамытып қана қоймай ептілікке,қырағылыққа,тез шешім қабылдауға,санауға,топтауға үйретеді.Сонымен қатар көздің көруін жақсартып,көз жанарын жетілдіреді.Ойын баланы тыныштандырып,сабырлыққа үйрететін қасиетке ие.Жастайынан асық иіріп ойнап өскен баладан шапшаң көкпаршы жігіттер, ал қыздардан он саусағынан өнер тамған кестеші, кілем, алаша тоқушылар өсіп шықты емес пе?
Қазіргі таңда маңыздылығын ғалымдар дәлелдеп берген қолдың ұсақ моторикасының бала дамуына тигізер әсеріне тоқтап кетсек:

  • Саусақ бұлшықеттеріне жаттығу жасау арқылы қолын жазуға дайындау;

  • Баланың сөйлеу тіліне де зор үлес қосады, қимыл арқылы берілгендіктен бала өлең жолдарын қиындықсыз түсінік, тез жаттап алады; айтылуы қиын дыбыстарды ойын арқылы дұрыс айтуға машықтанады;

  • Есте сақтау қабілеті артады;

  • Ер кейіпкердің рөлін сомдау арқылы даусын құбылтып, еркін сөйлеуге үйренеді;

  • Ой өрісі кеңиді;

  • Саусақтарын бүге отырып, дұрыс санауға дағдыланады;

  • Зат атауын есту арқылы елестетеді, яғни, есту қабілетін арттыруға өз үлесін қосады;

  • Назар қойып, зейін аударуға жағдай жасайды.

Ғалымдар мен педагогтар бала саусағын жаттықтыруды ерте жастан бастауға кеңес береді.Бұл кезенде саусақтарын уқалау,алақанын үздіксіз ашып-жұмғызу жаттығуларын жасатқан дұрыс.Жаттығу жасауды оңай түрлерінен бастап бала өскен сайын күрделендіру ұсынылады.Жаттығу балаға күш түсірмейтіндей,қиындықсыз жасалатындай болу керек. Тек саусақ жаттығуларымен ғана шектелмей, ата-аналар күнделікті тұрмыста да жаттықтыра алады.Ол үшін төмендегі қарапайым тапсырмаларды орындау ұсынылады.
-аяқ-киімінің бауын байлау,түйме қадау,т.б;
-үй шаруашылығына көмектесу:шаң сүрту т.б.
-күріштің арасынан күрмекті тауып, алып тастау;
-жер жаңғақты аршу;
-суға піскен,суыған картопты аршыту;
Саусақ жаттығуларын қалыпты дамып келе жатқан балаларға да,дамуында ауытқушылығы бар балаларға да жасатуға болады.
Жаны мен тәні сау ұрпақ тәрбиелеу-бүгінгі таңның басты мақсаттарының бірі болғандықтан,әрбір ата-ана,мұғалім,т.б қоғамның мүшелерінің жауапкершілігіне жүктеледі.Сондықтан барша қоғам болып келешек ұрпағымызды тән мен жан күйзелісіне ұшыратпай өмір сүруіне ықпал етейік.

Ерекше білім алуды қажет ететін оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, ерте жастан белгілі бір кәсіпке тәрбиелеудің маңызы зор. Сондықтан да ерекше білім алушылардың арнайы мамандармен бірігіп жүргізген зерттеу жоба жұмыстарынан үлгі ұсынамыз:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет