Инклюзивті қолдау арқылы ерекше білім алуды қажет ететін балаларды кедергісіз ортаға кіріктірудің мазмұндық сипаты



бет84/148
Дата07.02.2022
өлшемі16,35 Mb.
#93729
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   148
Байланысты:
Әдістемелік құрал 2019 (1)

Құм терапиясы
Инклюзивті сыныптың
педагог-психологі Имашева С

Мақсаты : Көңіл-күйді бағалау.Жан-нақты психикалық процестерді дамыту,қабылдау ,есте сақтау,көңіл аудару,елестету,кенестік бағдарды үйрету және қолдың ұсақ моторикасын дамыту.Шығармашылығын дамыту,жүйке жүйесін тыныштандыру,өзіне деген сенімін арттыру.


Әдісі: әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап,музыка,арт терапия.
Құралдар:үстел ваннасы(құм,тұз),моншақтар,қима қағаздар,дәнді дақылдар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. «Күнбағыс» көңіл-күй диагностикасы
Жұмбақ
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.(күн)
-Күн деген сөзді естігенде ойыңа не келеді ?
-Көз алдыңа не елестейді ?
-Нені сезесің ?( күнбағыстың күлтелеріне күнге байланысты сөздер жазып шығу)
-Бүгін бізге қонаққа бүкіл әлемге жарық , жылу беретін күн келу керек еді.Бірақ , күніміз қиын бір жағдайға ұшырап қалған сияқты ғой. Жарық, жылу,беретін күнімізге көмектесеміз бе? Қанеки,аспанға қарайықшы.Күнді көріп тұрсың ба? Бұлттар күнді бізге жібермей тұр.Күнді құтқару үшін бірге сиқырлы сөздерді айтайық.
Көк аспанда күн күлсін,
Бірге күлсін балалар.
Көк аспанда күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын.
-Сиқырлы сөздер арқылы күнді бұлттан құтқардық.Күнге қарайықшы.Күн күлімсіреп тұр.
Күннен шығатын жарық пен жылусыз жер бетінде тіршілік атаулы болмас еді.Күн сәулесі түспеген жерде өсімдік те өспейді.Ал қане жылу шашып көрелік. Жер беті, адамзат түгел құлпырып, жанарланып тұр .Ол күн сәулелерінің арқасында.Осы ойымыздағы құлпырып тұрған әсем табиғатты құмның көмегімен бейнелейік.



ІІІ.Негізгі бөлім:
-Жұмысымызды бастамас бұрын, «Құм»қысқаша мәлімет айтып өтейін. Құм- нағыз кең тараған пайдалы қазба.Құм –сусымалы зат.Құмды бір орыннан екінші орынға сусытып себуге болады. Адам құрылысқа сазбен бірге құмды да пайдаланады.Құм қосылған саздан кірпіштер және сан алуан түрлі ыдыстар жасалады.Құм жол құрылысына жұмсалады,оны цементке қосып,дайындалған лай ерітіндісін үй салған кезде кірпіштері ұстастырады.Құм маңызды пайдалы қазба.
-Жұмысымызды бастамас бұрын,құммен жұмыс кезіндегі ережелер тәртібін еске алайық.
(құмды шашуға ,лақтыруға ,бақа жерге тасуға т.б
Ал енді құммен амандасамыз ,алақанымызбен құмды жылытамыз.
Музыка айналады.Музыка әуенімен жұмыс жасалады.Ойымыздағы құлпырып тұрған әсем табиғатты құмның көмегімен бейнелейік.
ІV.Қорытынды :
Күлімде күн,күлімде!
Жер жасарып көгерсін!
Кешегідей бүгінде ,
Қанат қақсын көгершін!
Күлімдей бер,мәңгіге!
-«Күн,сәуле шашқаның ,жылу,жарық бергенің үшін рахмет»,-деп суретімізді тамашалауға шақырамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет